Күзгі спартакиада

Күзгі спартакиада

Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде колледжішілік спорттың 7 түрінен мамандық арасындағы күзгі спартакиада өтті. Спартакиадаға 8 мамандықтың 142 спортшы қатысып, бақ сынасты. Спартакиада қорытындысы бойынша бірінші орынды фермер мамандығы иеленсе, екінші орынды ветеринария командамасы қанжығасына байлады, ал жүлделі үшінші орынды Тау-кен жұмысшысы мамандығы командасы қанағат тұтты.

Толығырақ

Марапатталды

Билібайлық зейнеткер, зоотехник-селлекционер «Тәуелсіздікке 23 жыл» мерекелік медалінің иегері Танабай Бектібаев агроөнеркәсімке қосқан үлесі үшін Республикалық «Ұстаз жолы» қоғамдық қорының шешімімен «Елеулі еңбек үшін» медалімен марапатталды.

Толығырақ

Былапыт сөздері үшін жауапкершілікке тартылды

Былапыт сөздері үшін жауапкершілікке тартылды

  Жаңақорған аудандық сотында азамат М.-ға  қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабы  1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Іс құжаттарына сай құқық бұзушы М. 8 қазан 2017 жылы сағат 19:45 шамасында Жаңақорған кенті Тәуелсіздік көшесінің бойында орналасқан «Арасан» моншасының ішінде азаматша Ж-ға балағат сөздер айтып, яғни қоғамдық орында былапыт сөйлеп, жеке тұлғаға қорлап тиісіп, қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған. Сот отырысында оның кінәсі өзінің мойындауымен қатар, жәбірленушінің  түсінігімен және өзге де құжаттармен дәлелденді. Аудандық соттың қаулысымен азаматша М. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны…

Толығырақ

Басты мәселе – қоғамның рухани жаңғыруы

Басты мәселе – қоғамның рухани жаңғыруы

Жуырда аудан әкімдігінің мәжілісі залында аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Әйтпенбетовтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымастық жөніндегі кеңес отырысы өтті. Жиында Шалқия кенті, Сунақата, Сүттіқұдық, М.Нәлібаев, Қосүйенкі, Қыраш округі әкімдері мен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің есебі тыңдалды. Бірінші болып трибунаға көтерілген Шалқия кентінің әкімі Молдахмет Ауанов өзі басшылық етіп отырған кенттегі Үкіметтік емес Ұйымдардың тыныс тіршілігін сөз етті. Ол: «Шалқия кенттінде бастауыш ардагерлер ұйымының 129 мүшесі, әйелдер ұйымында 145 мүше, жастар ұйымында 792 мүше бар. Олардың жетекшісі Махан…

Толығырақ

Туған жер бала жүрегінде

Туған жер бала жүрегінде

Елбасы «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласында мемлекеттік идеология ретінде «Туған жер» бағдарламасын түзді. Осы тұста туған өлкеміз Аққорғанның 50 жылдық мерекесіне орай, жастарды отансүгіштікке, туған жер туралы түсінігін кеңейтуге бағытталған шаралар өткізілді. Жарты ғасырлық мерей тойын өткізгелі тұрған Аққорғандық ағайынның қуанышында шек жоқ. Осынау айтулы күннің құрметіне орай мекемелерде іс-шаралар ұйымдастырылып, елу жылдық мерекені бастап жіберді. Аққорғанның елу жылдық мерекесі  «Айдана 1999» балабақшасында «Ауылым алтын бесігім» ертеңгілігімен басталды. Осы шарада «Балапан» тобының бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетіп, туған жер тақырыбында ән шырқады. «Атамекен» әнімен шыққан Абзал Талғатұлының қоңыр дауысы елдің есінде…

Толығырақ

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

  №247 орта  мектебінде қазан айында  «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ!» тақырыбында кең – ауқымда шара ұйымдастырылды. Бұл шараға ауыл емханасының бас дәрігері Набат Маханбетова мен емхана психологы Сандуғаш Нәлібаевалар және ата – аналар, мектеп мұғалімдері, 9,10,11 – сынып оқушылары қатысты. Бесарық емханасының бас дәрігері Набат Маханбетова және психолог Сандуғаш Нәлібаевалар өздерінің арнайы дайындаған баяндамаларын оқып, оқушыларға жан – жақты түсіндіріп өтті. Әрі қарай  сұрақ – жауап арқылы оқушылардың толықтай түсінуіне «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында баяндама оқылды. Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз…

Толығырақ

ЕЛГЕ ЕТКЕН ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

ЕЛГЕ ЕТКЕН ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Жаратылысынан карапайым жандар болады. Сол қарапайымдылығынан еш ауытқымайды. Ол сонысымен де сыйлы, ауылдастары арасында қадірлі. Біз сөз еткелі отырған Танабай Бектібаев осындай теңеуге лайықты жан. Жақында ғана елге еткен еңбегін елеген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зинабдин Шермағанбетов  Танабайдың кеудесіне төсбелгі тақты. Яғни, ол ауданның агроөнеркәсіп саласындағы қажырлы қызметі үшін республикалық «Ұстаз жолы» қоғамдық қорының «Елеулі еңбегі үшін» медаліне лайықты деп танылды. Әңгіменің әлқиссасын әріден бастасақ. Жігіт жасынан білім ізденген Танабай әуелі Ташкент асып, Самарқанд қаласындағы Ауылшаруашылық институтына түседі. 1976 жылы институтты зоотехник-каракулевод мамандығы бойынша тәмамдайды. Туған өлкеге келіп, кеңшарға өз…

Толығырақ

ТЕРІС ПИҒЫЛДЫ ТОПҚА ТЕГЕУРІНДІ ТОСҚАУЫЛ

ТЕРІС ПИҒЫЛДЫ ТОПҚА  ТЕГЕУРІНДІ ТОСҚАУЫЛ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиялық құнды құжатында жат ағымдар мәселесін былайша сынға алды. – Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр. Жастарымыздың бір бөлігі өмірге осы жат жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені, біздің қоғамның бір бөлігінде шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз. Интернет пен жоғары технологиялар ғасырында, ақпараттар тасқындаған заманда «сүзгі» адамның ішінде болу керек – деді Ұлт көшбасшысы. Иә, қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі – жастар қауымын жат ағымның жетегінен сақтандыру. Әрі алдын алу насихат жұмыстарын үдету. Өйткені, қоғамда асыл…

Толығырақ