№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Еліміздің 2020 жылғы нақтыланған бюджеті таныстырылды

Еліміздің 2020 жылғы нақтыланған бюджеті таныстырылды

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткізілген Үкіметтің кезекті отырысында Ұлттық экономика министрі Р.Дәленов 2020 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджет параметрлері болжамын нақтылау, сондай-ақ «Ұлттық қордан 2020-2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңына өзгеріс енгізу туралы» Президент Жарлығының жобасын таныстырды.
Еліміздің 2020 жылғы нақтыланған бюджеті таныстырылды
  Ұлттық экономика министрі атап өткендей, болжамды нақтылаудағы негізгі фактор – тұрақсыз сыртқы экономикалық жағдай, байқалып отырған жаһандық рецессия және коронавирустың таралмауы бойынша қорғану шаралары аясында іскерлік белсенділіктің баяулауы.


 Руслан Дәленовтің айтуынша, жыл басынан бері мұнай бағасы 65,7%-ке, металдар 15,6%-ке, әлемдік биржалық индекс орташа есеппен 20,9%-ке төмендеді. 1 сәуірдегі жағдай бойынша мұнай бағасы бір баррельге 22 долларға дейін төмендеді.

  Осыны есепке алғанда, биылғы сәуір-желтоқсандағы мұнайдың орташа бағасы бір барреліне 20 доллар деңгейінде анықталды. Доллардың есептік бағамы 440 теңге деңгейінде және жылдық инфляция 9-11% аралығында есепке алынды.

  Бағаның төмендеуі аясында мұнай өндіру бойынша болжам 86 млн тоннаға дейін 4 млн тоннаға азайтылды. Бұл тау-кен өнеркәсібі өндірісінің төмендеуіне әкеледі. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, құрылыста және көрсетілетін қызметтер секторында, оның ішінде саудада бұған дейін мақұлданған өсу қарқындарымен салыстырғанда төмендеу күтілуде.

  Экспорт 16,3 млрд долларға төмендеп, 35,1 млрд долларды құрайды. Импорт 7,5 млрд долларға төмендеп, 26,6 млрд долларды құрайды. Жоғарыда аталған факторларды ескере отырып, ЖІӨ-нің 0,9%-ке төмендеуі күтілуде. Номиналды жалпы ішкі өнім 69,7 трлн теңге көлемінде бағалануда, бұл мақұлданған болжамнан 4,8 трлн теңгеге төмен. Республикалық бюджеттің кірістері трансферттерді есепке алмағанда 2020 жылы 6 414,1 млрд теңге көлемінде бағалануда, бұл бекітілген жоспарға қарағанда 1 672,3 млрд теңгеге аз. Негізгі төмендеу ҚҚС, шикі мұнайға экспорттық кеден бажы және табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер бойынша күтілуде.

  Бюджет кірістерінің күтілетін тапшылығын жабу және дағдарысқа қарсы шаралар кешенін қаржыландыру үшін 2020 жылы Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті 2 070 млрд. теңгеге, яғни 4 770 млрд. теңгеге дейін ұлғайту ұсынылады. Жалпы, республикалық бюджеттің шығыстарын бекітілген көлемге қарағанда 14 270,7 млрд теңгеге ұлғайта отырып, 1 356,4 млрд теңге көлемінде болжанады.

24.kz
02 сәуір 2020 ж. 349 0