№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

№85 (8796) 25

25 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » «Мереке екен деп шыршаны қырқу ата дәстүрімізде болмаған» - сенатор

«Мереке екен деп шыршаны қырқу ата дәстүрімізде болмаған» - сенатор


 Сенатор Ақылбек Күрішбаев жаңа жыл қарсаңында шыршаның аяусыз қырқылуына алаңдайтынын жеткізді. Сенатор осы мәселе бойынша Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады.

«Бұл сауалымызға, жаңа жыл мерекесі қарсаңында көптеген сауда алаңдарында таудай үйілген жасыл шыршалардың сатылуы негіз болып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі фитосанитарлық қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Ресейден алып келіп, ресми тіркелген шыршалардың саны 78 мыңды құрайды екен. Ал Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің берген ақпаратында – 106 мың дана. Осыдан орынды сұрақ туындайды: «импорттық өнім» деп ақпараттандырып, заңсыз кесілген өзіміздің шыршалар сатылып жатқан жоқ па?», — дейді ол.
Оның айтуынша, кең байтақ Қазақстанның жерін көгалдандыру, жасыл желекпен қамту әрбір қазақстандықтың міндеті деп айтуға болады. Бірақ бірнеше күндік қызыққа бола, ормандарымызға зиян келтіріп, өсіп тұрған ағаштарды қырқу ата дәстүрімізде болмаған.
«Бір ағашты кесу арқылы біз жылына 100-ден 700 кг-ға дейін (оның түріне байланысты) оттегін жоғалтамыз, орманның 1 гектары 10 тоннадан астам көмір қышқылын жинап отырады. Осы факторды ескерсек, бүкіл әлемдегі ормандар экономиканы декарбонизациялауға айтарлықтай үлес қосып, жасыл технологиялардың дамуына ықпал етеді. Сондықтан, мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың биологиялық әртүрлілікті сақтау мен ұтымды пайдаланудың ұзақ мерзімді жоспарын бекіту және бес жыл ішінде орман қорында 2 миллиардтан астам және елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызу туралы тапсырмасы – бүгінгі уақыттың талабы», — дейді Ақылбек Күрішбаев.
31 желтоқсан 2021 ж. 253 0