» » Ақша айырбастаудың тәртібі қалай өзгереді?

Ақша айырбастаудың тәртібі қалай өзгереді?

Бірінші ақпаннан бастап ақша айырбастауға байланысты талап күшейтіледі. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады.
Енді бір доллар айырбастасаңыз да, жеке куәлік керек болады. Бірақ кассир мекен-жайыңызды сұрамайды. 2018 жылдан бері 500 мың теңгеден астам қаржыға валюта алсаңыз мекен-жайыңызды көрсету міндеттелген.
Бұл өзгерістер қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы жасалған амалдар дейді мамандар. Бұған қоса ақша айырбастау пунктерінің жарғылық капиталы артады. Қор мол болса, валюта тапшылығы болмайды.
Сондай-ақ бірінші ақпаннан бастап ақша айырбастау пунктері таңертеңгі тоғыздан кешкі сегізге дейін ғана жұмыс істейді. Ал ірі сауда орталықтарында орналасқандар түнгі онға дейін, әуежай, теміржол вокзалы, шекара бекеттеріндегілер тәулік бойы ашық болады.
Валютаны айырбастаған кезде валютаның құны айырбастау пунктерінде Қазақстан қор биржасының курсына байланысты негізделеді. Ал Қазақстан қор биржасының саудасы күндізгі уақытта жүргізіледі. Соңғы сауда сағат 17:00-де бітеді. Ал бұрынғыдай түнімен жасай берсе, айырбастауды ертеңіне Қазақстан қор биржасының бірінші саудасы ашылып, жабылғаннан кейін курс мүлдем басқа болып өзгеріп кетуі мүмкін, - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басқарушы директоры Ләззат Үсенбекова.
31 қаңтар 2020 ж. 461 0