№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

№76 (8989) 6

06 қазан 2026 ж.

№75 (8988) 3

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ЛИФТІДЕГІ АЙНА НЕ ҮШІН ҚОЙЫЛАДЫ?

ЛИФТІДЕГІ АЙНА НЕ ҮШІН ҚОЙЫЛАДЫ?



Кеше үйге кіріп, лифтіге міндім. Қасымда жасөспірім бала тұр екен. Көзі лифтідегі айнада. Бірде шашын түзейді, бірде бетіне үңіледі. Әйтеуір, айнадан көз алмайды.

Сол сәтте ойыма бір сұрақ келді. Лифтілерге айна не үшін қойылады?

Көпшілік оны адамдар өз-өзін көру үшін орнатқан деп ойлайды. Бірақ оның негізгі қызметі мүлде басқа екен.

Лифт алғаш кең тарай бастаған кезде көптеген адамдар жабық кеңістікте өзін жайсыз сезінген. Тар кабинаның ішінде бірнеше секунд тұрудың өзі кейбіріне ұзақ көрінген.

Содан инженерлер мен психологтар қызық шешім ұсынады. Лифт ішіне айна орнатады. Адам айнаға қарап, шашын түзейді, киімін реттейді немесе өзін сырттай бақылайды.

Нәтижесінде оның назары уақыттан ауып, жолдың қалай өткенін байқамай қалады.

Айна тағы бір міндет атқарады. Ол тар кеңістікті көзге кеңірек көрсетеді. Соның арқасында адамдар өзін еркінірек сезінеді.

Бүгінде лифтідегі айнаның басты қызметі – сән үшін емес, адамның психологиялық жайлылығы үшін.

Кейде күнде көріп жүрген қарапайым дүниенің артында инженерия мен психологияның қызықты шешімі жасырынып жатады.
16 шілде 2026 ж. 482 0