Бурабайда демалу Түркиямен салыстырғанда неге қымбатырақ?
Ақмола облысының басшысы Мәлік Мұрзалин Бурабайда қазақстандықтар үшін демалудың неліктен қымбат екенін түсіндірді. Бұл туралы Bnews.kz хабарлайды.Мәлік Мұрзалиннің сөзінше, осы сұраққа жауап берудің өзі оңай емес. Әлеуметтік желілерде де оларға да осы сұрақты қояды. Әкімнің айтуы бойынша, Бурабайда екі ай ғана тиімді жұмыс істейді. Маусымның басында жұмыс қарқынды басталмайды, ал тамыз айында ол аяқталады. “Әрине, екі айдың ішінде қонақ үй, мейрамханаға иелік ететін адамдар өз қызметтерін бір жыл өмір сүре алатындай бағаға ұсынады”, — дейді әкім. Мәлік Мұрзалин қазіргі күні өңірде жағдайдың жақсарып келе жатқанын айтты. Шипажайды бір жыл көлемінде жұмыс істеу үшін мемлекет кәсіпкерлердің ортасына бәсекелестік орнатты. “Мен сенімдімін. Ол жерде Түркиядағыдай тіпті сол мемлекеттен де жақсы қызмет көрсетіледі. Адамдар Бурабайға баратын болады”,— дейді Мәлік Мұрзалин. Облыс әкімі жақында ғана жасалған, онлайн-тапсырыс арқылы туристтік орындарды жеңілдікпен аралауға болатын BurabayCityPass картасының іске қосылғанын айтты. Мәлік Мұрзалиннің сөзінше, онлайн брондап, 50 пайызға дейін жеңілдік алған соң, қызмет көрсету құнының қай елде арзан екенін салыстыруға болады.