Ажырасу: ҰЛТҚА ТӨНГЕН ҚАУІП
Халқымыздың тума болмысында ұлға тәлімді тәрбие беріп, қызға қылықты мінез дарытып, адам болудың терең гуманистік үлгілеріқалыптаспап па еді? Қазір жүрістен жаңылып, отбасылық құндылықтарды әлсіретіп алғандаймыз. Оған Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында отбасы мәселесіне арнайы толғанғаны дәлел.
Расында, жетімін жылатпаған жоралғы жайына қалып, балалар үйіне қаракөздерімізді тоғытудамыз. Ол аздай, ата-анасы бола тұра жетімнің күйін кешіп жүргендер көбейді. Оған әртүрлі себеп бар. Ең негізгісі – ажырасу. Тіпті, ажырасу дағдылы құбылысқа айналғаны шындық.
Сондықтан, «Көзқарас» пікір сайыс алаңында ұлтқа төнген қауіп жайында талқылап, қоғамға ой тастауды ниет еттік.
Мәжит БАЛҚОЖАЕВ, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
– «Отбасы ала болса, кереге сайын пәле бар». Отбасының әрбір мүшесінің отбасының нығаюына, өркендеп, өнуіне ықпалы зор. Үлкендер дастархан басында пәтуәлі әңгіме өрбітіп, ғибратты сөз айтса жастар содан үлкен тәлім алады. Байыптап қарасақ, үлкені өнегелі болса, кішісі елге сыйлы болады. Отбасының ойрандалуына не келінді не жігітті кінәлау ағаттық. Екі жақтың ата-анасына сын болған соң, үлкендер басу айтып, ауыртпалығын тең көруі тиіс.
«Отбасының жанжалы – қана ішпеген шайдан туады» дейді дана халық. Бұл әйел азаматтың ерінің алдында аса мейірімділікпен ас әзірлеп, көңілін жәй етуді меңзейді. Ер азаматтар қарны ашса, ашушаң келетінін ғалымдар дәлелдеді. Мұндайда қазақ ханымдары ас арқылы ерінің көңілін тапқан. Бұл нәзік қарым-қатынасты күшейтіп, тәтті сезім сыйлайды.
Дегенмен, отбасында әйелдер мұндай құндылықты сақтай алмай отыр. Себебі, сегіз сағаттық жұмысы мен қоғамдық қызметтері ерін күтуге мұрша бермейді. Содан соң, ер мұндай жылулықты өзгелерден іздеп кетуі әбден мүмкін. Жас маман, әрі жас ана атанған қыз-келіншектерге айтарым, ең бастысы қызмет емес, ең басты байлық отбасы екенін ұғынса екен.
Жалпы, әлеуметтік желі арқылы бірін-бірі жіті танып білмей табысқандар бақыты көпке созылмай ажырасып жатқандар жайлы жиі айтылып жүр. Меніңше, көрегенді отбасынан қыз алсаң, көсегең көгереді. Ал, әулеті қандай, елі қандай екені белгісіз қыз қалай отбасыңды бақытқа кенелтпек? Сондықтан жастарға желідегі «жалған бейнеге» алданып, жастық ғұмырын текке өткізбеуге кеңес берер едім.
Бибайым НӘЛІБАЕВА, аудандық соттың іс жүргізу бөлімінің басшысы:
– Ауданда ажырасу деңгейі жоғары. Яғни сот процесіндегі ең үлкен коэффициент ажырасу көрсеткіші. Жыл басынан бері 96 іс некені бұзу туралы түсті. Оның 52 ажырасып, қалғаны сотта қаралуда. Өтініш иелерінің 55-і алимент өндіру туралы мәселесімен келді. Жастардың көбісі некеге тұрмай біраз уақыт бойы бірге өмір сүріп, кейін ажырасып кетіп жатады. Осындай отбасы мүшелері дүние-мүлік дауымен шағымданып жатады. Мұндай жағдай біздің ауданда өте көп кездеседі.
Мәселен, қыздың жасауын қайтармау, бір-біріне сыйға тартқан алтын бұйымдар, бағалы заттар сотта жиі қаралады. Мұндай дауларды шешу әрине оңай шаруа емес. Ұзақ іс тергеліп, қайта-қайта қаралып, сот уақыты созылып кетуі мүмкін. Сондықтан жас отбасыларына ең алдымен некеге тұру керектігін түсіндіргім келеді. Ол біріншіден заңды жұбайлық өмір кешкеніңізді айғақтайды. Екіншіден, заң бойынша қорғауға мүмкіндік мол. Десе де, әр отбасының ажырасу себебі әрқилы. Біріне дүние, біріне бала, біріне мінез, біріне жарасымдылық жетіспей жатады. Осындайда, болмашы нәрсені сылтау етіп, ажырасуға бел буған жерлестердің қылығын азаматтық тұрғыда қолдамаймын.
Меніңше, отбасы беріктігі – әйел азаматында. Басқа түскен ауыртпалықты, отбасына келген қиындықты нәзік болмысымен, күш-қайратымен, сабырлығы және шыдамдылығымен жеңсе, бақыттың өзі басыңа қонатыны сөзсіз. Осы сәтте, жас аналарға, әпке, сіңілілерге жүректе махаббат маздауы үшін, отбасы түтіні түзу ұшуы үшін инабаттылық қажет екенін айтқым келеді.
Гүлнар АБДУЛЛАЕВА, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің меңгерушісі:
– Неке киелі ұғым. Бүгінде осы киелі ұғымның мәнін терең түсіне бермейтін болдық. Жастар некенің қасиетіне, жардың міндетіне, отбасының жауапкершілігіне бей-жай қарайтыны алаңдатады. Біздің бөлімде өкінішке орай әлі бір жылға толмаған немесе бала сүйіп үлгермеген жандар жиі ажырасуға келеді. Ойланып қарасаңыз, екеуінің арасында болмашы кикілжің тұрады. Біз мұндайда көбіне ойлануға мерзім береміз. Татуласса қайта келмейді. Ал, қайта-қайта келіп жүрген жұпты, ережеге сай ажыратуға тура келеді.
Биыл алты айдың ішінде 375 неке тіркелсе, 62 неке бұзылды. Айта кететіні, ажырасу куәлігін алу азаматтардың өз еркіндегі дүние болғандықтан, көбі куәлік ала бермейді. Осыдан жылына нақты ажырасқан азаматтардың санын көрсете алмаймыз.
Біз ажыраспауға кеңес бере алмаймыз. Мұндай құзірет болмаса да, кейбір жастардың отбасын білгендіктен екеуінің қайта табысып кеткенін қалаймыз. Көбіне әйел азаматтарға өз әпкелік һәм аналық кеңесімді айтып, сабырлыққа шақырамын. Кейбірі көндігеді, кейбірі мүлде құлақ аспайды. Ақылыңды тыңдамағандарға не істерсің? Жуырда 5 жыл бұрын ажырасып кеткен жұп қайта некесін қиюға келді. Есіктен имене кірген қыз сәл қызарып, «кезінде сізді тыңдамағаным бекер болды» деп, бір-бірі үшін жаралған жандар екенін айтты. Осындай ара-тұра жұптар қайта қосылып та тұрады.
Анарбек БАЙМҰРАТОВ, медиатор:
– Біздің Татуласу орталығында 6 медиатор қызмет атқаруда. Олар кәсіби маман, талай жылдық еңбек өтілі бар. Бізде де ажырасуға байланысты істер көптеп қаралады. Біздің орталық қызметіне жүгінгендердің 80-85 пайызы қайта табысып жатады. Соның өзінде жүзден аса неке сотқа жіберіледі.
Биыл жыл басынан бері татуласу орталығында 380 іс қаралса, оның 60 пайызы неке бұзуға байланысты болды. Негізінен отбасында кикілжің туындауына үшінші тараптың әсері мол екенін іс жүзінде көп кезіктірдім. Мәселен, кеше ғана бір отбасы орталыққа келіп, менің қабылдауымда болды. Екеуінің арасында бала да, дүние де бар. Дегенмен, келін мен ене жарасым таппаған жағдайлар көп орын алып жатады. Яғни, дау күйеуімен емес, енесімен болып тұр. Жас жұп ажырасқысы келмесе де, енесі олардың бірге тұруына қарсы.
Бұдан отбасында ер азаматтың ұсақталып бара жатқанын аңғарасыз. Егер ер азамат өз отбасында тиісті рөлін атқармаса, отбасында татулық туы құлайды. Берік қамалы бар отбасын мықты ерлер ғана тұрғыза алады. Қазіргі кейбір енелердің психологиясында «мен кезінде қиындықты көп көрдім, келінім де көрсін» деген жағымсыз әсер бар. Мұндай енелермен психологтар жұмыс жасап, отбасын сақтауға бағыт-бағдар берілсе игі.
Ерубай ҚАЛДЫБЕК, журналист:
– «Жеті жарғы» бойынша ер мен әйел ажырасқан жағдайда бала әкесінің қолында қалған. Меніңше, осы қағида біздің қоғамға өте қажет деп санаймын. Біз әйелдерге тең құқықты бере отырып, олардың үстемдігін көтердік. Қазір ердің айтқанына көндігіп, ерін пір тұтатын әйел кемде-кем. Олардың санасында «Заң жүзінде ажырасып, дүниесіне ие боламын» немесе «Бала менде болған соң, өмір бойы алимент өндіремін» деген пиғыл ұялаған.
Егер бала әкесінде қалса, жағдай әлде қайда дұрысталып, ажырасу тыйылар ма еді? Өйткені бауыр еті баласын кім қиып кете барады? Баласына бола бүкіл ауыртпалыққа төзіп, ерінің етегінен айрылмай ұстар еді. Ерін құрметтеу, отбасында сыйлы болу, ене мен атаны қадірлеу секілді құндылық қайта қалпына келер еді.
Әрине, «ауру – астан, дау – қарындастан» дегендей, отбасында жанжал әйелден шығады. Қыз балаға ата-анасы ибалылықты үйретпесе, шолжаңдап өскен қыз қалай ана бола алмақ. Қыз баласының тәрбиесін күшейту үшін мектептерде қыздар комитетін қайта жандандыру қажет. Бұрын осындай комитет болған шақта қыздар елді жерге қаратпаған еді. Бүгінде ондай тәлім-тәрбие көрмеген қыздар не істемей жүр? Ерте жастан тұрмыс құрып, бала келін атанғандар өзге әулетке сіңісуі де, отбасылық өмірді мойындауы да екі талай.
Ерлер өз әйеліне үстемдігін жасау үшін соған лайықты болуы керек. Ердің міндеті отбасын асырау. Осы міндетті атқармайтын, жалқау енжар еркек көп. Әйел мен баланың қажеттілігін қамтамасыз ете алмаған ер отбасында қазан жалаған мысықтай болмай ма?
Сайдулла қажы ОМАРОВ, ауданның бас имамы:
– Ұйып тыңдап отырсам көпшілігіңіз ата-ананың араласуынан неке бұзылып кетеді дейіздер. Неге? Олар сіздерді өмірге әкелді. Дүниенің бар тәттісін аузыңызға тосты. Жақсы киіндіріп, көзіңізді ашты. Бар дүниесін жолыңызға жайды. Сонда оларға қайырған жақсылық осы ма? Құранда кімде-кім ата-анасына қарсы келсе, Алла тағала оны кешпейді. Себебі, «ата-анаң жынды болса, байлап бақ» деген емес пе? Неге оларды сылтау етеді? Осы дұрыс па?
«Жұмақ анаңның табанының астында». Ананың қадірін білген ер, әйелдің де орнын біледі. Хайуан екеш хайуан да анасына жол береді. Сонда біздің мақұлықтан түйсігіміз төмен бе? «Жақсы әйел ерін хан етіп, өзі ханшайымдай ғұмыр кешеді. Жаман әйел ерін құл етіп, өзі құлша өмір сүреді» дейді қазақ даналығы. Яғни, «еріне жаққан әйел еліне жағады». Қазақтың таным-түсінігінде ер азамат қашанда бір саты жоғары. Себебі, әйел ердің қабырғасынан жаратылған. Қабырға қисық келгендіктен оны түзеу оңай емес. Қабырғаның басы қалай иілсе, әйел-ананың басы солай иіліп тұруы керек. Басын көтеріп, көкірек қағу ақымақтық. ақылды әйел ісімен, сабырлығымен, ибалылығымен, көркем мінезімен елді мойындатады.
Біздің мешітте көп жас қыз-келіншектер ерлерімен еріп келеді. Ерлер өзара мәмілелесіп отырғанда, қыздар есіктің жанында өздері шүйіркелесіп жатады. Сонда олардың дыбысы бір бөлмеде отырған бізге жетпейді. Яғни, өзгелердің назарын аудармау үшін жәй ғана күбірлесіп отырады. Осыған қарап, жас отбасылар арасында өте инабатты келіндер барына шүкіршілік етемін. Құран хадистерінде «күлкі әйелдің сұлулығын бұзады» делінген. Ал, бір күндік айқай қырық күндік несібені жоғалтады. Сондықтан, ердің ашуын қайтару үшін бір ғана риясыз жымиюдың өзі тосқауыл болады. Ал, арсыз күлкі ырыс-несібеңді ұшырады.
Отабасын сақтау ер мен әйелдің нәзік махаббатына, қадір-құрметіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Бастысы, барға қанағат ету абзалырақ.
ТҮЙІН. Пікір алаңына қатысқан азаматтардың ойын қорытатын болсақ:
– Әйелдің өзін еркекпен тең ұстауы;
– Әлеуметтік жағдайдың төмендеуі;
– Бір-бірінің туысын сыйламауы;
– Арада бала болмауы;
– Әлеуметтік желілерге деген тәуелділік;
– Ененің жастар ортасына түсуі;
– Ер азаматтардың жігерсіздігі, шешімтал еместігі және т.б ажырасудың белен алуына әсер етуде екен.
Осындайда болашақ күйеуінің түр-түсін де көрместен, ата-анасы құда түсіп үйлендіретін бұрынғы қазақ қоғамында ажырасу деген болмаса, сүйгеніне қалап қосылатын қазіргі заманда некенің неге жиі бұзылатыны таңқалдырмай қоймайды. Осыдан-ақ, қазақы таным-түсінікке құрылған әдет-ғұрпымыздың отбасын беріктігін сақтаудағы, отаншыл жастарды тәрбиелеудегі орнына сүйсінесіз. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының туындауы да осындай қоғамдық келенсіздіктердің алдын алуға бағытталғанын ұғасыз...
Мақпал ПАТЕНОВА.