«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Елімізде айлық табысы ең жоғары 10 мамандық

Елімізде айлық табысы ең жоғары 10 мамандық


Көш басында жоғары менеджмент, ал соңында мемлекеттік қызметкерлер тұр деп хабарлайды KTK арнасы. Жоғары мененджмент саласында жұмыс істейтіндерге орташа есеппен алғанда 410 мың теңге жалақы төленеді екен.

Ал құрылысшы, жылжымайтын мүлік, ақпараттық технологиялар сынды салаларда қызмет ететіндер шамамен 290 мың теңге көлемінде айлық алатын болып шықты. Ал кеңесші және шикізат өндірушілердің еңбекақысы одан сәл төменірек болса, заңгерлер мен мемлекеттік қызметкерлер және коммерциялық ұйым жұмысшыларының одан да аз алатыны белгілі болып отыр. Оларға айына 216 мың теңге шамасында жалақы төленеді. Бұл рейтинг вакансия ұсынатын сайт мәліметі бойынша жасалғандықтан, тізімге дәрігерлер мен мұғалімдер кірмеген. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР «Адам өмірі – басты құндылық»: «Қазақмыс» мамандары қауіпсіздікті қамтамасыз ететін өнертабыстар ұсынды Дереккөз: КТК арнасы Еске сала кетейік, бұған дейін білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағынышты жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы 2021 жылдың қыркүйегінен бастап артатынын жазған едік. Енді олар ай сайын кемінде 200 мың теңге алатын болады. Бұл шешім мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ЖОО оқытушыларының жалақысын арттыру туралы тапсырмасын орындау аясында қабылданды. Сонымен қатар, Қазақстандағы орташа айлық жалақы 250 мың теңгеден асты. Орташа жалақыны есептеу кезінде аз жалақы төленетін аймақтарда жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі жоқ жұмысшылардың табысы да, жоғары лауазым иелерінің жалақысы да ескеріледі.
18 тамыз 2021 ж. 385 0