№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » «АЗАМАТТЫҚ НЕКЕ» ДЕГЕНIМIЗ – АЗҒЫНДАҒАН НЕКЕ

«АЗАМАТТЫҚ НЕКЕ» ДЕГЕНIМIЗ – АЗҒЫНДАҒАН НЕКЕ

Жақында «Қазақстан» ұлттық арнасынан «Әйел сыры» деген бағдарламаны көзiм шалып қалды. Жүргiзушiлер мен шақырылған қонақтар арасында «азаматтық неке»  жайлы пiкiрталас жүрiп жатыр екен.

Азаматтық некенi “неке” деп айтудың өзi дұрыс емес деп ойлаймын. “Азаматтық келiсiм” деген жөн болар. Пiкiрталас барысында эфирге хабарлас­қан жастардың бiразы “азаматтық некенiң” дұрыс еместiгiн, оған қарсы екендiктерiн бiл­дiрдi. Бұл, әрине, қуанарлық жағдай. Хабар басында, өзi он жылдан аса уақыт азаматтық келiсiммен тұрмыс құрып, 2 баласы бар екендiгiн, өкiнбейтiнiн айтқан басты кейiпкердiң өзi оның дұрыс еместiгiне көз жет­кiзiп ойланып қалды. Иә, түсiн­ген адамға Алланың алдында некесiз тұрмыс құру зина (ойнас) болып саналады. Екi жас Алланың үйiнде, имамның некенi қиюы арқылы заңды ерлi-зайыпты атануы керек.
Бағдарламаның қонағы, бел­гiлi әншi  ағамыз (мәтіннен аты алынып тасталды-мазһаб.кз)  азаматтық некеге түк те қарсылығы жоқ екенiн ашық айтты. Халық болып құрметтеп жүрген ағамыздың бұл сөзi жастарға қандай үлгi болмақ? Жүргiзушi әнші ағамызға (мәтіннен аты алынып тасталды-мазһаб.кз)  ағамызға “Ұлың азаматтық некемен үйленсе қарсы болмайсың ба?” дегенде ғана ағамыз ойланып қалды.
Сондағы ойыма келгенi, осы бiздiң халық алдында жүрген адамдарымыздың денi “алға жылжуымыз керек, дамуымыз керек, бүйтуiмiз керек, сүйтуiмiз керек...” деп асыра сiлтеп жiберген жоқ па екен? Ендi ұлдарымыз “азаматтық некемен” үйленiп алып, бiр жылдан кейiн “мына қыз маған болмайды екен, басқасын алам” дегенге көз жұмуымыз қалды ма? Жетпегенi осы ма едi? Онсыз да елiмiзде жылына 50 мың отбасы ажырасып жатыр емес пе?
Әркiм өзiнiң ойын ашық айтуға құқылы, дегенмен миллиондаған көрерменi бар ұлттық арнамыз талқыланатын тақырыптарға, шақырылатын қонақтарға ерекше мән берсе деймiз. Жастардың санасын улайтын пiкiрлер­ден аулақ болғанымыз абзал.
Беделхан ЖАНПЕЙIСТЕГI
07 ақпан 2020 ж. 360 0