№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Референдум өткізуге дайындық талқыланды

Референдум өткізуге дайындық талқыланды

Елорда әкімінің орынбасары Берік Жәкеновтің төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Талқылаудың басты тақырыбы – алдағы жалпы республикалық референдумды өткізу, жастарды жан-жақты ақпараттандыру, мемлекет үшін маңызды күннің мәнін түсіндіру.


«Бүгін қалалық Жастар ісі жөнін­дегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Кездесу бағдарламасында жаңа Қазақ­станды құрудағы республикалық референ­думның тәртібі мен міндеттері болды. Біздің мақсатымыз – жастарға алдағы референдумның маңызы туралы ақпарат жеткізу», деді Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.

Кездесу аясында жалпы республикалық референдум өткізудің тәртібі мен міндеттері, конституциялық реформаның бағыттары, жаңа Қазақстанды құрудағы референдумның маңызы, елордада мемлекеттік жастар саясаты саласында атқарылған жұмыстар, елордалық жастарды жұмыспен қамту мәселелері туралы маңызды тақырыптар қаралды.

«Бізде алдағы референдум бойынша түсіндіру кездесуі өтті. Сайлаушылардың және дауыс беретін адамдардың негізгі аудиториясы жастар болғандықтан, оған ерекше назар аударамыз. Өзім жастар өкілі ретінде осы референдумның маңыздылығын түсінемін. Оның үстіне жаңа Қазақстанда осының бәрін іске асыратын жастар қажет. Сол сияқты ашық талқылау, пікірталас өтті. Өзім жастарға жақсы ақпарат бере алдым деп үміттенемін. Біздің жастар белсенді қатысады деп ойлаймын, өйткені олар қазірдің өзінде саяси пісіп жетілді. Сондықтан референдум кезінде белсенділік көрсетеді деп үміттенемін», деп атап өтті Qazaqstan team республикалық жастар бірлестігінің жетекшісі Олжас Сүлейменов.

Жарты айдан соң жалпыхалықтық рес­публикалық референдум өтетіні бел­гілі. Салмағы ауыр саяси науқанға ел тұр­ғындарының түгелдей қатысуы маңызды. Себебі әрбір азаматтың дауысы мемлекет­тің келешегіне тікелей әсер ететіні анық. Қазір­гі таңда республиканың түкпір-түкпі­рін­де түсіндіру жұмыстары жүйелі түр­де жүргізілуде. Азаматтарды ақпараттан­дыру оларды референдум туралы жан-жақ­ты мәліметпен қамтамасыз ету жалғасып жатыр. Елдің ертеңіне бейжай қарамай­тын жанашыр жандар жалпыхалық­тық референдумға қатысып, өз дауысын беріп, жаңа Қазақстанның құрылуына үлесін қосары сөзсіз.
18 мамыр 2022 ж. 362 0