«ДАРЫН» МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

«ДАРЫН» МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындаған «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, деп жазды Egemen.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Елбасы айтқандай дарынды жастар – ол еліміздің болашағы және әлеуеті. Жастар мәселесі, саясаты, оларды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, жастардың әлеуетін ашу, талантын көрсетуге мүмкіншілік жасау әрқашан да Елбасының және ел Үкіметінің назарында. «Дарын» сыйлығы бұрын екі жылда бір рет берілген болса, биылғы жылдан бастап жыл сайын берілетін болады. Ол да барлығымыздың ортақ жетістігіміз деп ойлаймын. Оның үстіне ол мемлекеттің және Үкіметтің жастарға назар аударуының көрінісі», — деді сыйлық иелерін…

Толығырақ

Қазатомөнеркәсіп «Инкай» бірлескен кәсіпорнындағы  қатысу үлесін ұлғайтады

Қазатомөнеркәсіп «Инкай» бірлескен кәсіпорнындағы   қатысу үлесін ұлғайтады

   «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (әрі қарай – Қазатомөнеркәсіп) мен «Cameco» корпорациясы (әрі қарай – Cameco) бүгін «Инкай» БК» ЖШС-н (әрі қарай – Инкай) қайтақұрылымдау бойынша мәміленің аяқталғанын хабарлады. Лондон қаласындағы салтанатты рәсімде Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов пен Cameco Президенті – Бас атқарушы директоры Тим Гитцел Қазатомөнеркәсіп, Cameco және Инкай арасындағы 2016 жылғы мамырдағы Іске асыру жөніндегі келісімде көрсетілген қайта құрылымдау туралы құжатқа қол қойды. Іске асыру жөніндегі келісім шарттары бойынша Қазатомөнеркәсіп 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Инкай» бірлескен кәсіпорнындағы өзінің қатысу үлесін 40%-дан 60%-ға дейін ұлғайтып, операциялық бақылауға ие…

Толығырақ

Тарихы кемел ансамбль

Тарихы кемел ансамбль

«Экспресс» ансамбліне – 45 жыл ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АТТЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛАСЫНДА ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУҒА ТОҚТАЛЫП, «ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІМІЗ, ТІЛІМІЗ БЕН МУЗЫКАМЫЗ, ӘДЕБИЕТІМІЗ, ЖОРАЛҒЫЛАРЫМЫЗ, БІР СӨЗБЕН АЙТҚАНДА ҰЛТТЫҚ РУХЫМЫЗ БОЙЫМЫЗДА МӘҢГІ ҚАЛУҒА ТИІС», ДЕДІ. ОСЫ ОРАЙДА, АУДАННЫҢ МӘДЕНИ ДАМУЫНА АТСАЛЫСЫП ЖҮРГЕН «ЭКСПРЕСС» ХАЛЫҚТЫҚ АНСАМБЛІ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА ЖАРТЫ ҒАСЫРҒА ЖУЫҚ ҚАЗМЕТ ЖАСАП КЕЛЕДІ. ХХ ғасырдың жетпісінші жылдары Ленинград мәдениет институты жанындағы эстрадалық студияда оқып, әрі батыс үлгісіндегі вокалды аспапты ансамбльдерде ән салып жүрген Махмут Әуезовтың арманы вокалды аспапты ансамбль құру болады. Туған жердің топырағына оралғаннан кейін жігерлі жас 1971…

Толығырақ

YOUTUBE – РЕВОЛЮЦИЯ ЖАСАУДЫҢ АЛДЫНДА ТҰР

YOUTUBE – РЕВОЛЮЦИЯ ЖАСАУДЫҢ АЛДЫНДА ТҰР

«Youtube» дегеннің не екенін білесіз бе? Жалпы сіздің мұнда каналыңыз бар ма? Сіз білесіз. Сіз тек видео қарайтын, клип немесе түрлі қызықтарды көруге арналған орта деп танисыз. Сіз оның асханасына кіріп көрдіңіз бе? Сіздің каналыңыз жоқ. Себебі оған канал ашуға ерінесіз немесе технология саласында біліміңіз жеткіліксіз. Ең жаманы біздің қазақ ақшаның өзіне банк жүйесіне арналған картада сақтауға қорқады: біреу алып қояды, автомат жұтып қояды деген түсініктер бар. Күлкілі болар, бірақ шындық. Бүгін «Видео байга» атты республикалық додада болып қайттым. Ондағы ортамен танысып, біліп қайтқан дүнием көп. Бір сөзбен айтқан кезде…

Толығырақ

Күріштен белсендірілген көмір ойлап тапты

Күріштен белсендірілген көмір ойлап тапты

  Қызылордалық ғалымдар кәдімгі күріштің қауызын белсендірілген көмірге айналдыруға болатынын ойлап тапты. Бұл — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары ашқан тың жаңалық. Қазір жоба ғылым комитетінің қарауына ұсынылды. Егер жоба өндіріске енгізілсе, одан келер экономикалық та, экологиялық та пайда көп болары сөзсіз. Бұл туралы толық мәліметті төмендегі сілтемеден көруге болады: https://osken-onir.kz/…/333-yzylordaly-alymdar-belsendrlgen…

Толығырақ

Аққұм ауылында медициналық бекет ашылды

Аққұм ауылында медициналық бекет ашылды

Жаңақорған ауданында тұңғыш рет шағын елді мекенде медициналық бекет ашылды. Алдағы уақытта Еңбек, Көктөбе ауылында осындай медициналық нысан ашылады. Ал 2018 жылы Билібай, Бесарық бекетінде медициналық бекет бой көтереді. Сонымен ауданда медициналық нысандар толығымен шешімін таппақ.

Толығырақ

ТАРИХТЫҢ АЙНАСЫ – ФОТОШЕЖІРЕ

ТАРИХТЫҢ АЙНАСЫ – ФОТОШЕЖІРЕ

Қазақ ғылымында және азаматтық қоғам қалыптастыруда өзіндік ізі бар Сұлтан Сартаевтың жүріп өткен жолы ұрпаққа үлгі, өрісті өнеге. Оның Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялап, Ата заңды жасаудағы еңбегін айтқанда бойды мақтаныш кернейтіні рас. Осынау тұлғалық болмысымен ерекшеленетін қайраткер 90 жасқа толды. Академиктің мерейтойы Алматы шаһарында халықаралық деңгейде аталды. Одан кейін кіндік қаны тамған өлкеде мерейтойы жоғары деңгейде өткізілді. Жерлестері қайраткерге ат мінгізіп, сый-құрметін көрсетуден аянып қалмады. Сондай бағалы сыйлықтың бірі – Сұлтан Сартаевтың өмір жолын баяндайтын фотошежіре. Ел ағасы Төражан Әбдімаліков кітаптың идея авторы әрі қаржылай қолдаушысы болса, жазушы Асан Сарқұлов туындыны…

Толығырақ

ОҚО-да ұлттық сусындардан құрғақ сүт дайындайтын зауыт салынуда

ОҚО-да ұлттық сусындардан құрғақ сүт дайындайтын зауыт салынуда

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласына жасаған жұмыс сапары барысында қымыз бен шұбаттан құрғақ сүт өнімін өндіретін «Golden camel group LTD» кәсіпорнында болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ОҚО әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Индустриалды аймақта салынып жатқан инфестициялық жоба келер жылдың мамыр айында іске қосылады. Бүгінде нысан құрылысының 75 пайызы аяқталған. Жүргізіліп жатқан құрылыстың барысымен танысқан облыс басшысы мұндай зауыт ТМД елдерінде баламасы жоқ екенін айтып, бұл жобаның өңіріміз үшін маңызды екеніне тоқталды. «Түйе мен биенің сүтінен құрғақ өнім дайындайтын зауыттар облыс үшін өте тиімді. Өйткені өңірде…

Толығырақ

«Атамекен» басшысы «Ұлы дала елі» шатырлы брендін қолдану құқығын беру байқауының жеңімпаздарын марапаттады

«Атамекен» басшысы «Ұлы дала елі» шатырлы брендін қолдану құқығын беру байқауының жеңімпаздарын марапаттады

Отандық тауар шығаратын немесе қызмет көрсететін кәсіпорындарға танымбелгі табысталды «Ұлы дала елі» шатырлы бренді 5 жыл көлемінде Қазақстан Республикасында қызмет көрсететін немесе отандық тауар шығаратын кәсіпорындарға берілетін танымбелгісін «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев салтанатты марапаттады. Марапаттау салтанаты дәл қазір елордада «ЭКСПО Конгресс орталығында» өтуде. Жыл сайын құрамында 10 адам бар Комиссия құрылып, сәуір айына дейін байқау жайында ақпарат Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми сайтында жарияланған соң ұйымдастырушылар тамыз айына дейінгі уақыт аралығында байқауға қатысу өтініштерін қабылдайды. Қыркүйек айына дейін бір ай көлемінде Комиссия мүшелері өтініштерді сараптаған соң, қалған  қатысушыларды…

Толығырақ

Еліміздің кей аймағында қар жауып, көктайғақ болады

Еліміздің кей аймағында қар жауып, көктайғақ болады

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің кей аймағында қар жауып, жел күшейеді. Тұман түсіп, көктайғақ сақталады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.  Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с жетеді. Қостанай облысының кей жерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, Маңғыстау облысында екпіні 23 м/с болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болуы мүмкін….

Толығырақ