№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауа райы: Бүгін бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Ауа райы: Бүгін бірнеше өңірде ескерту жарияланды

23 қазанда күн райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.


Атап айтқанда, Астана қаласында түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады), көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, түнде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман болжанады.

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, таулы аудандарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың орталығында, батысы мен шығысында 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр жауып, таулы аудандарда жаңбыр мен қар жауын-шашын болады. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарда кей уақытта тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман болжанады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде, солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ болжанады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, түнде екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігі мен шығысында кей уақытта 23 м/с күшейеді.

Манғыстау облысының солтүстігі мен шығысын тұман басады.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, түнде күші 15-20, кей уақытта 25 м/с құрайды.

Түнде Ұлытау облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде тұман болжанады.

Абай облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысы мен орталығында екпіні 23-28 м/с артады.

Түнде Павлодар облысында жауын-шашын жауады. Күндіз өңірдің солтүстік жартысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) байқалады. Облыстың басым бөлгінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с құрайды.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) жауады. Өңірдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с артуы ықтимал.

Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 23 м/с жетуі мүмкін.

Шымкент қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей уақытта 23 м/с күшейеді.
23 қазан 2023 ж. 330 0