РЕЖИССЕР – РОЛЛАН

РЕЖИССЕР –  РОЛЛАН

АУДАНЫМЫЗДА АЛҒАШ ХАЛЫҚ ТЕАТРЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАП, ЕЛ ІШІНДЕГІ ТАЛАНТТАРДЫ ТАУЫП, КИЕЛІ САХНАНЫҢ КЕЛБЕТІН ОРНЫҚТЫРЫП КЕТКЕН МӘРИЯШ РАЙШЕВА, ӘМІР МАЖИТОВ СЫНДЫ САҢЛАҚТАРДЫҢ ЕСІМІ ЕЛ ЖҮРЕГІНДЕ. ӘСІРЕСЕ ӘМІР АҒАМЫЗДЫҢ КЕШЕГІ КЕҢЕСТІК САЯСАТЫНАН ТУЫНДАҒАН ГЕНОЦИДТІҢ КЕСІРІНЕН ҚАНШАМА ТАҒДЫРДЫҢ ТОЗ-ТОЗЫ ШЫҚҚАНЫН ШЫНАЙЫ АШЫП КӨРСЕТЕТІН «БІР ҮЗІМ НАН» ПЬЕСАСЫ АЛҒАШ ТОТАЛИТАРЛЫҚТЫҢ ҚҰРСАУЫН ЖАРЫП ШЫҚҚАН ЖАНАРТАУ СЫНДЫ СИПАТЫМЕН ТАРИХТА ҚАЛДЫ. АЛ РЕЖИССЕР – РОЛЛАН Бақтыбаев ЕЛ ЖАДЫНДА НЕСІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНУІ МҮМКІН? Ролланды ең бірінші елге танытқан-оның әншілігі. Қыран қабақ, отты жанарлы жас жігіт сахнаға жарқ етіп шығып, дала ұлына тән еркіндіктің рухын шарықтатқан шыбытына мінгенде көрермен көңілін…

Толығырақ

ТАЗАЛЫҚТЫ ҚАЙТСЕК ДҰРЫСТАЙМЫЗ…

ТАЗАЛЫҚТЫ ҚАЙТСЕК ДҰРЫСТАЙМЫЗ…

     Вокзал. Адамдардың көп жүретін әлеуметтік нысанының бірі. «Тазалық кіре берістен басталады» дегендей вокзал қонақтардың назары түсетін бірден-бір орын. Сондықтан, қонақтар вокзалды көріп елді мекеннің дамуы мен сәулеттік көркіне баға беріп жатады. Ал, Жаңақорған кентіндегі вокзалдар тазалыққа қаншалықты мән береді. Соны білмекке темір жол және автовокзалға барған едік. Нысан маңында өркениеттіліктің, тазалықтың нышанын тану қиындау екен. Жалпы, мұндай жағдайдың орын алуына кент жастарының салғырттығы, экологиялық мәдениетінін төмендігі әсер етіп отыр. Себебі, жастардың шеккен шылымын, ішкен сусыны мен сырасын тұрған жеріне тастап кете беретінін көзбен көріп жүрміз.

Толығырақ

ЖЕР – ЖЕКЕНІКІ, ҚОҚЫС –ҚОҒАМДЫКІ Сонда қалай?

ЖЕР – ЖЕКЕНІКІ, ҚОҚЫС –ҚОҒАМДЫКІ Сонда қалай?

    Адамның ойлау мүмкіндігі кең кеңістікті шарлай алады. Сол секілді кей кісіде тар ұғыммен шектелу де бар. Яғни, самарқау сана мен самғау сананың аралығындағы алшақ аражікті аңғарамыз. Мұны жер телімі жөнінен бәсекелестік байқатты. Қолы ұзын мен бедел биігі бардың жолы болған екен. Қолдан келіп тұрғасын қоныштан басқан ғой. Соның сыбағасы мынау: Жаңақорғанда жас кәсіпкер үшін бос жер жоқ! Сіз соған сенер ме едіңіз, сенбесеңіз оның есебін, нақты иесін әлі білмей келеміз. Құжаттық қожайыны – қарапайым адам! Шындығында, жайылым да, суармалы алқап та жекенің қолында тұр. Жердің жекеге өткені жөн-ақ,…

Толығырақ