№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Қызылорда су жүйесі» мекемесі кәсіпкерлерге 622 мың теңге қаржысын төлемей отыр

«Қызылорда су жүйесі» мекемесі кәсіпкерлерге 622 мың теңге қаржысын төлемей отыр


Кәсіпкерлер «Қызылорда су жүйесі» мекемесінен көрсеткен қызметі үшін тиісті қаржысын ала алмай отыр. Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Салават Құлмахан айтты.
Палата заңгерінің айтуынша, «Қызылорда су жүйесі» мекемесінен тиесілі ақшасын алмау жағдайы бірінші рет болып тұрған жоқ. Өткен жылы келісім шарт бойынша көрсеткен қызметіне ақысын алдер кезінде алмаған 15 кәсіпкер Палатаға өтініш түсірген. Олардың 80 пайызы өздеріне тиісті қаржыны сот арқылы ғана өндіре алған.
Ал биылғы жылдың 2 айының қорытындысы бойынша 5 кәсіпкерден тағы да сол «Қызылорда су жүйесі» мекемесі құқығын бұзып отырғандығына қатысты арыз түсіп тұр. Палата заңгерлерімен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде аталмыш мекеме 2 кәсіпкерге 2,1 млн.теңгесін төлеп берген. Өзгелері әлі де күтуде.
«Кәсіпкерлер палатасына сатып алу бойынша кәсіпкерлерден 2019-2020 жылдары 130 өтініш түсті. Шағымдардың басым бөлігі сатып алу саласында жасалған келісім-шарт талаптарының бірі -актлерге тапсырыс беруші тарапынан дер кезінде қол қойылмауына, қаржыны төлемеуге қатысты болып отыр», - дейді Палата директорының орынбасары Салават Құлмахан.
Маман мұндай жағдайдың орын алуының бірнеше себептерін де атап көрсетті. Палата заңгерінің айтуынша, бірінші себебі, мемлекеттік органдар, кәсіпорындар (тапсырыс берушілер) актілерді (тауарларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қабылдау және беру) веб-портал арқылы негізсіз мақұлдамайды. Өйткені тараптар қол қойған актілер төлем үшін негізгі құжат болып табылады. Екіншіден, кей мекемелер актіге қол қойса да көрсетілген мерзімде тиісті қаржыны төлемей, төлеуді сұраған тапсырыс берушінің хатына «сотқа жүгін» деп, кейде мүлде жауап бермейтін жағдайлар да орын алады екен. Үшіншіден, егер тапсырыс беруші келісім-шарт талаптарын уақытында орындамаса оған ешқандай жауапкершілік қаралмаған. Нормативтік-құқықтық құжаттарда бұл жағы көрсетілмеген екен. Ал тапсырысты орындаушы, яғни кәсіпкер талаптарды орындамаса жосықсыз қатысушы болып табылады.
«Су жүйесі» мекемесіне байланысты, кәсіпкерлер көрсеткен қызметіне келісім-шартта келісілген қаржысын төлеуді сұрап қанша хат жазса да мекеме тарапынан жауапсыз қалып отыр. Тіпті аталмыш мекемеге біз – Кәсіпкерлер палатасы да хат жолдадық. Нәтижесіз. Бұл жерде мәселені сот арқылы шешуге болатынын жақсы түсініп отырмыз. Дегенмен, сотқа жүгіну кәсіпкерлердің онсыз да жетпейтін ресурсы – уақытын алады. Сондықтан да тапсырыс берушілерден бизнес өкілдеріне қаржысын уақытында аударып беруін сұраймыз», - дейді Палата заңгері Салават Құлмахан.
Айта кету керек, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасына биылғы жылдың екі айында кәсіпкерлерден құқығын қорғауды сұраған 71 өтініш түсіп, оның 12-сі оң шешілді. Осылайша Палата заңгерлері кәсіпкерлердің 31 млн.теңге қаржысын сақтап қала алды. Өзге өтініштермен жұмыс жасалуда.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
10 наурыз 2021 ж. 396 0