Абай мен Мәшһүр Жүсіптің ұстазы
Қазақ топырағында өмір сүрген оқымысты, діндар, тақуа жандардың бірі – Камараддин Бижомартұлы. Алаштанушы ғалым Мақсат Тәжімұраттың жазуына қарағанда, Камараддин хазіреттің шынайы есімі – Айжарық екен. Туған жері – Бөкей ордасы. «Камараддин», яғни «Діннің айы» деген ат бұл кісіге Бұқар медресесінде...