Өрісінде ТӨРТ ТҮЛІГІ тҮЛЕГЕН аудан

Өрісінде ТӨРТ ТҮЛІГІ  тҮЛЕГЕН аудан

 Жаңақорған – бағзыдан атакәсіпті арқау еткен берекелі аймақ. Жазиралы жайылымы төрт түлікті түлетіп һәм төлдетуге таптырмайтын жер. Дала дидарының тұмса табиғатын осы қоныстан табасыз. Содан болса керек, мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасының орындалу барысы бойынша аудан облыста көш бастап тұр. Бір ғана мысал, өткен жылы жоспар бойынша 920 бас мүйізді ірі қараға қол жеткізу керек болса, оны 1269-ға жеткізіп, 349 басқа артық орындаған. Иә, аудан көлемінде соңғы жылдары мал шаруашылығын дамытуда нәтижелі жұмыстарға қол жеткізілді. Атакәсіпті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар аясында бекітілген жылдық жоспарларды бірінші жарты жылдықта орындауға қол жеткізілген. Бұл туралы…

Толығырақ

Электронды үкіметтің әлеуеті

Электронды үкіметтің әлеуеті

Біз бүгін ғаламтордың ғаламат мүмкіндігін сөз етпекпіз. Шалғай ауылда отырып, аудан орталығынан қандай құжаттарды алуға болатынын қарастырдық. Яғни, «Электрондық үкімет» порталының пайдасы мен қолжетімді қызметін тарқата айтпақпыз. Биыл е.gov.kz сайтының халыққа электронды түрде қызмет көрсете бастағанына 10 жыл. Алайда осы он жыл ішінде интернетті қаншалықты игілігімізге икемдедік? Пайдалы порталға 5 миллионнан астам пайдаланушы тіркелген. Жалпы, күн санап портал пайдаланушыларының саны артуда. Онлайн қызмет түрлері арқылы тұрғындар уақыты мен қаражатын үнемдейді. Орталықтың о бастағы мақсаты да мемлекеттік қызмет түрін оңтайландыру еді. Бұқара халыққа сапалы қызмет көрсетіп, көп қағазды азайтып, құжаттарды электрондық…

Толығырақ

Адамның жарты өмірі көлік кептелісінде өтетін елдер бар

Адамның жарты өмірі көлік кептелісінде өтетін елдер бар

Дамыған елдердің басты мәселесінің бірі көлік кептелісі болғаны сөзсіз. Себебі, бір күннің көп уақыт көлік кептелесінде өткізіп, замыраған уақытты көліктің ішінде өткізуге тура келуде. Мұндай жағдайды Алматы шаһарының тұрғындары жақсы түсінеді. Алматы қаласында кептелістің алдын алатын айнамалы көпірлер мен жолдарды кеңейті жұмыстары қарқынды жүргізгенімен «Алматылықтардың жарты өмірі көлікте өтеді» деген сөзді жиі естейміз. 2015 жылдың 21 қаңтарында Алматы қаласының Сайын көшесімен Шаляпин көшелерінің қиылысынан бастап Әл-Фараби мен Сейфуллин көшесіне дейін созылған жол кептелісі орын алып, сағаттар бойы көліктер тапжылмай бір орында тұрған. Ал, көлік кептелісі жөнінен рекорд Қытайдың Шанхай қаласына тиісілі…

Толығырақ

Жолдың жағдайы қалай?

Жолдың жағдайы қалай?

      «Жол жаман болса: ат та сүрінеді, атан да сүрінеді», «Алыс жүргенде, жолмен жүр», «Жол жолға жалғасады, ел елге жалғасады», «Жол мақсаты – жету», «Жол қадірін, жүрген біледі». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы да осындай халық даналығымен астасып жатар. Біз стретегиялық құжаттағы көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жайын негізге алып, Жаңақорғанның жолдарына саяхатқа шығып көрген едік.   Жол… Елімізде 23 500 шақырым жол республикалық маңызға ие болса, оның 110 шақырымы Жаңақорған ауданына тиісілі. Облыстық маңыздағы 158 шақырым, аудандық маңыздағы 158,9 шақырым автомобиль жолы күнделікті қатынасқа…

Толығырақ

ГАСТАРБАЙТЕРЛЕР НЕГЕ КӨБЕЙДІ?

ГАСТАРБАЙТЕРЛЕР НЕГЕ КӨБЕЙДІ?

  Қазақстан Орталық Азия елдері ішінде еңбек етуге ең қолайлы мемлекет. Содан болар елде өзбек, қырғыз, тәжік ағайындар маусымдық жұмыстан нәпақа тауып қалуға тырысады. Тіптен, тәуірі табылса тұрақты жұмыс істеуге ниеттілері көп. Сондықтан 2014 жылы еңбек мигранттар туралы заң қайта күшіне енді. Содан бері заңды, заңсыз тұрғыда жалдамалы жұмыс жасайтын гастарбайтерлер саны артпаса, азайған жоқ. Статистика сүйенсек, облыс орталығынан кейін көште Жаңақорған келеді. Өйткені, Жаңақорғанда құрылыс қарқынды, ауылшаруашылық саласында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл ауданның әлеуетінің қаншалықты артқанын көрсетсе керек-ті. Алайда, бақыр тиынды өз қалтаға емес, өзгенің алақанына салып беріп жатқанымыз…

Толығырақ

ВАКЦИНА: енжар қараймыз ба, әлде емге балаймыз ба?

ВАКЦИНА:  енжар қараймыз ба, әлде емге балаймыз ба?

  Халық денсаулығын сақтау жүйесі тек дамыған, үнемі жетілдіріп отыратын, жарқын келешекті көздеген қоғамдаға ғана кемел деңгейге көтеріле алады. «Қоғамның басты байлығы – дені сау адам» екені де даусыз. Ел тұрғындарының  саулығын қорғау мақсатында мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жүйелі жұмыстар жүруде. Соның бір айғағы – «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы. Бұл құнды құжаттың бір бағыты – аурудың алдын алуды күшейтіп, вакцина екпесін дер кезінде жасау арқылы түрлі сырқаттың таралып кетпеуін болдырмау. Қазіргі таңда әлемнің барлық елінде бастапты медициналық-санитарлық көмек көрсетуді дамытудың негізгі құрамдасы – жұқпалы ауруларға қарсы жұмыстар қарқын ала түскен. Яғни, қазақы…

Толығырақ

Кедейміз деме, көлік көп

Кедейміз деме, көлік көп

    Таңғы сағат тоғыздың шамасы.Жаңақорған кенті Аманкелді көшесіндегі «Халық банкі» жанындағы бағдаршамда қызыл түс жанып тұр. Жасыл түсті күтіп тұрған автокөліктер тізбесі «Қазақтелекомға» дейін созылған (200 метр). Жұмысқа асығыс болғандықтан «жасыл қашан жанады?» деп іштей таусылып тұрмыз. Бірнеше минуттан кейін бас көшенің автокөліктері жүре бастады. 20 секундтан кейін қызыл қайта жанды. Біз қиылыстан өткен жоқ болатынбыз. Қайтадан жасылды күту. Не керек, таңғы кептелістен шықтық. Алайда, жұмыстан кешіктік. Алматыдағыдай бірнеше сағат кептелісте тұрмасақ та, ондаған минутты жоғалтқанымыз рас. Осыдан кейін «ауданда, кентте қанша автокөлік бар?» деген сұраққа жауап іздеп біраз…

Толығырақ

КІТАПТЫ КІМ ОҚИДЫ, КІМ ОҚЫМАЙДЫ?

КІТАПТЫ КІМ ОҚИДЫ, КІМ ОҚЫМАЙДЫ?

  Осы күні кітап оқу туралы әралуан пікір бар. Елағалары жастар кітап оқымайды десе, ал, жастар «Интернет адамға қажетті ақпаратты беріп, әлеуметтік байланыстарды кеңейтетін маңызды құрал», – деуде. Иә, әркімнің өз пайымы дұрыс-ақ…      КІТАП – ЕҢ САБЫРЛЫ ҰСТАЗ Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың парасатты ойы. Сондай-ақ «Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі», – дейді Мемлекет басшысы. Хакім Абай: «Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге», деп кітап оқудың маңызын мензейді. Кемеңгер жазушы Мұхаң (М.Әуезов): «Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін…

Толығырақ

Субсидия: оны алу жолдары

Субсидия: оны алу жолдары

  Кейінгі кезде кәсіп ашып іс бастағалы жатқандар мен шаруасын өркендеткісі келетіндерден «субсидия» сөзін жиі еститін болдық. Осы жерде «субсияда дегеніміз не?», «Оны қалай алуға болады?» деген сауал туындайды.   Субсидия латынның subsіdіum, яғни көмек, жәрдем деген мағынаны береді екен. Яғни субсидия дегеніміз – бюджеттің өтеусіз негізінде берілетін несие. Экономика тілімен айтсақ мемлекеттік бюджет есебінен демеу қаржы алу дегенге саяды. Міне, сондықтан бизнес өкілдері субсидия алуға ұмтылатын көрінеді. Жалпы субсидия ел өркендеуіне серпін береді-ау деген салалар бойынша берілуде. Мәселен, кәсіпкерлер «Сыбаға» бағдарламасы бойынша алынған түліктеріне және асыл тұқымды малдарына жем-шөп…

Толығырақ

Сауда мәдениеті қалай?

Сауда мәдениеті қалай?

    Осыдан бірнеше жыл бұрын Астананың сауда орнының бірінде орыстың кемпірі сатушыдан чек талап етіп тұрғанын көрген едік. Ал, осы көрініс бізде орын алса «мынау кемпір алжыған ба?», – деген сөз болары ақиқат. Сондықтан жаңақорғандықтар чек талап етіп, мемлекетке қыруар пайда тигізетіні жайлы біле бермейді-ау деген ой түйеміз.   ЧЕК НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ? Бірінші осы сұраққа жауап берелік.    Мемлекетке тигізер бірінші пайдасы. Тұтынушы сатушыдан чекті талап ету арқылы мемлекеттік бюджетті арттыруға үлес қосады. Себебі мемлекеттік Кірістер басқармасында тіркелген кассалық аппараттан берілген әрбір чекке кәсіпкер есеп беріп, салық төлейді….

Толығырақ