ЕҢБЕК – АДАМ ШЫРАЙЫ

ЕҢБЕК –  АДАМ ШЫРАЙЫ

  Сыр өңірінде шаруашылық пен мәдени құрылыстағы аса үздік жетістіктері және жаңашыл қызметтерімен қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырған 102 қызылордалық Социалистік Еңбек Ері атанды. Сондай құрметке қожакенттік Арапбек Әбиев те лайық танылған. Дала академигі атанған даңқты күрішшіні Сунақ ата ауылында өткен «Дала күнінде» жолықтырып, «Сенбілік сұхбаттың» алаңына шақырған едік. – Дүйім жұрт сіздің қазіргі таңдағы тыныс-тіршілігіңіз бен өміріңіздегі жаңалықты білгісі келеді. Әңгімемізді осыдан бастасақ. – Расында, жерге сіңірген еңбегім жайлы талай жазылды. Ал, бүгінде Қызылорда қаласында тұрып жатырмын. – Диқаншылық кәсіппен айналысып, ел ырысы – Сыр күрішін өсіруден мол өнім жинап,…

Толығырақ

«ДАЛА КҮНІ»: КЕЛЕЛІ КЕҢЕС ІРГЕЛІ ІСТЕРГЕ БАСТАЙДЫ

«ДАЛА КҮНІ»:  КЕЛЕЛІ КЕҢЕС ІРГЕЛІ ІСТЕРГЕ БАСТАЙДЫ

  Жаңақорғанда егін шаруашылығы саласынан жағымды жаңалық көп. Биыл ауданда күріштің алты түрінен өнім жиналады. Аудандастырылып жатқан жаңа сорттардың өнімділігі «Дала күні» аудандық семинарында таныстырылды. Тың жаңалықпен танысуға «Тасболат-А» ЖШС егінжайына ат басын тіредік. Семинарды өткізуші ретінде серіктестік жайдан-жай таңдалмаған секілді. Біріншіден, Бақытжан Тасболатов ауданға инвестиция құйып, ширек ғасырдан бері айналымнан шығып, игерілмей жатқан жерлерге дәнді дақылдың дәнін септі. Екіншіден, серіктестік өнімділігі мол «Лидер», «Фоварит» секілді күріштің тұқымын егуге маманданған. Сонымен, Сунақта, Екпінді және Қожамберді ауылдық округінің жері түйіскен «Бес матор» деген жерде заманауи комбайндар сап түзеп тұр. Ығы-жығы адам…

Толығырақ

Білім – бір күндік мәселе емес

Білім – бір күндік мәселе емес

  Ұлттық мектептердің ұлы мұратын қалыптастыруда алтын діңгек болып отырған ауыл мектептерінің ахуалы алдымен ондағы еңбек етіп жатқан педагог кадрлардың өз кәсібіне деген адалдығына тікелей тәуелді. Біз бұл жерде қандай күрмеулі қиын кезеңдерде де киелі кәсібін тастап кетпеген, ұрпақ тағдырына өзін тікелей жауапты сезінетін жаны асыл, мақсаты айқын, сарқылмас мейірімнің қайнарынан қуат алып, қасиет-қадірін ұлықтай білетін ұстаз жөнінде айтып отырмыз. Осындай тұлғалар қатарында жас жігіт шағынан білім саласының сан тарау бейнетін кешіп белден, тауқыметіне көнген, тәлімгерлік тұғырын нық ұстап келе жатқан тәжірибелі ұстаз, білікті басшы, аудан орталығындағы №169 орта мектебі…

Толығырақ

Киелі кәсіп – Келешектің шамшырағы

Киелі кәсіп –  Келешектің шамшырағы

Ауылда туып, оның қара топырағының қасиетін бойына сіңіріп өскен тұлғаның табиғаты кең, туған жерге шексіз берілген болмысымен өзгелерден биік тұрары рас. Мұндай жандар замана ағысын аңдап, адамзатқа игілікті әрекеттің жалына жармасып, жігерін жанып, қолдан келгенше айналасына жақсылық жасауға бір табан жақын тұрады. Осындай жандардың қатарында саналатын, көп жылдар ауданның ауылшаруашылығы бөлімін басқарып, құрметті еңбек демалысына шыққан ардагер, ел ағасы Әбутәліп Сүйіндіковты сенбілік сұхбат алаңына шақырғандағы мақсатымыз шынайы шалқыған өңір шаруашылығының келешегі мен бүгінін саралау, салмақты ой, байыпты бағдар алу еді. – Өз өмір жолыңыздан нендей сыр түйдіңіз? Елдің жараулысы, халықтың…

Толығырақ

Намысшылдық серті – спорт құдіреті

Намысшылдық серті – спорт құдіреті

  Туған жерге туын тігіп, бір жерде көктеп көгерген дарақ сынды жапырағын кеңге жайған алып тұлғалы азаматтар – елді алға бастайтын да солар. Осы орайда Отанымыздың бір бөлшегі – ауылдың ажары мен айбаты, көркі мен көзайымы саналар алтын асықтай ұлдарымыз бен қырдың қызғалдағындай қыздарымыздың топ жарып жарқылдаған ірі жеңістері ұлы мұратты байтақ еліміздің жарқын болашағына сенім ұялатады. Байкенженің бағланы, спорт саласының саңлағы, ширек ғасырдан бері ауыл түлектерін шымыр да, шынайы дене тәрбиесіне баулуда бойындағы барын сарқып еңбек етіп келе жатқан білікті маман Батырқожа Бабаевпен сұхбатымыз да осы тақырыпта өрбіді. –…

Толығырақ

АУЫЛ – ҰЛТ МӘДЕНИЕТІНІҢ МӘЙЕГІ

АУЫЛ –  ҰЛТ МӘДЕНИЕТІНІҢ  МӘЙЕГІ

Ауыл мәдениеті – ұлттық құндылықтардың алтын өзегі. Ал, ауылдық клуб түрлі мәдени-рухани шаралардың шымылдығын түрген қасиетті шаңырақ. Және де ауыл жастарының талантын шыңдап отырған киелі мекен. Мұнда мәдениет майталмандары халықтың мәдени-рухани шараларының бел ортасынан табылып, бар өнерін паш етуден жалыққан емес. Осы тұста, есімін ел білгені мен өзі еленбей жүрген, Бірлік ауылдық клуб үйін отыз  жылдан астам басқарып, Бірлік халық театрының негізін қалауға ұйытқы болған Шәкір Бейсенбиевпен сенбілік сұхбат төрінде тілдестік.  Шәкір атаның шаңырағына арнайы барғанымызда отбасы шынайы қуанды. Себебі, жиырма жылдан астам уақыт көз жанарынан айрылып, үйден шыға алмай…

Толығырақ

ДҰРЫС ҚАРТАЯ БІЛУ ДЕ ҚАСИЕТ

ДҰРЫС  ҚАРТАЯ  БІЛУ ДЕ  ҚАСИЕТ

 Көп жылғы бейнеттің зейнетіне кенеліп отырған көнекөз аға буын үшін ең бастысы көшелі қария бола білу. Яғни, ақсақалдың ақылымен ағайынға араша, ынтымаққа жараса – қадіріңнің артқаны.осының бір көрінісіндей, береке дарыған Байкенже ауылында ардагерлердің төбе биі болып, қашанда ағайынды ауызбіршілікке шақырып отырған ел ағасының өмір жолына үңілдік. үнемі қоғамдық ортада өзіндік пікірін білдіріп, өмірлік тәжірибесін кейінгіге үйретуден жалықпай жүрген осындай ағамыз байкенжелік қария Балтабай Серкімбаевты «сенбілік сұхбат» төріне шақырдық. Әрине, қонағымыз саналы ғұмырын мемлекеттік қызметке арнағандықтан әңгіменің әлқиссасын елдің әлеуметтік дамуынан бастауды жөн көрдік. Әуелі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты…

Толығырақ

Ерлан Әптаев: АУДАН ФУТБОЛЫН БИІККЕ ЖЕТЕЛЕЙМІН

Ерлан Әптаев:  АУДАН ФУТБОЛЫН  БИІККЕ ЖЕТЕЛЕЙМІН

Бұрындары «асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар» деп үлкендер үнемі айтушы еді. Алайда, бұл ұғым бүгіндері түсінгенге терең мән беріп, айдарынан жақсы мағына есіп тұр. Себебі, қазір әлем халқының тең жартысы футбол десе ішкен асын жерге қоятын дәрежеде. Тіпті, еуропалықтар футболды өмір дейді. Қазақстанда да бұл спорттың даму қарқыны күшті. Осы тұста, теңбіл допты ығына бағындырып, талай дүбірде ауданның намысын абыроймен қорғап жүрген аяқдопшылар Жаңақорғанда жетерлік. Бүгін сол жас өскінге үлгі болып жүрген аға буынды мақалаға арқау етпекпіз. Оның есімі тек аудан, облыс қана емес, көрші Оңтүстік өңірдің футболшы қауымы…

Толығырақ

Айдархан Бибасаров: «Менің ұстазым – кітап»

Айдархан Бибасаров: «Менің ұстазым – кітап»

    Елде болып жатқан оқиғаларға объективті баға беріп, талдай алатын, өзіндік көзқарасы мен пайымы бар, қаламгерлік стилі қалыптасқан шығармашыл тұлға Айдархан Бибасаровтың ішкі жан дүниесіне үңіліп, шығармашылық шеберханасын барлап көрдік.    – Зейнеттегі қаламгер не бітіруде? – Журналист өзін «зейнеттемін» демеуі тиіс. Қаламгер қашанда қоғамның бел ортасында жүріп, өзінің белсенділігімен ерекшеленіп, пайымды ойы, мазмұнды сөзімен елге қызмет жасауы керек. Қаламгер баспасөзге үнемі мақала жариялап тұрмаса да, өзінің ортасында елдің дамуы, Елбасының салихалы саясаты жайлы парасаты жеткенше әңгіме өзегіне айналдырып, насихаттау қажет. Бір сөзбен айтқанда, Бұқар жыраудың жолын ұстанғаны абзал….

Толығырақ

КЕҢ ПЕЙІЛДІ КЕМІМЕС

КЕҢ  ПЕЙІЛДІ  КЕМІМЕС

  Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Сол себепті де, ауылға бүйрегі бұрмайтын, ауыл десе, құлағы елеңдемейтін адам кемде-кем. Осы тұста, «Ауылына қарап азаматын таны» деген дана қазақтың нақылы еріксіз еске оралады. «Елім» деп еміреніп, «жұртым» деп жүрген жаны жайсаң жомарт жандар ауылда да жетерлік. Олар қашанда бұқараға жасаған жақсылығын жасырып, және бір ізгілікті істің ұйытқысы болуға дайын тұрады. Міне, осындай ізгі қасиеттерді бойына жинаған өзгенттік Бақытжан Төлегенов сенбілік сұхбат төрінде. Әңгіменің әлқиссасын соңғы жеткен сүйінші жаңалықтан бастағанды жөн көрдік. – Аға, күні кеше елге еткен еңбегіңіз ескеріліп, есіміңіз Елбасы бағдарламасынан…

Толығырақ