№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Мемлекет басшысы: «Цифрлық сауаттылықты балаларға мектептен бастап үйреткен дұрыс»

Мемлекет басшысы: «Цифрлық сауаттылықты балаларға мектептен бастап үйреткен дұрыс»



Президент заман талабына сай дамыған, озық ел болуға үндеп, білім беру ісіндегі цифрландыру мәселесіне назар аударды.

– Цифрландыру және жасанды интеллект технологиясы – қазіргі заманның ақиқаты. Сол себепті мен биылғы халыққа Жолдауымды осы өзекті мәселеге арнадым. Цифрлық сауаттылықты балаларға мектептен бастап үйреткен дұрыс. Оқушылар озық технологияны оқуда тиімді пайдалана білгені жөн. Бұл – ұстаздарға да қатысты мәселе. Мұғалімдер заманауи дағдыларды жетік меңгеруі қажет. Жасанды интеллектіні білім саласында кеңінен пайдаланған абзал. Цифрлық ел болу – бір күннің шаруасы емес. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – мектептен бастап түбегейлі жаңа тәсілмен жұмыс істеу деген сөз. Сіздер, құрметті ұстаздар, осы маңызды миссияны жүзеге асыруға атсалысып, белсене жұмыс істейсіздер деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.
01 қазан 2025 ж. 901 0