» » "Найман" келесі жекпе-жегінің өтетін күні мен орнын атады

"Найман" келесі жекпе-жегінің өтетін күні мен орнын атады

 Аралас жекпе-жек бойынша өнер көрсететін қазақстандық файтер (ММА) Қуат "Найман" Хамитов келесі жекпе-жектің өтетін күні мен орнын атады, - zhanaqorgan-tynysy.kz деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 
© instagram.com/kuat__khamitov

 Хамитов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында 27 желтоқсанда Мәскеудегі Fight Nights Global турнирінде жұдырықтасатынын жазған. Оның қарсыласы кім екені әлі белгісіз.
 
  Естеріңізге салсақ, Хамитовтың соңғы жекпе-жегі 2017 жылдың қарашасында Алматыдағы Fight Nights 80 турнирінің негізгі шайқасында өткен. Ол төрешілердің басым көпшілігінің дауысымен ирландиялық Питер Куиллиді жеңді, бірақ кейінірек ММА федерациясы нәтижені тең қылып өзгертті.

05 желтоқсан 2018 ж. 647 0