№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Білім реформасын дамытуда әр мемлекеттің өз жүйесі мен ерекшеліктері бар. Бірақ әр елдегі оқу жүйесі де, оқушының білімін бағалау да әр түрлі. Біз осы тұста, әлем елдерінде білім беру жүйесі несімен ерекшеленеді, олардың артықшылығы неде, бізден айырмашылығы қандай екені жөнінде іздендік.
Жаһан мектептерінің білім беру жүйесін зерттеу мен бітірушілердің тапсырған халықаралық емтихандарының нәтижесі және басқа да ақпараттардың қортындысы бойынша, Сингапур мектептері мен ондағы білім беру жүйесі әлемдегі ең тиімдісі саналады. Ал, келесі кезекке Оңтүстік Корея, Жапония, Ұлыбритания орналасса, «үздік жиырмалықтың» қатарында Финляндия, Гонконг, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Швейцария, Канада, Ирландия, Дания, Австралия, Польша, Германия, Бельгия, АҚШ, Венгрия, Словакия және Ресей бар. Ендеше, осы мемлекеттердің бірнешеуінің білім беру жүйесіне тоқталсақ.
СИНГАПУР НЕГЕ АЛДЫҢҒЫ ШЕПТЕ ТҰР?
Сингапурда балалар үш жастан бастап білім алады. Бұл осы елдің конституциясымен бекітілген талап. Яғни, кез-келген 3 жастағы сингапурлық балақай мектепке барып, ана тілі, ағылшын тілі мен математика пәндерін оқиды. Үшінші сыныптан бастап жаратылыстану пәндері енеді. Оқушының шығармашылығын дамытатын пәндер де бастауыш сыныбында оқытылады. Бастауыш сыныпты бітірген оқушы міндеттелген мемлекеттік емтиханды тапсырып қана жоғарғы сыныпқа көшеді. Ал, сынақтан өте алмағандар бастауыш сыныпты қайта оқиды. Бастауыш сыныптағы сынақ көсеткішіне қарап, оқушыларды «міндетті сабақтар», «экспресс», «академиялық» және «техникалық» деп төрт бағытқа бөледі. Ондағы бүкіл бастауыш мектептері жекеменшік. Бірақ, білім беру тегін. Дегенмен, түрлі шығындар үшін ата-анадан айына 13 доллар алынады. Ал, бұл елдегі мектептердің басқалардан ерекшелігі – математика пәніне үлкен ықылас бөлінеді. Мәселен, сыныптағы 20 оқушының бірі математикадан тапсырманы дұрыс орындамаса, ешкім жаңа сабаққа көшпейді. Яғни, сынып толықтай дәрісті меңгермейінше бір тақырып қайталанып оқытыла береді.
Сондай-ақ, аталмыш елде мектепке жұмысқа орналасу өте қиын. Ол үшін мұғалім өз мамандығын өте жақсы меңгеруі тиіс. Әйтпесе, арнайы құрылған комиссияның талаптары мен сұрақтарынан өте алмауы мүмкін. Елде ұстаз сөзі өте құрметті. Қоғам ұстаздармен тікелей санасады. Мәселен, ол жақтағы ұстаздың орташа жалақысы – 2500 АҚШ долларын құрайды. Бұл айлық сомасының көптігі бойынша АҚШ, Англия, Жапониядан кейінгі төртінші орын. Онда бір мұғалім аптасына бір ғана дәріс оқиды. Демек, ол бір сабаққа бір апта бойы дайындалып, оқушыға максималды білім беруге дайын. Осыдан болса керек, РІSА оқушылардың білім деңгейін саралайтын халықаралық ұйым «Сингапурдағы білім беру жүйесі ХХІ ғасырдағы ең тиімді әрі ең сапалысы», – деп таныған.
ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЗДІК МЕКТЕПТЕР
Жаһан елдері арасында білім беру жүйесі бойынша көш бастап тұрған елдіңі бірі – Оңтүстік Корея. Мұнда балалар 8 және 10 жас аралығында бастауыш мектепте оқиды. Бастауышта корей тілі, математика, нақты ғалымдар, бейнелеу өнері оқытылады. Барлық пәнді бір ұстаз оқытады. Білім беру жүйесінің сатыларына өту емтихан қортындысымен емес, оқушының жасына байланысты анықталады. Тілдерінің грамматикасында өзгерістер көп болғандықтан, ағылшын тілін меңгеру өте қиын. Оқушылар арнайы курстарға барады. Мұнда қоғамдық мектептерден өзге жекеменшік оқу орындары бар. Ол мектептің артықшылығы, білім беру деңгейі өте жоғары. Ақылы мектептер бір оқушы үшін айына 130 доллар алады.  Орта мектепті 12-15 жас аралығындағы балалар оқиды. Орта мектептердің тәрбиесі мен талабы өте қатаң. Күнінен 6 негізгі пән 1 мамандандырылған пән оқытылады. Пәндер жыл сайын өзгеріп отырады. Корея білім беру жүйесінде математика мен ағылшын пәніне баса назар аударады.
Сонымен қатар, дәстүр бойынша сабақты қыркүйек емес, сәуір айында бастайтын елдің бірі – Жапония. Олардың түсінігінше, сәуір айы жаңа өмірді бастау үшін ең қолайлы ай. Жапондықтар бастауыш сыныпқа 6-7 жасында қабылданады. Мектептері басатауыш, орта және жоғарғы деңгейге бөлінген. Олар бастауыш сыныпта 6 жыл, орта және жоғары сыныпты 3 жылдан оқиды. Білім саласы 12 жылдық, оның 9 жылын кез-келген жапондық оқуға міндетті. Жапония оқушыларына демалыс берілмейді. Олар демалыс уақытының барлығын емтиханға дайындықпен өткізеді. Білім саласында сынақ тапсыру 7-сыныптан басталады. Оқушылар жылына екі-үш рет сынақ тапсырады.
Үздіктер қатарынан табылған Ұлыбритания мектептеріне де әлем елдерінің сұранысы өте жоғары. Британдық мектептер «Барлық жерде оқытады, бірақ біз нағыз серілерді тәбиелеп шығарамыз» деген ұранды ұстанады. Білім беру жүйесіндегі біріккен Корольдікке тән ерекшелігі – ақылы интернаттар. Бүгінде мұндай пансионаттарда ақсүйектер ұрпағы білім алады. Бастапқыда 2-7 жас аралығындағы балаларға «рreparatory schools» жүйесімен білім беріп, 7-13 жаста «junior schools» жүйесі бастауыш сынып білімін береді. Бастауышты бітірген оқушы емтихан тапсыра алмаса, ол үшін болашақ жабық. Ал, «Senior School» – 13-18 жас аралығындағы балалар білім алып, GCSE емтиханын тапсыру арқылы «A-Level» немесе «International Baccalaureate» бағдарламасына өтеді. Университет бітірген студент 21 мың фунт айлық алатын жұмысқа тұрмаса, кредитін төлемеуге болады.
Сондай-ақ, АҚШ-тың мектептерінде оқу тәртібі тіл және әдебиет, нақты және гуманитарлық ғылым, т.б. болып бірнеше категорияға бөлінген. Жоғары сынып оқушылары әр саладан кредиттік жүйе жинақтайды. Сол жиналған балл арқылы оқушының деңгейі анықталады. Жалпы алғанда, АҚШ-та өзіндік оқу ерекшелікке ие. Онда мұғалім оқушыны жеке шақырып алып, бағасын өзіне ғана көрсетеді. Әр жарты жыл сайын ата-анаға баласының үлгерімін жіберіп отырады екен.
ЖАҺАНДАҒЫ ӨЗГЕШЕ 5 МЕКТЕП
Мектеп – білімнің көзі екені анық. Дегенмен, бүгінгідей жаһандану заманында әр мектептің білім беруі мен тәрбиелеуі, тіпті мектептің орналасу орны да түрліше. Мәселен, Канададағы мектептердің бірінде мүлдем тәртіп жоқ деуге болады. Онда оқитын шәкірттер үй тапсырмасы, баға, сабақ кестесі дегенді білмейді. Оқушы сабаққа бару, бармауын өзі шешеді. Философия, аспаздақ, мүсіндеу пәндерін қосымша өтеді. Ең қызығы, ұстаздар балалрға не істесе де кедергі жасамайды.
Ал, АҚШ-ғы «THINK Global» мектебінде әр жаңа оқу жылы сайын оқушылары жаңа елге көшіп отырады. Олар 12 жыл ішінде 12 мемлекетте өмір сүру мүмкіндігіне ие болады. Әр оқушыға Macbook, iPad және iPhone сынды құралдар үй тапсырмасын орындау үшін беріледі. Мұнымен қатар, өздеріне ғана тиесілі әлеуметтік желісі бар.
Англияның «Студия» мектебі оқу материалдарының тек практика жүзінде меңгерілетіндігімен ерекшеленеді. Мектептің әр шәкірті болашақта жұмыс істегісі келетін компаниямен мектеп қабырғасында жүріп келісім-шартқа отыра алады.
Сондай-ақ, Даниядағы «Ашық кеңістік» мектебінің өзгешелігі – ғимаратының ерекшелігінде. Ішінде бөлек-бөлек орналасқан кабинеттер жоқ. Барлық мектеп оқушысы бір үлкен залда отырып сабақ оқиды. Еденге жарқын түсті жастықшалар қойылған. Мұнымен қатар, толықтай интернетпен қамтылған. Ортада тұрған баспалдаққа шығып, ғимарат ішінде өтіп жатқан сабақтарды бақылауға болады.
Камбоджадағы «жүзетін мектеп» атына сай суда орналасқан. Сол маңдағы Кампонг Луонг ауылының барлық үйі су үстіне салынған. Мектепте ата-анасы балық аулау кезінде қайтыс болған 60-қа жуық оқушы оқиды. Ғимарат ішінде бір ғана сынып бар. Оқушылар ол жерде бос уақыттарын өткізеді. Ал, мектепке арнайы легендермен жүзіп келеді екен.
Айсұлу АЛДАНАЗАР.
13 қараша 2021 ж. 1 560 0