Берекелі ауылға бақ қонады

Берекелі ауылға  бақ қонады

Қазақы тәрбиеде үлкенді сыйлау, ағаны ардақ тұту дейтін құрмет інінің санасын сілкіп, қанға сіңген қасиетіне қозғау салады. Әсілінде, алдыңда ардақтар алты ағаң болсын, артыңда ізетті жеті інің болсын дегеннің өзі осындайдан шықса керек. Осы тұста, аққорғандық Жармұхамбет Төреқожаев ағамыз туралы айтпас бұрын арыдан сөз саптауға тура келеді. Ол Түгіскен тыңының игерілуіне сүбелі үлес қосқан арда азамат. Су шаруашылығының майталман маманы. Түгіскен ауылының 50 жылдық мерейтойына орай қадірменді қариямен біз қарашаңырағында қауыштық. «Елу жылда ел жаңа» демекші, әуелі әңгіменің әлқиссасын әріден бастауды жөн көрдік. Өткенге көз жүгіртіп, өзі де ауылдың іргетасы…

Толығырақ

Кітап – көркем мінезділікке тәрбиелейді

Кітап – көркем мінезділікке тәрбиелейді

КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТІ КӨП ОҚЫҒАН ТҰЛҒАНЫҢ ТАБИҒАТЫ ТАЗА, КӨҢІЛІ КІРШІКСІЗ КЕЛЕДІ. ЖАНАРЫНАН ЖЫЛЫ ЛЕП, ЖҮЗІНЕН ЖҰМАҚТЫҢ НҰРЫ ТӨГІЛІП ТҰРАДЫ. ОСЫНДАЙ ЖАННЫҢ БІРІ №3 МЕКТЕП ИНТЕРНАТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ, ҚАЗАҚ ТІЛІ, ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ, ӘУЛЕТІНІҢ ИБАЛЫ КЕЛІНІ ГҮЛНАРА САБЫРХАНҚЫЗЫ ӘЛІБЕКОВАМЕН САЛИҚАЛЫ СҰХБАТ ӨРБІТУДІҢ СӘТІ ТҮСТІ. – Сіздің дәрісіңізді бойға сіңірген оқушылар үнемі үлкен жетістікке жетіп отырады. Мұның құпиясы неде? – Мәлік Ғабдуллиннің «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді» деген сөзі нағыз ұстазға айтылған мінездеме секілді. Ұстаз болу жауапкершілігі…

Толығырақ

Жаңашыл ұстаз – жарқын леп

Жаңашыл ұстаз – жарқын леп

Мамандығына адалдық танытып, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім беруге арнаған ұстаздардың қашанда еңбегі өлшеусіз. Ұрпақ тәрбиесі деген ұлы көштің басында тұрған ұзтаздың қадірлі де қажырлы тірлігі әрқашан құрметке лайық. Ауданның ағарту саласында талмай еңбек етіп, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздар қатарындағы Меруерт Мелденова «100 жаңа есім» жобасына ұсынылып отыр.  Меруерт Жұмаділләқызы Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтын «биология-география» пәні бойынша бітіргеннен бері 22 жылға жуық ұстаздық етіп келеді. Қазір №163 орта мектепте география пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі, География пәні бірлестігінің жетекшісі, облыстық оқу орталығы әдістемелік кабинеттің мүшесі, география…

Толығырақ

АР-ҰЖДАН – АДАМДЫҚ ӨЛШЕМІ

АР-ҰЖДАН –  АДАМДЫҚ ӨЛШЕМІ

Елдің бірлігін арттырып, ынтымағын жарастырып жүрген жандар арамызда баршылық. Сондай азаматтың бірі – Серік Мұсабай. Ол «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының саяси кеңес мүшесі ретінде игілікті істердің ұйытқысы болып жүр. Ел ағасын қос бірдей мереке– Халықаралық қарттар және мұғалімдер күні қарсаңында «Сенбілік сұхбаттың» алаңына шақырған едік. – Адамның ұстанымы жастық шағынан қалыптасады десек, сол кездердегі өмірге деген көзқарасыңыз қандай еді? – Ең бірінші, сапалы білім алуға тырыстым. Сондай-ақ, спортты серік еттім. Әсіресе, бокс және жеңіл атлетикамен шұғылдандым. Кеңес әскері қатарында азаматтық борышты өтеген кезімде «писарь» болдым. Әрине, бұған білімділік пен…

Толығырақ

ҮЛГІ БОЛУ – ҮЛКЕН ІС

ҮЛГІ БОЛУ – ҮЛКЕН ІС

Елімізде әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің маңызды мәселелеріне белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елде әйелдің саяси һәм қоғамдық белсенділігіне айрықша көңіл бөлініп, белсенді де іскер, білімді де білікті қыз-келіншектерге даңғыл жол ашылған. Осы тұста, мемлекеттік қызмет жолында өзіндік жауапкершілігімен ұжымның үлгі тұтарлық мақтанышына айналған нәзікжандының бірі – Күлдана Абдреймова. Ол – Жаңақорған кенті әкімдігінің аппаратында бас маман. Кабинетінде білікті кадр болса, шаңырағында сүйікті жар, аяулы ана. Иә, біз бүгін сенбілік сұхбат төріне Күлдана Сейдеметқызын шақырдық. Қонағымыз мемлекеттік қызметші болғандықтан әңгіме ауанын гендерлік саясаттан бастағанды…

Толығырақ

ЖІГЕРСІЗДІК – БІЗГЕ ЖАТ ҚЫЛЫҚ

ЖІГЕРСІЗДІК –  БІЗГЕ ЖАТ ҚЫЛЫҚ

Ел егемендігін алған күрмеуі қиын кезеңде атқа қонып, аянбай еңбек еткен азаматтар ауданда баршылық. Осындай тұлғалар қатарына Әлімбай Шерубайұлын қосуға болады. Ел ағасын «Сенбілік сұхбаттың» төріне шақырып, ел жанашыры ретіндегі ағалық ақылын тыңдап, бүгінгі күннің беталысы жөнінде әңгіме өрбіттік. – Сіз 45 жылға жуық әр салада басшылық қызметте болдыңыз. Сіздіңше басшы қандай болуы керек? – Әкем Шерубай Кенжебаев колхоздың төрағасы болған. Отбасындағы жеті баланың үлкені мен едім. Институтты бітіріп жұмысқа орналасар кезде әкем: «Адал бол, халықпен бірге бол, жеке басыңның емес, халықтың мүддесін ойла. Жылпостық – бізге тән емес. Осы…

Толығырақ

ЕҢБЕК – АДАМ ШЫРАЙЫ

ЕҢБЕК –  АДАМ ШЫРАЙЫ

  Сыр өңірінде шаруашылық пен мәдени құрылыстағы аса үздік жетістіктері және жаңашыл қызметтерімен қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырған 102 қызылордалық Социалистік Еңбек Ері атанды. Сондай құрметке қожакенттік Арапбек Әбиев те лайық танылған. Дала академигі атанған даңқты күрішшіні Сунақ ата ауылында өткен «Дала күнінде» жолықтырып, «Сенбілік сұхбаттың» алаңына шақырған едік. – Дүйім жұрт сіздің қазіргі таңдағы тыныс-тіршілігіңіз бен өміріңіздегі жаңалықты білгісі келеді. Әңгімемізді осыдан бастасақ. – Расында, жерге сіңірген еңбегім жайлы талай жазылды. Ал, бүгінде Қызылорда қаласында тұрып жатырмын. – Диқаншылық кәсіппен айналысып, ел ырысы – Сыр күрішін өсіруден мол өнім жинап,…

Толығырақ

Жақсының жүрегі мыңды жылытады

Жақсының жүрегі мыңды жылытады

 Жарық дүниенің сұлулығы – сауыңда. Титтей жерден жабысқан дерт тұла-бойыңды меңдеп, сай-сүйегіңді сырқыратқанда қу жаныңды қайда қоярыңды білмей, бір тарының қауызына сыйып кетердей боларың рас. Осы сәтте қасыңнан табылар ақ желеңді аяулы жандардың қадірін шын біліп, аузынан шыққан әр сөзін Құранның хатындай көріп, жағаңа жармасқан жаналғыштың шеңгеліне қалқан қып, қайраттанып бағар сырқаттың жүрегіне сәуле құяр бір күш бар. Ол – дәрігерге деген сенім. Жас та болса өз кәсібіне шын берілген адалдығымен осындай сенімді арқалап келе жатқан ақ халатты абзал жан, орталық аурухана емдеу бөлімінің невропатологы, І санатты дәрігер Темір Жапаров…

Толығырақ

Білім – бір күндік мәселе емес

Білім – бір күндік мәселе емес

  Ұлттық мектептердің ұлы мұратын қалыптастыруда алтын діңгек болып отырған ауыл мектептерінің ахуалы алдымен ондағы еңбек етіп жатқан педагог кадрлардың өз кәсібіне деген адалдығына тікелей тәуелді. Біз бұл жерде қандай күрмеулі қиын кезеңдерде де киелі кәсібін тастап кетпеген, ұрпақ тағдырына өзін тікелей жауапты сезінетін жаны асыл, мақсаты айқын, сарқылмас мейірімнің қайнарынан қуат алып, қасиет-қадірін ұлықтай білетін ұстаз жөнінде айтып отырмыз. Осындай тұлғалар қатарында жас жігіт шағынан білім саласының сан тарау бейнетін кешіп белден, тауқыметіне көнген, тәлімгерлік тұғырын нық ұстап келе жатқан тәжірибелі ұстаз, білікті басшы, аудан орталығындағы №169 орта мектебі…

Толығырақ

АЗАМАТ абыройымен ажарлы

АЗАМАТ  абыройымен ажарлы

 Ардақты ардагерлерімізді қалай құрметтесек те жарасады. Оның ішінде, саналы ғұмырын қоғам тыныштығы мен тұрақтылығына арнаған құқық қорғау саласы ардагерлерінің орны ерек. Олардың зейнет жасына жетсе де, жас ұрпаққа демеу болып жүргені көңіл қуантады. Бүгін біз сөз еткелі отырған байырғы тәртіп сақшысы, ұзақ жылдар қоғам қауіпсіздігіне қалтқысыз еңбек еткен Тәжен Ержанов. Ол қазірдің өзінде құрметті еңбек демалысына шықса да, аудандағы нотариат қызметінің бел ортасында жүр. Тұрғындардың талап-тілегіне сай құқықтық һәм заң аясында құжаттарын куәландырып, алғаусыз алғысын арқалауда. Осыдан тура елу жыл бұрын ең алғаш еңбек жолын аудандық ішкі істер бөлімінде шофер-милиционер…

Толығырақ