РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Біз қазақ барша әлемге мақтан елміз Ырысын ынтымақтан тапқан елміз. Дәріптеп қайталанбас дәстүр салтын, Кемел келешекке көш тартқан елміз. Мәңгілік Ел болуды мұрат етіп, Ертеңге үлкен сенім артқан елміз. Елбасы болашаққа бағдар беріп, Рухани жаңғырып жатқан елміз. Тәуелсіздік көтерді бағамызды, Шартарапқа паш етті даламызды. Рухани жаңғыру басталды енді, Қоғамға сай бейімдеп санамызды. Еңселі елу елдің сапындамыз Басымызға орнады заман ізгі. Тарихтың қойнауынан сыр ақтарып, Ұлықтадық сан түрлі бабамызды. Арасы қарт Қаратау Сыр ананың, Туған өлке ыстық қой гүл алабың. Аққорған мен Баршын кент, Оғызкенттер Мен солардан тарихи сыр аламын. Жібек…

Толығырақ

НАҚЫП ЕРЖАНОВ, Социалистік Еңбек Ері

Н.Ержанов 1887 жылы Жаңақорған ауданы Талап ауылында туған. Ол 1930 жылы ұйымдасқан «Талап» ұжымшарына алғашқылардың қатарында мүше болып кірді. Оны жылқышы етіп бекіткен. Жаңа шаруашылықтың алғашқы қадамы ауыр болды. Қызылқұм ішіне жасырынған басмашылар жылқыға шабуыл жасап, малды қырып, қастандығын тоқтатпады. Нақып жолдастарымен бірге қолына қару алып, басмашылардың шабуылына талай рет тойтарыс берген. 1937 жылы Нақып жылқы фермасының меңгерушісі болды. Ол бар күш-жігерін артельдің қоғамдық байлығын арттыруға жұмсады. Ұлы Отан соғысы жылдарында жылқы фермасының ұжымы атты әскерлерге бірнеше жүз сәйгүліктер жіберген. 1946 жылы 50 биеден 50 құлын алып, 1947 жылы 60…

Толығырақ

ТӨЛЕК  АТА

ТӨЛЕК  АТА

Төлек ата жөнінде аңыз әңгімелер көп. Бұл атадан тараған ұрпақ бүкіл елге тарап кеткен, көптеген ұрпақтары Төлек ата кесенесінің қайда екенін білмейді. Тарихи деректер бойынша Орта жүзден 6 ұл тарайды. Оны алты арыс дейді. Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ, Уақ, Керей. Уақ пен керей тоқалдың балалары. Бір істе туыстарына өкпелеп, Уақ пен Керей Түрікпен ішінде сіңіп кеткен, — десе, біреулері жеті өзенге барып сонда қалды, — дейді… Төлек ата жөнінде бір аңыз әңгіме бар. Төлек ата кесенесі Қылышты ата кесенесімен бірге. Жаңақорған қонысынан 25 шақырым жерде. Қыркеңсе елді мекенінен 7-8 шақырым,…

Толығырақ

ҚЫЛЫШТЫ АТА (САЙД-БУРХАНИДИН)

Өте әруақты адам болған. Аңыз әңгімеге қарағанда басына түнеп, перзент тілегендер, кеселденгендер шипа тауып отырған. Қыр Өзгент шаһарынан патшасы Әбубәкір Сыдық ұрпағы Үлгімағзымның қызына үйленеді. Үйленген соң көп кешікпей, Камалдин Меккеге қайта кетеді. (Әзірет Әлінің ұрпағы) Қылышты ата шеше ішінде қалып қояды. Анасынан туған соң атын Сайд-Бурханидин қояды. Бала ата қолында тәрбие алады. Өскенде аспаннан қылыш пен ақ боз ат түскен дейді. Сөйтіп 1001 бәлеге қарсы тұрып жеңген деген сөз бар. Бір әңгімеде атасы Үлгімағзым өлгенде орнына патша болған. Сонда уәзірлері мен билерін алдына шақырып алып, әңгіме еткенде қолындағы қылыш…

Толығырақ

ШӘЗІНДА ҚАРАҚОЖАЕВ

Ш.Қарақожаев 1975 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ол 1934 жылы Жаңақорған қонысында туған. 1951 жылы орта мектепті бітірген соң 1952 жылға дейін аудандық кітапхананың меңгерушісі болып қызмет істеді. 1952 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтына оқуға түсіп, оның малдәрігерлік факультетін 1957 жылы бітіріп шығып, сол жылғы қыркүйектен 1958 жылдың маусымына дейін Бесарық малдәрігерлік пунктінің меңгерушісі, одан кейінгі жылдары аудандық малдәрігерлік мекеменің малдәрігері, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, «Төменарық» кеңшарының бас мал дәрігері және партком хатшысы болды. 1964 жылы Алматыдағы шаруашылықтың басшы кадрларын дайындайтын курсының тыңдаушысы болды. Курсты бітіріп келісімен «Бірлік»…

Толығырақ

ӘЛИ ЕЛАМАНОВ, Социалистік Еңбек Ері

Әли Еламанов 1902 жылы Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында туған. Ол 1930-1958 жылдары Елтай атындағы ұжымшарда, кейін «Төменарық» кеңшарында жұмыс істеді. Кедей шаруаның баласы Әли 12 жасынан жалшы әкесіне қолғабыс етті. Байдың егінін торғайдан қорғады, құдықтан қауғамен су тартып, соның малын суарды. 1942 жылы еңбек армиясына шақырылып, Гурьевте, Сталинград маңында жұмыс істеген. 1946 жылдың басында туған ауылына оралып, күрішшілер звеносын басқарды. Жыл сайын мол өнім жинады. 1941 жылы 6 гектар күріштің әр гектарынан 48,4 центнерден өнім жинаса, 1948 жылы 5 гектар күріштің әр гектарынан 81,4 центнерден өнім алды. Жаңашыл Ә.Еламановтың еңбегі…

Толығырақ

КӨКЕН БАТЫР

КӨКЕН БАТЫР

Елі мен жері үшін еңбек етіп, батыр деген құрметті атаққа ие болғандардың бірі – Көкен Назарұлы. ХІХ ғасырдың ортасында Сыр бойындағы Бұхар, Қоқан хандықтарының езгісіне қарсы ұлт-азаттық қозғалыста қол бастағанбатыр. Қоқан хандығына қарсы Қазақстанның оңтүстігінде 1853-1861 жж. көтерілісте болған. Көтеріліс барысында Түркістан өңіріндегі ру-тайпалардың батырлары мен билерінің ұйғарымымен Қарабас сұлтанның кіші ұлы Көшек ханның шөбересі Әликенді хан жасауға ықпал жасады. Әлікеннің хан сайлануы көтеріліске ұйымдық сипат берген… Көкенге де батырлық ата-тегінен дарыған қасиет. Самарқанд қаласында жаужүрек ерлігімен танылған бабасы Кейден мен өз әкесі Назардың аралығында Сырғақ пен Тәукебай, Қазы мен…

Толығырақ

СЕЙІЛБЕК ШАУХАМАНОВ

СЕЙІЛБЕК ШАУХАМАНОВ

С.Шаухаманов 1939 жылы 15 мамырда Жаңақорған ауданы Өзгент ауылында туған. Ол 1957 жылы Алматы ауыл шаруашылығы институтына түсіп, оны 1962 жылы инженер мамандығы бойынша бітірген. 1962-1967 жж. Шиелі РТС-нда бақылаушы-инженер, 1967-1968 жж. Сырдария, Тереңөзек аудандық комсомол комитеттерінің бірінші хатшысы, 1968-1974 жж. Тереңөзек ауданы Партияның ХХІ съезі атындағы кеңшарға директор, 1975-1980 жж. Жалағаш аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, 1980-1983 жж. Сырдария аудандық кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1983-1987 жж Шиелі аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болды.  1987 жылдың маусым, шілде айларында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті партия органдары бөлімінің инспекторы, 1987 жылдың шілдесінде…

Толығырақ

СЫҒАНАҚ

СЫҒАНАҚ

Кезінде қазақ халқының басын құраған Ақ Орданың астанасы болған, сыр бойының мәдениетті, сәулетті де көрікті, әрі саудасы мен қолөнер кәсібі дамыған, он бес мұнаралы қорғаны, Ұлы Жібек керуен жолының бойында жатқан басты қалалардың бірі – Сығанақ шаһары. Сығанақ қаласының бұл күндегі орны – «Сунақата» шаруашылығының орталығынан солтүстік-батысқа қарай екі шақырымдай жерде 7-8 гектардай алқапты алып, шөккен түйедей болып үйіліп жатқан бес бұрышты төбе. Қаланың жалпы аумағы 20 гектардай жерді алып жатыр. Кейбір деректерге қарағанда, қаланың алғашқы негізі V ғасырдан басталғанын аңғаруға болады. Ғалым Әуелбек Қоңыратбаев VI ғасырдаҚытайдан Византияға дейін созылып…

Толығырақ

ӨЗГЕНТ

ӨЗГЕНТ

Өзгент – Сығанақ, Сауран қалаларымен қатар салынған, солардың тарихымен тағдырлас, Сырдың сол жағалауындағы орта ғасырлық мәдеиеті мен саудасы, саяси-экономикасы, ілім-білімі дамыған қала. Тарихи зерттеушілердің еңбектеріне қарағанда, қалада сегіз қырлы және дөңгелек қалыпта күйдірілген қыштан соғылған биік мұнаралар салынған. Әр мұнараның ішінде тастан қаланған 40 басқыштан тұратын айналмалы сатысы болған. Қаланы қоршаған қорған сыртында айналдыра қазған ордың орны байқалады. Бұл жерде Сардобаның да кешеге дейін орны сақталып келген. Онда жаугершілік кезінде, басқа бір жағдайларда қайтыс болған адамдарды уақытша сақтап қойған.   «Жаңарған Жаңақорған» кітабынан.  

Толығырақ