№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға төленетін жәрдемақы

Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға төленетін жәрдемақы

Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға төленетін жәрдемақы
16 жасқа толмаған мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеуші отбасылар ай сайын 41 578 теңге жәрдемақы алады. 16 жасқа және кәмелет жасқа толғаннан кейін төлем көлемі мүгедектік тобына байланысты өзгереді:
I топ – 57 021 теңге;
II топ – 47 220 теңге;
III топ – 35 638 теңге.
Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған қазақстандықтар асырауындағы бала 18 жасқа толғанша жәрдемақы алады. 2019 жылы оның көлемі – 31 183 теңге.
2018 жылдың шілде айынан бастап бала кезінен І топтағы мүгедектігі бар 18 жастан асқан адамдарды асыраушыларға жаңа жәрдемақы тағайындалды. 2019 жылы оның көлемі 31 183 теңгені құрайды.

Мүгедектікке байланысты төленетін жәрдемақылар
2019 жылы мүгедектікке байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері өсті.
I топтағы мүгедектерге – 57 021 теңге;
II топтағы мүгедектерге – 45 438 теңге;
III топтағы мүгедектерге – 30 886 теңге.
Бала кезінен мүгедектерге:
I топтағыларға – 57 021 теңге;
II топтағыларға – 47 220 теңге;
III топтағыларға – 35 638 теңге.
Чернобыль апатынан зардап шеккен мүгедектерге төленетін жәрдемақылар:
I топтағыларға – 83 452 теңге;
II топтағыларға – 71 276 теңге;
III топтағыларға – 59 693 теңге.
25 қыркүйек 2019 ж. 883 0