№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » 24 МАУСЫМДА ТУЫЛҒАН ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАР

24 МАУСЫМДА ТУЫЛҒАН ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАР

24 маусым күні туылған тұлғалар намысшыл, ұлтшыл, мінезі ашық келеді екен. Иә, бұл күні әлем және қазақ тарихында кімдер дүние есігін ашты? Біз соны зерделеп көрген болатынбыз.
Алдымен, өзімізден бастайық. 24 маусым 1940 жылы әдебиеттанушы, фольклоршы, Қазақстанның қоғам қайраткері Сейіт Қасқабасов және жазушы, драматург Ораз Исмаилов өмірге келген.
Ал, 1900 жылы кеңестік цирк әртісі Михаил Запашный, 1908 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актрисасы, әнші Марина Ладынина дүниеге келдген. 1967 жылы музыкант, Rammstein тобының жетекші гитарисі, Emigrate тобын құрушы және әншісі Рихард Круспе де осы тізімде.
Бәрінен бұрын әлем футболының жарық жұлдызы, «Барселона» және Аргентина құрамасының ойыншысы Лионель Месси туылғаны көптің есінде. Иә, бес дүркін "Алтын Доп" иегері, алты дүркін "Алтын Бутса" иегері, төрт дүркін Чемпиондар Лигасының жеңімпазы, 10 дүркін Испания Чемпионы, миллиондаған адамның үлгі тұтатын дара тұлғасы, сүйікті әке, футбол аңызы Лео Месси 32 жасқа толды. 
Бүгін сондай-ақ – Түрлі-түсті әйнек күні. Түрлі-түсті әйнек арқылы бүгінде бүкіл әлемді түрлендіруге болады. Қандай түсті әйнектен қарау керектігі еш маңызды емес. Кемпірқосақтың барлық түсі адамдарға тамаша көңіл-күй сыйлайды, ал түрлі-түсті әйнектен көргенің зор қуанышқа бөлейді. Егер сіздің жүрегіңізде өткен оқиғалардан уайым-қайғы қалса немее өз үйіңізге деген сағыныш болса, әйнек арқылы сіз мұңды көресіз. Барлығы эмоцияңызға байланысты. Түрлі-түсті әйнек біздің айналамыздағы әлемді мүлдем басқаша ете алады...
24 маусым 2019 ж. 592 0