ҚАНДӨЗДЕ ЖАҢА ӘКІМДІК ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ

ҚАНДӨЗДЕ ЖАҢА ӘКІМДІК ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қандөз ауылдық округінде жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылу салтанатында аудан әкімі Ғалым Әміреев пен ауыл ақсақалдары ақжарма лебізін білдіріп, халықты Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Толығырақ

«ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ»: ЖАҢАҚОРҒАНДА ӘК ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

«ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ»: ЖАҢАҚОРҒАНДА ӘК ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Қызылорда қаласындағы «Сұлтан Плаза» кешенінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында дәстүрлі «Туған жерге тағзым» атты акция өтті. Аймақ басшысы  Қырымбек Көшербаев, еліміздің әр түпкірінде жүрген ел азаматтары мен зиялы қауым өкілдері қатысқан акция барысында телекөпір арқылы бірқатар өндіріс нысандары ашылды. Тәуелсіздік қарсаңында телекөпір арқылы бастау алған шағын өндіріс қатарында Жаңақорған ауданында әк зауыты жұмысын бастады.

Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІМ!

ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІМ!

Ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай,  №2 кенттік кітапханада «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты тарихи кеш өткізілді. Кешке Аудандық мәдениет үйінің Халық ақыны М. Көкенов шығармашылық өнер мектебінің жетекші маманы Ибрагимов Уәлихан, мектеп кітапханашылары және №169, №51, №56 орта мектептің 7,8 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар желтоқсан оқиғасында көтеріліске шыққан жастар туралы, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегі арқасында егеменді ел болғанымызды өлең арқылы жеткізді. Оқушылар «Желтоқсан оқиғасы» жайында, ондағы болған оқиғаларды көрініс арқылы жеткізіп,өлең жолдарын әрбір оқушы орындап, тартымды өткізді. Кеш тақырыбына байланысты «Қазақстан. Ұлы Дала Елі. Тәуелсіздік» атты кітап көрмесімен танысты. Мақсаты: Оқушыларға…

Толығырақ

«АЛТЫН АДАМ» ШЕТЕЛГЕ ШЫҒАРЫЛДЫ

«АЛТЫН АДАМ» ШЕТЕЛГЕ ШЫҒАРЫЛДЫ

Қазақ жерінен табылған «Алтын адам» алғаш рет шетелге шығарылды. Енді ұлы даланың төсін кезген көшпенділердің өнері күллі жаһанға көрсетіледі, деп жазды Egemen.kz сайты Хабар 24-ке сілтеме жасап. «Алтын адам» әлем музейлерін аралайды» деп аталатын халықаралық жобаның алдымен ат басын бұрған өңірі – Беларусь Республикасы. Бұл елдегі ұлттық көркемөнер музейінде Қазақстаннан әкелінген жауһар жәдігерлер қойылды. Көрме ашылмай жатып-ақ жұрт оны әлем өнеріндегі басты шара деп бағалап үлгерді. Беларусь астанасындағы Көркем мұражайдың басты залына қойылған жәдігерлер теңдесі жоқ бірегей. Мұнда 232 экспонат пен сап алтыннан жасалған 120 әшекей бар. Халықаралық жоба елдің…

Толығырақ

2018 жылы елімізде зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тәсілі өзгереді

2018 жылы елімізде зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тәсілі өзгереді

2018 жылы елімізде зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тәсілі өзгереді. Жаңа жылдан бастап зейнетақы 8 пайызға, ал жәрдемақы 6 пайызға өседі деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ. Бір атап өтерлігі, әйелдердің зейнетке шығу жасы жарты жылға ұзарады. Ал базалық зейнетақыны есептеуде адамның еңбек өтілі басшылыққа алынады. Ол 1998 жылдан бері есептеледі. Егер еңбек өтілі 10 жылдан аз болса, оған ең төменгі күнкөріс көлемінің 54 пайызы ретінде зейнетақы тағайындалады. Яғни 15 мың теңге шамасында. Егер 10 жылдан артық болса, базалық зейнетақыға әр жылына ең төменгі күнкөріс көлемінің екі пайызы қосылады. Ал арнайы әлеуметік көмекті…

Толығырақ

«ГҮЛБАРШЫН АНА» БЕЛГІСІ – ЕЛДІКТІҢ ЕРЕН ҮЛГІСІ

«ГҮЛБАРШЫН АНА» БЕЛГІСІ – ЕЛДІКТІҢ ЕРЕН ҮЛГІСІ

Жаңақорғанда «Гүлбаршын Ана» кесенесі қайта жаңарып, тоғыз жолдың торабынан қайта бой көтерді. Бұрнағы бабалардан қалған шежіре-дастандарда Қожамберді ауылы аумағында орналасқан «Көккесене» Гүлбаршын анаға соғылған деген аңыз бар. Алпамыс батыр ұрпақтары бас қосып, ақылдаса келе, «Рухани жаңғыру» мақаласынан туындаған ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі бойындағы Қожамберді ауылына кіре-берісте маңнан «Гүлбаршын ана» ескерткіш белгісін орнатты. Бағаналы белгінің ашылу салтанатында аудан әкімі Ғалым Әміреев пен ел ағалары қатысты.

Толығырақ

ТЕМІР ЖОЛ ӨТКЕЛІ УАҚЫТША ЖАБЫЛАДЫ

ТЕМІР ЖОЛ ӨТКЕЛІ УАҚЫТША ЖАБЫЛАДЫ

      Қызылорда жол дистанциясының басшылығы 2017 жылдың желтоқсан айының 12 -сі күні  Жаңақорған станциясы мен 26-разъезд аралығындағы 300 шақырымның 6 бекетінде орналасқан темір жол өткелінде күрделі жұмыстар жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы сағат 09:00-ден 18.00 аралығында уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.

Толығырақ

ЖАҢАҚОРҒАНДАҒЫ ЕҢ ТАБЫСТЫ 3 БИЗНЕС

ЖАҢАҚОРҒАНДАҒЫ ЕҢ ТАБЫСТЫ 3 БИЗНЕС

Бүгінде шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекет айрықша назар аударуда. Содан болса керек-ті, жергілікті жерлерде кәсіпкерлік кең қанат жайып, бизнеске ынталы азаматтардың қатары артуда. Бұл дегеніміз, өңір экономикасының өркендеуіне мол септігін тигізеді. Аудан бойынша жеке кәсібін ашып, ісін дөңгелетіп отырған жан жетерлік. Осы тұста, бәсекеге қабілетті сапалы өнім шығару – басты назарда. Бұл жөнінде Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса…

Толығырақ

Индустрияландыру – даму даңғылы

Индустрияландыру – даму даңғылы

Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру картасы жобаларын таныстыру және «Алтын сапа», «Парыз» сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Телекөпір аясында еліміздің барлық өңірінен 11 тікелей көрсетілім жүргізіліп, соның барысында Қазақстан Президентіне Индустрияландыру картасының ең маңызды нысандары таныстырылды. – Индустрияландырудың ең маңызды жобаларын іске қосу жыл сайынғы игі дәстүрге айналды. Біз бүгін металлургия, өнеркәсіп, құрылыс материалдары, машина жасау, көлік және логистика салалары бойынша 25 жобаны іске асыруды бастадық, – деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев ауқымды индустрияландыру бағытын ұстанғанымыздың дұрыс болғанын және оның уақыт талабына сай екенін атап өтті. – Бүкіл…

Толығырақ