Ауданның төл ГАЗЕТІ – АЛҒАШҚЫ ТӘРБИЕ МЕКТЕБІМ!
1981 жылдың жазы еді. Сені аудандық газеттегілер іздеп жатыр, – деген соң, аудандық редакцияға келдім. Ол кезде газет «Коммунизм жолы» деп аталатын. Редакцияға бұрыннан келетін едім, газетке топтама өлеңдерім, новелла, мақалаларым шығып тұратын. Редакция орналасқан мекен теміржол маңайына жақын, тозығы жеткен үй болатын... Сөйтіп, газеттің бас редакторы Құдабай Ертаевтың алдынан бір-ақ шықтым. Құдабай Ертаев – елулердің үстіндегі, ой-пікірін бетке тура айтатын, ұзын бойлы, ақ шашты, ақсары кісі болатын, өңі сұсты еді. Ал бірақ аңдап түсінген адам ол кісінің өте мейірімді жан екенін байқайтын. Амандық-саулықтан соң редакция басшысы сөзге тартып: – Қызым, бізге жұмысқа келсең қайтеді, сенің жазғандарыңды оқып жүрмін, аудандық радио хабарларын жүргізу бөлімінің меңгерушісі боласың. Қазір бұл орын бос тұр. Дауысың да жақсы, осы орынға сені лайық деп отырмын, – деді төтесінен. Мен тіпті өз пікірімді айтып та үлгере алмадым. «Ертеңнен бастап жұмысқа кіріс» деп, өзінің орынбасары Қалжан Исмайылов пен газеттің жауапты хатшысы Адырбек Сопыбековты шақырып алып, мені «табыстап» жатты. Сөйтсем, менің алдымда осы орында отырған журналист Кенжебек Әбдімәуленов Алматыға басқа жұмысқа ауысып кеткен екен. Міне, менің газеттегі журналистік өмірім осылай басталды.
Жаңалықтарды елге жедел жеткізуге радионың ролі зор еді. Эфирге шығу уақыты-15 минут. Ең соңғы жаңалықтарды газеттен бұрын радио арқылы біздер жеткізетінбіз. Эфир арқылы ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, өндіріс, өнеркәсіп иелерін, тағы басқа аудандағы жұмыс орындарындағы соңғы жаңалықтарын айтып, еңбек озаттарын мадақтап, өзгелерге үлгі ететінбіз, бар саланы қамтуға тырысатынбыз. Кездесулер, сұхбаттасулар өткізетінбіз. Аудандық газетке арыз-шағым жиі түсіп тұратын. Аудандық партия комитетіне келген кейбір арыз-шағымдарды бізге тексеруге жіберетін. Бірде аудандық партия комитетіне келген екі арызды бізге жіберсе керек. Екі арыз да белгілі бір сала туралы, тақырыбы да бір болғандықтан, Құдабай ағай тексеруге мені жіберді. БұлСырдарияның сол жағалауындағы совхоз сауын фермаларының жұмысының нашар жүргізілуі жайлы еді. Ертесіне жолға шықтым. «Өзгент» совхозының комсомол-жастар жетекшісі Айзада есімді қыз бала болатын. Сол қызды жаныма ертіп, ауылдан алыс жатқан сауын фермасына бензин таситын көлікпен түске тармаса жеттік. Ферма басында азғантай адам жолықты. Сауын фермасы шаруашылықтан ұзақта болғандықтан, мұндағы еңбек адамдары жұмысты ферма басына қона жатып атқаратын. Сауыншылармен әңгімелескенде-ақ байқағаным – көңіл-күйлерінің жоқтығы. Мен келген жұмысымды айттым, олар да өз ойларын ортаға салды. Жұмыстағы салғырттық – басшылардың өздеріне жағдай жасамауынан туындаған, жастар көп тұрақтамайды. Сиырлар қолмен сауылады. Күн арқан бойы көтерілгенше, сиырларды сауып үлгере алмағандықтан, шаршаған сауыншылар қалған сиырларға бұзауларды босатып, қосып жібереді екен. Бұл қанша ағарған сауылмастан қалып жатыр деген сөз. Автодүкеннің қызметі нашар, кейбір жастар ауылға кешкісін той-тойлап кетіп, жұмыстарына қайта келмей қалған, тағы сол сияқты кемшіліктер өте көп. Келесі шаруашылыққа бет алдық. Мұнда да әлгі жағдайлар.., жұмысқа деген жауапкершілік төмендеген, ыдыстар таза емес, сауылған сүт аудандық сүт зауытына уақтылы жеткізілмей, ашып кеткен. Оған көлік жетіспейді. Мұндай жағдай жиі орын алады екен. Бұл - аудан көлеміндегі қанша балабақша, аурухана, тағы басқа қажетті мекемелерге сүт жиі жеткізілмей, рәсуа болады деген сөз. Дарияның сол жақ жағалауындағы соңғы шаруашылыққа таңертең баруды жөн көрдік. Көлік табылмай, бұл шаруашылықтың сауын фермасына сағат он шамасында жеттік. Біз келгенде сиырлар әлі сауылып жатыр екен. Таң боз бергеннен бастап басталатын сүт сауу мерзімі сағат жетілер шамасында аяқталуға тиісті еді, бірақ сағат онда сиыр сауу жұмысының әлі жүріп жатқанын көріп, таңдандық. Желіндері жер сызып, мөңіреп тұрған сиырлар сауылмастан біздің көз алдымызда , сауыншылар бұзауқораның есігін ашып, жамыратып, қосып жіберді. Бұл біз күтпеген жағдай еді. Фермада 403 сауын сиыр бар екен, АудАННЫң төл ГАЗЕТІ – АЛҒАШҚЫ ТӘРБИЕ МЕКТЕБІМ! (Жалғасы. Басы 1-бетте) сауыншы – сегіз. Әрқайсысына 50-51 сиырдан келеді. Сиырлар қолмен сауылады. Бес-алты сауыншы – жасы үлкендеу кісілер, екі-үшеуі жастар екен. Мұндағы сауыншылар шамалары келгенше 20- 22 сиырды сауып, қалғанын бұзауына емізе салатын болып шықты. Обалақ. Бұл- әрқайсысы 10-15 литрден сүт беретін сиырдың әр сауымда 300-400 литр сүті далаға кетіп жатыр деген сөз. Сауыншылар айтқан кемшіліктердің барлығы есепке алынып, «400 сиырға 8 сауыншы» деген газеттің өн бойын алған көлемді сын мақалам көп ұзамай жарыққа шықты. Ол кез қатал еді, алғашқы кезекте жұмысты талап ететін, кінәлілерге шара қолданылды. «Газет – аудан айнасы» десек, қызу еңбекпен қайнап жатқан мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, дүкендер желісі, өндіріс, «сақалды» құрылыстар, т,б жайлы сын мақалаларды көп жазатынбыз. Кемшіліктер талқыланып, шара қолданылатын, нәтиже шығатын. Аудандық газеттің беделі жоғары болатын. Халық газеттің әр санын асыға күтетін. Мал шаруашылығына байланысты « Тоқсан тіреу, қырық құрау қоралар» деген сын мақалам жарық көрді. Онда көктем уақытында мал төлдетуге көктемгі қоралардың дайын еместігі, жаңбыр мен қар суынан құлаған қоралар, қора басып өлген мал, басқа да кемшіліктер сөз болған. Сауда саласында «бармақ басты, көз қысты» тәсілімен «сөре астына жасырылған дүниелер, жол жөндеу жұмыстарындағы келеңсіздіктер мен ат-үсті тірліктерді талай сын тезіне алып, аудан журналистері жұмысты жандандыруға күш салдық. Аудандық ішкі істер бөлімімен бірігіп, кемшілігі көп мекемелерге жиі рейдтер ұйымдасырылатын. Сын босқа кетпейтін. Газетке шыққан әрбір сын мақала, өлең аудандық атқару комитеті мен аудандық партия комитетінің жиналысында қаралатын, жедел кеткен кемшіліктер қолға алынатын. Араққа салынып, азғындаған жандар да қалам ұшына алынып, олардың өмірден өз орнын табуы қадағаланатын. Біздің редакция ұжымы өте ұйымшыл еді. Бір-біріне көп көмек беретін, демеу болатын. Мен журналистік жұмысқа шынайы берілген, қаламдары қарымды, жай отындай жанға тиер шындықты шырқыратып жазатын, сайдың тасындай іріктелген ер-азаматтардың ортасында алғашқыда жалғыз журналист қыз болдым. Менің қатарыма кейін Ұлдар Жолдасова келіп қосылды. Және редакцияда журналист Төлеуғали Отарбаевтың жары, іс-қағазын жүргізуші Бейсенкүл Арыстанова /Қасымбекова/ апай бар еді. Күллі журналистің жазбасы осы Бейсенкүл апайдың машинкасынан өтетін. Жұмысымыз әрі қызық, әрі қиын еді. Ұжымда Құдабай Ертаев – редактор, Қалжан Исмайылов – редактордың орынбасары, Адырбек Сопыбеков – жауапты хатшы, журналистер Төлеуғали Отарбаев, Пахмаддин Айнақожаев, Сырлыбай Төртбаев, Файзулла Сахиев, Әкім Мейірбеков, газеттің фототілшісі Тұмарбай Жәненов,Үсен Әбшенов, менімен жұмысқа қатар кірген Құдайберген Ертасов, Оразалы Мұсабеков, менен кейін редакцияға келген Жұмабай Әбілов, редакциямен қатар тұрған, егіздің сыңарындай жұмысты бірге атқаратын баспахананың директоры Қазақбай Әлібеков, механик – жөндеушілер Талғат Қазақбайұлы, Қалымбет Жәрімбетов, бет құрастырушылар Бибайша Мәуленова, Гүлбарам Қыдырбаева, Марфуға апай, әріп терушілер Гүлдерай, Нұрила, Нұрмира Палуанова, газет басушылар Гүлімхан Қожаниязова, Жұмакүл апайлармен күндіз-түні газет шығару ісінде бірге, қоянқолтық араласып, бір ғана мақсатта, сапалы газет үшін жұмылып жұмыс жасадық. Бірге еңбек еттік, бірге қуандық, бірге мұңайып, бірге қиналдық. Менімен қатар жұмысқа кірген журналистің бірі – Құдайберген Ертасов. Осы газетке келген алғашқы күннен бастап, оның ыстық-суығына бірдей төзген, сонау «қайта құру» кезеңінде газет шықпақ түгілі, құрып кету, жабылып қалу қаупі төнген уақытта да, нағыз жанашыр журналист ретінде белсенді қызмет еткен, қарымды журналист бола білді. Өз мамандығын құлай сүйді. Жалпы, Құдайбергеннің алғашқы мамандығы басқа сала болса да, сөз тапқырлығы, шешендігі, жазудағы мықтылық, шығармашылық шеберлігі, жазудағы шынайылық, ешкімге орынсыз дауыс көтермейтін ұстамдылық қасиеттер бір бойынан табылған, газетке адал берілген нағыз журналист болатын. Оразәлі Мұсабеков – біз оны «Өркентай» деуші едік. Бұл атты оған кім жапсырғаны белгісіз, әйтеуір, Оразәлі арамызда солай аталып кетті.Оразәлі Мұсабековтің шымшыма әзілдері көңілге қонымды болатын. Ол да жазудың нағыз шебері болды. Жұмабай Әбілов – осы аудандық редакцияда небір шырайлы шығармалар жаза жүріп, докторлық диссертациясына дайындалды. Оны кейін қорғап шықты. Арада жылдар өткенде, мен екінші мамандық алу мақсатында Қазақ-Түрік мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түскенімде, бізге сабақ беріп тұрып, мені курстастарыма лекция үстінде : – Менің әріптесім,мықты журналист қыз, – деп, бұрынғы әріптесімен қайта кездескеніне балаша қуанып, мақтағаны әлі есімнен кетпейді. Өте білімді, қаламы ұшқыр, қарапайым, көпшіл жан болатын. Бәріміз бір үйдің адамдарындай едік. Әттең, көп армандары орындалмай кеткен әріптестер... Редакциядағы біздің жұмысымыздың өнімді болуына штаттан тыс тілшілер де көп көмегін тигізетін. Олардың қатарында Қазақстанның Халық ақыны Манап Көкенов, мәдениет саласының ардагері, автоклуб меңгерушісі, ақын Есіркеп Қоңқабаев, аудандық мәдениет үйінің басшысы Әбілтай Сүлейменов, "Қандөз" совхозынан шаруашылықта түрлі қызметтер атқарған, кейін Шиелі аудандық "Өскен өңір" газетінде, облыстық "Сыр бойы" газетінде аймақтық меншікті тілші, журналист болған іскер азамат, бірнеше кітаптың авторы Нұрмахан Елтай, тілшілер Шайдарбек Әшімов, Әбіл Сейданов тағы басқа көптеген газет жанашырлары редакцияның құрметті қонағы болатын. Газет жұмысына белсене араласқан қаламы жүйрік қаламгерлер. Ия, осындай жаны жайсаң, белсенді, қоғамға жанашыр жандармен дәмдес-тұздас болғаныма, жақсы қасиеттерін жаныма серік еткеніме қуанамын. Газет аптасына үш рет шығатын, газеттің әр номеріне аса үлкен жауапкершілікпен қарайтынбыз. Барлық жұмыс қолмен жазылып, сосын машинкаға басылып баспаханада әріптер қолмен терілетін. Қатаң тәртіп, жұмысқа деген зор жауапкершілік, сүйіспеншілік бар еді бізде. Себебі, газеттің жаңа саны таңертең халықтың қолына тиюі керек... Ұйқысыз түнімен жұмыс істеп, таң ата жұрт ұйқыдан тұрып, өріске сиыр айдап бара жатқанда, жаңа күннің жаңа газетін дайындап, біздің журналистердің таңмен таласып, үйге қайтқан кездері де аз болған жоқ. Қанша ауыр болса да, таңертең газеттің кезекті саны аудандық партия комитеті, идеология бөлімінің қызметкерлерінің алдында жататын. Газет осылай дайындалатын. Бір жылдары сол әжетке жарап тұрған ескі баспахана үйі өртеніп, газетті Шиелі ауданына барып шығарған күндеріміз де болған-ды. Бірақ ешкім қабақ шытпайтын. Әркім өз жұмысын сүйіп атқаратын. Қызық еді ,қиын еді. Шіркін, газет өмірі! Ұжым ұйымшыл болатын, содан болар, шаршағанды тез ұмытушы едік. Кейіннен газетке Айдархан Бибасаров аға редактор болып келді. Газетіміздің атауы заман талабына байланысты «Жаңақорған тынысы» деп өзгертілді. Айдархан ағай да ұжымды сабырлы қалыпта басқара білді. Газетке жаңа буынжас журналистер келе бастады. Соның бірі де, бірегейі, қазіргі «Жаңақорған тынысы» газетінің редакторы – Баян Үсейінова болатын. Мен Баянмен бір кабинетте отырып, жұмыс жасадым. Баян Үсейінованың газетке енгізген өзіндік жаңалықтары мен салмақты сөз саптауы, шығармашылық жазу стилі газетке жаңаша леп, соны серпін енгізді. Ол да үлкен ағалардың тәлім-тәрбиесін көрді, тәжірибе жинақтады, қаламы қарымды, шоқтығы биік журналистке айналды. Мен – «Жаңақорған тынысы» газетін – өзімнің өмір жолымдағы үлкен тәрбие мектебім, жастық шағымның айнасы деп мақтанышпен айта аламын. Мені ұжым шыншылдыққа, адалдыққа, адамгершілікке, қандай қиындық кездессе де мойымауға, үлкенге ізетті, кішіге қамқорлық танытуға үйретті. Баспаханада қайнап жатқан ыстық қорғасындай шыңдады. Осында жүріп радиохабарлары бөлімінің меңгерушісі, хаттар бөлімінің әдеби қызметкері, хаттар бөлімінің меңгерушісі, кейінгі жылдары заман талабына сай жаңа ашылған коммерциялық бөлімнің меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқардым. Журналистер үнемі жол үстінде, іссапарда көп жүретіні рас. Менімен бірге еңбек еткен әріптестерімнің барлығы да бірде мал төлдету науқаны, бірде көктемгі егіс, енді бірде шөп шабу, егін жинау, күзгі мал қырқымы мезгілі, құрылыс саласы, өндіріс орындарының жұмысы, қысқы мал қоралардың дайындығы сияқты толып жатқан жұмыстардың бел ортасында күннің аптап ыстығымен боранды дауылына, жауынына қарамай жүретін. Ия, жаңалық жаршысы - журналистердің еңбегі оңай емес еді. Халық газетті іздеп жүріп оқитын. Жазғанымызға арнайы келіп алғысын айтатын. Бірде газеттің жауапты хатшысы, ақын Адырбек Сопыбековтің алдына кезекті жұмыс жайымен кіргенмін. Сол бөлмеде өз шаруасымен келген бір қария: – Айналайын-ау, мен сені үлкен кісі екен десем, кіп-кішкентай қыз екенсің ғой, сөздерің өткір екен, мықты жазасың, - деп, Адырбек аға алдында ризалығын, алғысын білдірген. Мұны халықтың маған емес, газет жұмысына берген бағасы деп білемін. Ия, өз басының тірлігінен газет жұмысын биік қоятын, сол жолда бүкіл өмірін, денсаулығын берген осы бір аяулы жандар қымбат маған! Олар менің өмір жолымның бір парағы, ешқашан ұмытылмайды. Сол кісілердің тәрбиесінің арқасында кейінгі жұмысымды да абыроймен атқара білдім, еңбегімнің жемісін жедім, марапат иесі, ардагерұстаз болып, еңбегімнің зейнетін көріп келемін. Бұл күндері – Жаңақорған ауданының айнасы – «Жаңақорған тынысы» газетінің шыға бастағанына 90 жыл толып отыр. Сіздерді аудан газетінің 90 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Сіздерге, отбасыларыңызға амандық, мол ырыснесібе, ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілеймін, ұрпақтарыңыздың қызығын көріңіздер! Еңбектеріңіздің жемісін жеңіздер! Қолдарыңыздан қаламдарыңыз түспесін! Мағираш Тұрсынова, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Алматы қаласы.