PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (8264)

18 маусым 2019 ж.

№45 (8263)

15 маусым 2019 ж.

№43 (8261) 7

07 маусым 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » SMART ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ОЗЫҚ ТҰСЫ

SMART ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ОЗЫҚ ТҰСЫ

  Қазіргі қарыштап дамыған заманда «смарт» ұғымы сөздік қорға енді. Жаһан жұрты жаппай осы озық технологияға ұмтылуда. Сан салаға «смарт» ұғымын енгізіп, қырағылық пен шапшаңдыққа бейім қоғамды қалыптастыруда. Бұлда болса, бүгінгідей ғарыштық жылдамдықпен дамыған дәуірдің басты талабы. Көшке ілесу керек.

  Мемлекеттің де межесі сол. Елбасы Жолдауында қоғамның барлық саласын цифрландыру, заманауи техниканы ендіру жайы кеңінен айтылды. Әсіресе, агроөнеркәсіп кешеніне «ақылды технологияны» енгізу мәселесі күн тәртібінде. Яғни, бағдарламалық құнды құжатта айтылғандай, егін егу мен астық жинаудың оңтайлы уақытын болжамдау, «ақылды суару», жүргізушісі жоқ техниканы пайдаланып, адами факторды азайтып, егіншіліктің өзіндік құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік беретіні белгілі. Мәселен, табиғи-климаттық жағдайы теріскейдегі Кереку өңірінен де қатал болып табылатын Аустралияда астық дақылдарының өнімділігі бізге қарағанда 2 есе жоғары. Ал үйеңкі жапырақты Канада да өсімдік шаруашылығының өнімділігі бізден 14 есе артық. Оған қоса, жер аумағы Қазақстаннан 66 есе кіші Голландияда ауылшаруашылық өнімінің жыл сайынғы экспорты 100 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл дегеніміз бізден 50 есе көп деген сөз. Әрине шетелдік шаруалар егін егу мен астық жинаудың оңтайлы уақытын болжамдау, «ақылды суару» технологиясының өндіріске енгізген. Соның нәтижесінде өнімді мол алып, аргарлы саланың серпінді дамуына серпіліс беруде. Елімізде бұл бағытта тындырымды жұмыстар жоқ емес. Бар.
Жақында ғана дәстүрлі «Дала күні» семинар-кеңесі Шиелі ауда­нындағы «Ақмая» инновациялық шаруа қожалығының егіс алқабында ұйымдас­тырылған болатын. Аудан әкімі Ғалым Әміреев бастап, сала басшылары иег егіншілікпен айналысатын шаруашылық иелері аталмыш қожалықтың тынысымен танысып, агросекторды дамыту мәселелері бойынша тың тәжірибеге қанықты.
Бұл жөнінде аудандық ауылша­руа­­шылығы бөлімінің басшысы Тұрған Базарбаев былай деді: « «Akmaya Smart Farm» ақылды ферма жобасы аясында агроөндіріске сандық технологияны енгі­зу және оларды кеңінен қолдануға бағытталған «Жылжымалы зертхана», «Агро-дрон», өнімділікті арттыруға арнал­ған зиянсыз қоспалар, кең спектрлі сенсорлармен қамтылған John Deere және Class заманауи техникасының мүмкіндіктерін көрдік. Сонымен қатар, Шымкент қаласынан келген «Агро-дрон» ЖШС-нің ұшқысыз басқарылатын «Qarlygash aviation» қондырғысы қызықтырды. Бұл егіс алқабына трактормен себілетін химикаттарды 50 процентке дейін шығынын азайтады. Мұндай заманауи технологияны бүгінде Аққорған ауылындағы шаруалар пайдалануда».
Бұл семинар-кеңеске бізде барған болатынбыз. Байқағанымыз, автономдық метеостанциялар топырақ, ауа, су, күн туралы деректердің толық спектрін жазып, деректерді нақты уақыт режимінде жүйенің орталық серверіне жібереді.
Аталған метеодеректер ауа-райы жағ­дайларын ескере отырып, өндірістік процестерді түзету үшін, кризистік сәттердің алдын алу үшін қолданылады. Яғни, түрлі құрғақшылық, зиянкестердің жаппай көбеюі сынды мәселелерді алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ келешекте жер бедерінің карталарын, егістіктердің әртүрлілігін, аурулардың, арамшөптердің және зиянкестердің таралуын,топырақ карталарын және шаруашылық қызметін цифрландыру бағытында кеңістіктік деректерді цифрлау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Яғни, әрбір фермер өз табысын қалай арттыруға болатынын, көбірек түсім алуы, тәуекелдерді басқаруы, агрсекторды цифрландыру бағыты бойынша жауап табатын болады.
Түйіндей айтқанда, агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру бәсекеге қабі­леттілік пен еңбек өнімділігін арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін дамытуға даңғыл жол ашады. Себебі бүгінгі заман – жаңалықты һәм жаңашылдықты талап етеді. Инновациялық жобаларды игілігіңе икемдей білсең, олда бір жетістік. Келешек сандық технологияның дәуірі. Оған бейімделу – бәсекеге қабілеттілікті арттырады. Сондықтанда ауылшаруашылығы саласында тың технологияларды тұтыну бұл өнімділік пен уақыт тиімділігін арттырары айқын.

Әбдісамат ӘБДІШ.

01 маусым 2019 ж. 83 0