№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қаражатты қандай валютада сақтаған дұрыс – Ұлттық банктің ұсынысы

Қаражатты қандай валютада сақтаған дұрыс – Ұлттық банктің ұсынысы



Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ақшаны қандай валютада сақтаған тиімді болатыны жайлы ұсынысымен бөлісті, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Валюталық тәуекелдерді төмендету үшін, әр түрлі валюталардағы депозиттердің пайдасы мен сенімділігін ескере отырып, сондай-ақ шығындарды қандай валютамен төлейтініңізге қарап олардың артықшылықтары бойынша әртараптандыру ұсынылады. Мәселен, алтын ақшаны одан әрі әртараптандыруға ықпал ететін инвестиция үшін сенімді салым», – деп жазды банктің баспасөз қызметі.
Қазақстан Ұлттық банкі қаражатты сақтауда өз ұсыныстарымен бөліссе, бірақ теңге курсына қатысты болжам жасай алмады.
«Ұлттық Банк теңгенің айырбас бағамына қатысты болжам жасамайды. Дегенмен, теңгенің айырбас бағамы мұғай бағасына, ірі саудада әріптес елдердің валютасының айырбас бағамына, сондай-ақ төлем балансы мен инфляция және әлемдік пайыздық мөлшерлемелерге байланысты қалыптасады»,- деп жауап берді Ұлттық банктегілер.
Stan.kz
12 қыркүйек 2018 ж. 947 0