№28 (8842) 19

19 сәуір 2025 ж.

№27 (8841) 15

15 сәуір 2025 ж.

№26 (8840) 12

12 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде Қызылорда қаласының тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз етудегі, туризм саласына бюджеттен бөлінген қаражаттың жоспарлануы мен игерілуіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері талқыланды.
Комиссия отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов, Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев баяндама жасады.
Аталған мәселелер бойынша облыс әкімі жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма берді.
«Тұрғын үй кезегі мен оны алғандар тізімін заң талаптарына сәйкес жыл сайын жариялап, үйді бөлу ашық жүргізілсін. Жетім балаларға бөлінетін кемінде 20%-дық үлес қатаң сақталуы керек. Тұрғын үй алаяқтығының алдын алу үшін түсіндіру жұмыстары күшейтіліп, заң бұзғандарға қатаң шара қолданылатын болады. Сыртқы талдау барысында анықталған заң бұзушылықтарды жоюда нақты шаралар қабылдануы тиіс. Туризм бағытындағы нысандарды қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге қатысты тиісті ұсыныстар әзірлеңіздер», – деді Н.Нәлібаев.

07 наурыз 2025 ж. 536 0