КӨЗБЕН КӨРГЕНДІ ҚОЛМЕН ЖАСАЙДЫ

КӨЗБЕН КӨРГЕНДІ  ҚОЛМЕН ЖАСАЙДЫ

Жаһанда мылтықсыз майдан жүруде. Батыс үлкендерді мәнсіз шоулармен алдап, зұлымдық пен қантөгіске толы фильмдермен санасын улауда. Бүлдіршіндерге де арналған бағдарламасы бар. Ол – айқай-шуға толы мағынасыз мультфильмдер. Батыстық экспанция жалғаса берсе адамдар тобырға айналуы әбден мүмкін. Себебі қазір интернет немесе сандық теледидары жоқ отбасылар некен-саяқ. Олар балаларымен пультке таластан ұтылып, өздерінің жатын бөлмелеріне теледидар қойды. Міне, қызық. Бала өзімен-өзі. Ата-ана өздері қалаған арнасын көреді. Мұны бір деңіз. Екінші нұсқа. Жұмыстан шаршап келген ата-ана баласының қандай теле өнім көріп жатқанына басын ауыртпайды. Өздері тынықса болды. Оларды баласы әрнәрсені айтып мазаламаса болғаны….

Толығырақ

ҚЫСҚА ҚАРЕКЕТІМІЗ ҚАЛАЙ?

ҚЫСҚА  ҚАРЕКЕТІМІЗ ҚАЛАЙ?

   Күздің қара суығы қалтырата бастағаны сол, жұрт қыстың қамына құмбыл кірісіп, көктемге дейін жететін отын-көмірін қамдап, ошағын түзеуде. «Қыстың қамын жазда ойлайтын» ағайынның қысқа дайындығы қалай? Кент тұрғындарының қанша пайызы газға қосылды? Көмір қоры жеткілікті деңгейде ме? Осы сауалдарға жауап іздеп көрдік. Аудан орталығына газ келгелі тұрғындар көгілдір отынның игілігін көруге белсенді кірісті. Осылайша, ошақтан шыққан күлді қайда төгеміз деген машақаттан арылып келеді. Әрине, газдың игілігін түсінетін тұрғындар үйіне газ кіргізе бастады. Көбі қыс жақындағанда газ кіргізетін мекемелерге кезекке тұрып, шабылып жүр. Осы тұста, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ аудандағы өкілдігіне…

Толығырақ

Пейшембіліктің «Қалаулымға» қандай қатысы бар?

Пейшембіліктің «Қалаулымға» қандай қатысы бар?

Қауым ел болғаннан соң ағайын-туыс, жақын-жуық, тамыр-таныс болады. Қуанышы болса қуанасың, қайғысы болса бөлісесің. Ауыл іші болғаннан кейін, бейсенбі күні пейшембілікке яғни құдайы асқа барамыз. Бүгінде бардық бауырлардың ниетіне ортақтаспаққа. Соңыра дəм ауыз тиіп, шалдардың «өнегелі» əңгімесін тыңдадық. Алғашында мəн бермегендіктен байқамаппын. Сөйтсем қасымдағы жігіт айтады. Шалдар Қалаулым бағдарламасын айтып отыр дейді. Құлақсалсам құптап, сөздерін айна қатесіз қайталап отыр. Өз басым бұл бағдарламаны көрмеппін бірақ əлеуметтік желіде қызу талқыға түскенінен хабардармын. Негізі айтпағым бұл емес. Бата беру салтына қатысты базынам бар. Бұрындары бұқара қастерлейтін ақ батаның бүгінде сөз құрамы жеңілденіп,…

Толығырақ

АТ ШАПТЫРЫМ АУЛА, ЖҰТАҢ ЖЕР

АТ ШАПТЫРЫМ АУЛА, ЖҰТАҢ ЖЕР

Шымкент шаһарында оқуда жүргенде пәтер жалдап бірқатар мөлтекауданда тұрдық. Сонда байқағаным ала шапанды ағайынның ауласы жасыл желекке тұнып тұрады. Оған қоса, ауласында шағын жылыжайға қызанақ, қиярын ерте бастан көшеттеп, көктем ауа базарға пұлдайды. Үлгі алуға тұрарлық дүние екен деп іштей ойлайтынмын. Ал, бізде ше? Ат шаптырым аула, жұтаң жер. Жаңақорғанның жері Шымқала сынды шұрайлы болмаса де, тыңайтқышын төсесе жеміс ағашы көктейді. Тек «атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз өз өміршеңдігін көрсете алмауда. Яғни, экологиялық тәрбие тұралап тұр. Тал отырғызғаннан гөрі, нарықтық заманның бейіміне ілесіп, теңге табу тәуір. Әрине,…

Толығырақ

Сөз саптауын сараласақ

Сөз саптауын сараласақ

«Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол ақынның білімсіз бишарасы» деп таусыла айтқан ұлы ақынның сөзінде ащы шындық бар. Жаһандану дәуіріндегі алапат ақпарат тасқынында есіл тіліміз де есін жинай алмай, түңлігін жел сабалаған тұлақтай кенеуі кетіліп, кеспірінен айрыла бастағаны шындық. Өзгесін былай қойғанда сөз тиегін мінберлерден мәнерлеп, арналардан ағытатын, танықтай қып тасқа басып, тарихта қалдыратын қалам иелері, БАҚ өкілдерінің туған тіл тағдырына жауапсыз салғырт қарауы кешірілмейтін қателік. Мәселен, көрерменді күнделікті тәрбиелеп отырған тележәшіктің тіліне зер салып, зейін қойсаңыз қаптаған қарадүрсіндікке тап болып, қарадай қысылып отыратын жағдайыңыз бар. Түрлі бағдарламалардың атауының өзінде…

Толығырақ

ҚЫС ҚЫР АСТЫНДА оған дайындық қалай?

ҚЫС ҚЫР АСТЫНДА оған дайындық қалай?

Синоптиктер, қыстың жылдағыдан қатты болатынын болжап отыр. Қар қалың түспесе де, үскірік аяз көктемге дейін жалғасуы мүмкін. Ал, қардың негізгі мөлшері ақпан айында түседі дейді ауа-райын болжаушылар. Осыған байланысты Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысында жылыту маусымына дайындық барысын пысықтап, көмірдің тапшылығына байланысты тиісті ведомство басшысының жұмысын сынға алғанын білеміз. Ендеше, биылғы қысқа қамсыз отыруға әсте болмайды. Осы орайда, аудан мекемелерінің қысқа әзірлігін таразылап көрген едік. Ауданда 42 орта білім беретін, үш өнер, екі спорт, бір кешкі мектеп пен тәрбие орталығы бар. Білім ордаларының қысқы әзірлігін ауданның бас ұстазы Болат Ибрагимовтен…

Толығырақ

Алдымен арға жүгін, содан соң заңға жүгін

Алдымен арға жүгін, содан соң заңға жүгін

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халыққа арнаған Жолдауында: «Мақсатқа жету үшін санамыз ісімізден озып жүруі, жаңғырып отыруы тиіс» деп алға басуымыздың алғышарттарын атап көрсетті. Адам – қоғамның басты байлығы. Тұтастай жаңару, жаңғыру жолына бет түзеген егемен елімізде мемлекет құраушы болып табылатын төл халқымыздың саналық, сапалық деңгейі жалпыға ортақ заң талаптарын бұлжытпай орындауымен айқындалады. Бұл бағытта заң ережелерінің сақталауын бақылау мен қадағалауды міндетіне алған прокуратура органдары қызметі де құқық қорғау жүйесінде іске асып жатқан реформаларға сәйкестендіріле түсті. Облыс аумағында өтіп жатқан «Балаға қарызсың ба, алимент төле» атты акцияның мақсаты…

Толығырақ

ӘҢГІМЕ АщЫ БОЛСА ДА АШЫҒЫ ЖАҚСЫ

ӘҢГІМЕ АщЫ БОЛСА ДА АШЫҒЫ ЖАҚСЫ

бұрынғы бас редактор Алмас Бекжігітовке хат Қадірлі әріптесім, Алмас Бекжігітұлы, сенімен баспасөз арқылы хат жазып хабарласып отырған себебім, кешегі-бүгінгі тіршіліктеріміз, әсіресе жетістік-кемшіліктеріміз жайлы пікір алысу. Шындығына келгенде, мұның өзі ағалар салған жолды қайта жаңғырту ғой. Бұл үрдісті өз басым өткен ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдарынан білемін. Жарыстас екі диқан, не шопан бір-біріне хат жазып не үндеу қабылдап, ойдағы мақсатын ортаға салатын, келелі мәселелерді қозғайтын. Көпшілік оны қуана құптап, межені мерзімінен бұрын орындауға жұмылатын. Елдік мүдде ауыл ақындарының өлеңмен жазылған айтыс хаттарында да жан-жақты айтылып, талқыға түсетін. Бұған кезінде мәдениет қызметкерлері Манап Көкенов,…

Толығырақ

Ер мұғалім жоқтың қасы

Ер мұғалім жоқтың қасы

– Қазіргі таңда мектептердегі ұстаздың көпшілігі әйелдер, ер мұғалім жоқтың қасы. Бұл жағдай ұлдар арасындағы тәртіптің нашарлауына әкеліп соғады. Себебі, балалар ер жеткен сайын әйел ұстаздарға аз бағынады. Бұл жағдай бірте-бірте қыздар тәрбиесіне де әсер етеді. Себебі, сыныптың жартысына жуығын ұлдар құрайды. Осыған орай мектепте ер ұстаз көп болса, ұлдар тәртібінің түзеліп, дұрыс жолға түсуіне оң әсер етер еді. Сол себептен де мектептегі ер ұстаздардың сандық үлесі жалпы педагогтардың жартысына жуықтаса дұрыс болар еді. Отбасында не әкесі, не шешесі болмаса, балаға қиын тиері анық емес пе?! Мектепте де солай… Ер…

Толығырақ