ЖЫЛҚЫНЫҢ КИЕСІ

ЖЫЛҚЫНЫҢ КИЕСІ

    Әсілі, Асқар Сүлейменов айтпақшы, қазақ арғымақтан жаралған. Оның себебі көп. Ең бастысы, ұлт болғалы бері жаратылысы жылқымен сабақтас, сондықтан біз жылқы мінездес жұртпыз. Ал, Қамбар атаның тұқымы туралы көсіліп жазуға да, апталап айтуға да арқау сөз жетерлік. Бір ғана «Көкмойнақтың үйірі» жырындағы «Жауға мінсем – айбарым, тойға мінсем – жайнағым, төбемдегі – байрағым, жанымдағы серігім, талыс танау – көрігім, асылың хайуан демесең – малдан бөлек келімің» деген теңеудің өзінен жылқының құнын білу қиынға соқпайды. Осындай қадір-қасиеті, тұлым-табиғаты ерекше қылқұйрық мені қанша рет қалам тербеуге итермеледі. Бүгінгі мақаланың байыбы…

Толығырақ

ӘЖЕМ АЙТҚАН ЕРТЕГІ

ӘЖЕМ АЙТҚАН ЕРТЕГІ

    Қазіргі ұрпақ ертегі тыңдап жүр ме? Осы сұрақтың жауабын аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі М.Көкенов атындағы мәдениет үйінде ұйымдастырған «Әжем айтқан ертегі» атты әже мен немере байқауында білдік.   Сайысқа ауыл мен кенттен іріктеліп, сүзгіден өткен әжелер мен олардың  немерелері қатысты. «Тегін білу тектілік» сайысын бастаған Рәзия Бейбітованың немересі Балнұрдың тегін таныстыруы тіптен ерекше болды. Өз кезегінде аталарының өнегелі сөздерін, игілікті істерін ертегідей жатқа айтып берді. «Өнер ағып жатқан бұлақ» кезеңінде әжелер жағының өнерден құралақан емес екендігін әсем ән мен мың бұралған биінен байқадық. Әжелер нақышына келтіре…

Толығырақ

Келін

Келін

  «Жақсы келін – келін, жаман келін – келсап». Ойланған адамға бұл сөздің мән-мазмұны терең. Себебі, келіні жақсы үйде қонақ үзілмейді, ал, жаман болса, келген кісі қайтқанша асығады. Яғни, үйдің берекесі келіннің «аяғынан» екені мәлім. Қазақ қызды қонақ деп құрметтеп, тәлімді тәрбие беріп, тұрмысқа шыққан жеріне сіңісіп кетуене үлкен мән берген. Содан болар ертенің деректерінде ел тыныш, жұрт аманда жастардың шаңырағы құлапты дегенді кезіктірмейміз. Тіптен, жесірін жылатпаған, жетімін қаңғыртпаған халықпыз. Алайда, кер заманға тап болдық па, ажырасу көбейді. Статистикалық мәліметке сүйенсек, бүгінде үйленген жас отаудың үштен бірі жыл сайын ажырасады…

Толығырақ

ШАМ

ШАМ

    Электр жарығы жалп етіп сөнді. Меңіреу тыныштық орнады. Тіршілік тұтастай тоқтағандай әсер берді. Балауыз шам жақты. Шамды ортаға алып, дастархан басында жағалай отырмыз. Көз бір ғана нүктеде, шамның дем ырғағымен иретілген сезімтал сәулесінде. Қызықты әңгіме дүкен басталды. Бірінің сөзін бірі бөлмейді, ынтымаққа ұйыған. Бір кезде электр жарығы жанды, ұйып отырған бәріміз тым-тырақай тарадық. Бірі компьютер құлағында, бірі теледидар алдында, бірі басқа шаруамен. Ой келді. Оттың құдіреті қайран қалдырды. Болар-болмас алау-сәуленің өзі қауымды бірлікке бағындырып, жұдырықтай қылып жұмылдырып қойды. Оттан отбасы, оған ұрпақ ұйыған ұғым шықты. Заман өркені жақсы…

Толығырақ

КРЕДИТТІҢ ТАУҚЫМЕТІ

КРЕДИТТІҢ ТАУҚЫМЕТІ

   Асаба: – Бүгінгі тойда қол соқпай отырған қазақтардың кредиттерінің (несиесі) пайызы өсіп кетсін, ал, қол соғып, қошемет көрсетіп отырғандардың кредиттері компьютерден өшіп кетсін», – деп ұрандатуда. Жастарды құттықтап тұрған мейман: – Құрметті жастар өмірде бақытты болыңдар… …«Тіршіліктің қадірін өлер кезде білерсің, Кредиттің қадірін төлер кезде білерсің!» демекші Алла бастарына кредит алуды жазбасын», – деп кеңес береді. Бүгінгі қазақ тойының жалпы көрінісі. Демек, кредит қазақтың өмірінің ажырамас бөлігі болған. Олсыз той өткізе алмаймыз, тойда кредитті қоспай құттықтау сөз сөйлемейміз. Кредитсіз автокөлік пен баспана ала алмаймыз. Жалпы бүгінгі қазақтың күні кредитке…

Толығырақ

ТӘРБИЕ ҚАЙНАРЫ

ТӘРБИЕ ҚАЙНАРЫ

Күншығыс елі жас өрендеріне жапонның 100 фольклорын жаттатады екен. Содан жапондық кәсіпкер мен заңгер, министр мен қарапайым жұмысшыға дейін жапон тарихына, әдебиетіне, фольклорын ұйқыдан оятқан сәтте де жатқа айтатын көрінеді. Ал қытайлықтардың өмір сүру қағидасы Конфуций ілімімен астасып жататын көрінеді. Олар тіптен, тамақтанса да, киім кисе де Конфуцийлық ілімге сүйенуді әдетке айналдырған. Аспан асты елінің азаматтары басқа елде нәпақа тауып жүрсе де, өмірін шығыстық ғұламаның іліміне негіздеп, нәтижесінде тұрған жерлерін қытайлық қалашықтарға айналдыру үрдісі бар. Сондықтан, қазіргі уақытта көптеген мемлекеттер қытай азаматтарын қабылдаудан бас тартуда. Осы жерде, «біздің қоғам мүшелері…

Толығырақ

Ұят

Ұят

    Ж.Баласағұн: «Ұятсыздық – ердің емсіз кеселі», «Ұят – жаман ойдың жүгені», деп пәлсапалайды. Ал, Ә.Науаи: «Ұятсызда опа жоқ», десе, С.Сарайи: «Ұятсыз адам иттен де жаман», депті. Осы ұлағаттың мәніне үңілсеңіз қазақ қоғамы мәдениеттіліктен, ар-ожданнан жұрдай болып бара жатқанын ұғасыз.   Сөзіміз дәлелсіз болмасын. Бірінші мысал, ата-анасына дауыс көтеріп, перзентке тән қызмет көрсетпей, қайта тірідей ардақтауы керек жанды «Қарттар үйіні» тоғытып жатқандар жоқ емес. Екінші мысал, қоғамдық орында немесе ағайын бас қосқан жиында үлкендерді басып төрге озатын жастар көбейді. Үшінші мысал, көшеде жартылай тыржаланаш жүруді арсынбайтын қыздар көбейді. Міне,…

Толығырақ

Таксист…

Таксист…

Таксист…   Үйір-үйір есектерді көрген сайын 90 жылдардың аяғы есіме түседі де тұрады. Ол кезде ауылда есек тапшы болатын. Егіс басына баруға таптырмас көлік еді ғой, шіркін! Тіптен, кент тұрғындары есек арбаларға мініп отын таситын. Қазір сол есектердің қадірі қашты. Себебі автокөлік көбейді. Осындайда жап-жас таксист жігіттің сөзі есіме оралады.   «Қаладағы И.Әбдікәрімов атындағы агро-техникалық колледжді бітірместен ауылға келдім. Колледжді жалғастырып оқығым да келмейді. Қазір өзіме қажетті күнделікті қаржыны таксиден айырып жүрмін. «Қой дейтін қожа» жоқ. Өзіңе-өзің бастықсың. Басқа жұмыс іздеуге ниетім де жоқ», – деді жас таксист Елтай. Айтқаны…

Толығырақ

АДАМЗАТТЫҢ КЕЛЕШЕГІ…  

АДАМЗАТТЫҢ КЕЛЕШЕГІ…   

      «Қазақстан-2050 стратегиясының» негізгі межесі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылып, «Мәңгі Елге» айналу. Бұл – біздің мақсат-мұратымыз. Бірақ,  2050 жылы әлем қандай болады? 35-50 жылдан кейін бізді не күтіп тұр?   Қазір ғылым мен инновациялық технологияның дамуына сүйеніп, түрлі болжамдар жасалуда. Мәселен, Viterbi School of Engineering мәліметіне сенсек, ғылым осыдан 20 жыл бұрын адамға жасанды ми жасаумен айналысуда. Қазірдің өзінде жетістік жоқ емес. Жасанды ми табиғи миді алмастыруға қауқарлы екен. Сондықтан жасанды ми алуға қол жететін уақыт алыс емес. Ал Skeptical Science ХХІ ғасырда ашылатын жаңалықтар қатарына…

Толығырақ

Жадыңыздың сыйымдылығы қандай?  

Жадыңыздың сыйымдылығы қандай?   

       Төрде қой басын бөлшектеп отырған ақсақал: «Балам, мына құлақ саған. Үлкендердің айтқанын ұғып алар құйма құлақ бол, ақпа құлақ болма!», – деген тілекпен балаға ұсынатын. Қазыналы ақсақалдардың әлгіндей сөздері еске түскен сайын «біз қай құлаққа жатамыз» деп қалың ойға батасыз.   Мұны неге айтып отырмыз? Себебі, кешегі Алпа­мыс пен Қобыланды жырын жеткізген, Абайдың өлеңін ауыл-ауылға таратқан құймақұлақтар арамызда аз. Шындығында, бір нәрсені пәленбай күні жасау қажет болса немесе түгенше күні біреудің туған күнімен құттықтау үшін телефонға жазып алып, оятарға қосып қоямыз. Керек десеңіз, «кеше ғана бір досым…

Толығырақ