ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР ЖИЫНЫ

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР ЖИЫНЫ

Елдің күш-қуаты – жастардың бәсекеге қабілеттілігімен, интеллектуалды ой-өрісімен, заманауи білімді меңгеруімен өлшенеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Елдің келешегі жастардың қолында» деп жастардың алдына биік мақсат қойды. Яғни, «Мәңгілік Елді» құруда белсенділік танытуға шақырды. Бүгінде жастар ұлы мұрат жолында беріліп, елдің дамуына үлес қосуға мүдделік танытуда. Жер-жерде жастар жиналып ой таласып, пікір алмасуды жолға қойды. Сондай мазмұнды шараның бірі – «Ел болашағы жастардың қолында» атты VII форумы. Аудандық «Ардагерлер және жастар ресурстық» орталығына 26 ауылдық округ әкімдігінің жастар ісі жөніндегі маманы жиналды. Алдымен жастар секциялық отырыста «Жастар ресурстық орталығының жұмыс жасау…

Толығырақ

ЕЛІ МЕН ЖЕРІ ЖАҢАРҒАН АЙМАҚ

ЕЛІ МЕН ЖЕРІ ЖАҢАРҒАН АЙМАҚ

Елу жыл. Тарих тезіне салсақ қас-қағым сәт. Адам өмірімен жарты ғасырлық ғұмыр. Бұл арада қаншама ұрпақ алмасты. Біз сөз еткелі отырған ауыл – Аққорған. Бүгінде төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреген киелі қоныс. Түгіскен елу жыл ішінде қайта қалыптасу мен жаңғыруларды бастан өткеріп, іргелі атақонысқа айналды. Қазан айында құрылғанына 50 жыл толған Аққорған ауылы мерейлі мерейтойын кең көлемде атап өтті. Ауылдағы ағайынның қуанышына ортақтасуға жер-жерден жүздеген қауым жиналып, тіршілігі түзелген Түгіскеннің бүгінгі тынысымен танысты. Болашағы баянды. Келешегі кемел екендігіне көзі жетті. Әуелі ауылға кіре-берістегі аумақтан «Туған жер» ескерткіші…

Толығырақ

Театрдың тылсым сырлары

Театрдың тылсым сырлары

Кентте театр болмаған соң,  киелі тұғырдың қасиеті мен құпиясын көпшілігіміз біле бермейміз.Сондай мәдениет үйінің біз білмейтін қызығымен бөлісуді жөн көрдім. 2011 жылы шілде айында Лондон театрында кешкісін «Бесік жыры» деп аталатын өзгелерден ерекше қойылым болған. «Қойылым несімен ерекше» дейсіз ғой? Онда кресло орындықтарын бір адамдық, екі, тіпті үш адамдық кереует қылып жасап,  үстіне көрермендерді жатқызған екен. Олардың басты мақсаты —  көрерменді жайлы жайғастырып алып, тыныш ұйқыға батыру. Таңғы ас та осындай қойылыммен таратылған. Константин Анисимов  — Ленин комсомолы атындағы Ленинград театры труппасының актеры, әрі  «Зенит» футбол клубының ішкі ойындарының дикторы….

Толығырақ

Латын әліпбиіне көшу мәселесі талқыланды

Латын әліпбиіне көшу мәселесі талқыланды

    2017 жылдың 20 қазан күні Жаңақорған кентіндегі  №163 орта мектебінде қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруді қолдау бағытында мектеп ұжымы арасында талқылау болып өтті. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары С. Кеншінбаева: — Бүгінде қазақ тілінің жаңа әліпбиіне байланысты мәселе қоғамда қызу талқыланып жатқанынан хабардарсыздар. Латын қаріпіне көшу туралы Елбасымыздың идеясы осыдан он жылдан астам уақыт бұрын көтерілген болатын және бұл әрқашан Елбасның бақылауында болды. Әлемде ешбір мемлекет өзінің жаңа әліпбиге көшуін бүкіл халық болып талқылаған емес. Мемлекет басшысы Н. Назарбаев елдегі әрбір адамның пікірі маңызды екенін айтып, осылайша…

Толығырақ

Жерлесіміз Серік Ибрагимов барша жігіттердің атынан Еркеге қарсы ән шығарды

Жерлесіміз Серік Ибрагимов барша жігіттердің атынан Еркеге қарсы ән шығарды

Танымал қазақстандық әнші Ерке Есмаханның «Қайда» әніне қарсы «Бар-бар» әнін жарыққа шығарды, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталған әннің әні мен сөзін жазған Ерболат Қарақойшы болса, орындаушы Серік Ибрагимов. Әннің авторы «Бар-бар» әнін Ерке Есмаханға барша жігіттердің атынан жауап ретінде шығарғанын өзінің инстаграм парақшасына жазған. «Ал достар! Ерке ханымның «Қайда», «Жоқ» деп салған әніне «Бар-бар» деп жазған жауабымды Серік Ибрагимов бүкіл қазақ жігіттерінің атынан жеткізіп жатыр. Қабыл алыңыздар, телефондарыңызға қағып алыңыздар, «жоқ-жоқ» деп жүрген сүйіктілеріңізді тауып алыңыздар», — деп жазған жас ақын Ерболат Қарақойшы.

Толығырақ

Латын әліпбиіне көшу мәселесі талқыланды

Латын әліпбиіне көшу мәселесі талқыланды

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінде талқыланған мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандарттарын енгізу мәселесі 2017 жылдың 19 қазан күні Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен,  19 қазан күні  №56 мектеп мұағлімдері мен қызметкерлері арасында жиын өткізіліп, талқыланды.

Толығырақ

WhatsApp мессенджерінде жаңа функция пайда болды

WhatsApp мессенджерінде жаңа функция пайда болды

WhatsApp мессенджерінің қолданушыларында геомәліметтер жіберу мүмкіндігі пайда болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мессенджердің блогына сілтеме жасап.  «Бүгін жаңа жүйені таныстырмақшымыз. Оның арқасында сіздер өзіңіздің тұрған жеріңізді дәл сол уақытта отбасыңызға не достарыңызға жібере аласыз. Геомәлімет — бұл сіздің қайда екеніңізді білдіру жүйесі. Сіз достарыңызбен кездесу үшін немесе өзіңіздің қауіпсіз жерде жүргеніңізді я болмаса баратын жерңізді бөлісе аласыз», — дейді құрастырушылар.  Жүйе шифрланған және қай уақыттың ішінде және кіммен бөлісуді өзіңіз басқарасыз. Хабарламада бұл жүйенің кез келген уақытта өшіруге болатыны айтылған.  Жүйені қосы үшін керек адаммен чатты ашып, «Қосу» фунциясын басып, «Орын/Тұрған…

Толығырақ

Ел болашағы – жастардың қолында

Ел болашағы – жастардың қолында

Иә, бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауда айтқан сөзі еді. Осы тәмсілді жадына құйып, негізгі тақырып етіп өрбіткен шараға кент және ауыл жастары қатысып, еркін пікір алмасты. Жаңақорған ресурстық орталығының директоры Әкімбек Әлібек: «Жастардың рухнаи жаңғыруына, әлеуетінің биіктеуіне осы форумның маңызы зор. Себебі, осы басқосуда жастардың көкейінде жүрген сауалдарға жауап береміз. Алға талпынуға, мәселелерді шешуге мемлекеттік бағыт-бағдарлар бар екенін ескертеміз. Бүгінгі таңда жастарға кәсіп игеруге, инновациялық қабілетін жетілдіруге, шығармашылық тұрғыда дамуға мемлекеттік бағдарламалар бар. Қандай мәселе болмасын, шешудің жолы болады», – деді. Жастар ресурстық орталығының директорының сөзінен кейін, көпшілік өз ойларын…

Толығырақ

Кітабы шықты

Кітабы шықты

Белгілі қоғам қайраткері, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, аудандық мәслихаттың үш дүркін депутаты болған, Ермағанбет Ибрагимовті «Түгіскенді түлеткен елге 50 жыл» атты кітабы жарық көрді. Кітап гақты деректер бойынша жазылып, суреттермен безендірілген.

Толығырақ