Ақзира Қасымова: Ата-аналар тарапынан мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлық берілмеуі ескертіледі
«Соңғы қоңырау» мерекесі 25 мамыр күні өткізілсе, «Аттестат тапсыру» рәсімі 16-17 маусым күндері өткізу жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мәлімдеді.
Биылғы оқу жылының мектеп бітіру кештерін ұйымшылдықпен өткізу, бітірушілердің өмірі мен денсаулығын қорғау, құқық бұзушылықты болдырмау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында білім басқармасының бұйрығы шығарылып, барлық білім беру ұйымдарына жолданды. Аталған бұйрыққа сәйкес, оқу жылын аяқтау шараларын ұйымдастыруға және мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізуге оқушылар мен ата-аналардан, педагогтардан ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынған.