Маржан сөзді ақынға

Маржан сөзді ақынға

Елін сыйлап сөз маржанын арнаған, Тұлға тұтып, асылдарын жырлаған. Арнау жолдар сезіміңді тербетер, Адырбектей жаны жылы барма Адам. Қай саланы, кімге нені арнасы, Зерделі сөз жатады оймен астаса. Фирдаусидей даналардың сөзіндей, Сені демеп жетелейді ақ таңға. Ғұламамен әулиелер сөзін нұсқа зерделеп, Жыр шумақты тізбелейді кестелеп. Өзі бірге даналармен болғандай, Таңқаласың шын Адырбек өзі мекен осы деп. Мінезге бай, менмеңсуді білмейді, Асып-тасу, мақтауға оны жеңбейді. Жәй жымиып көзбен ғана күлімдеп, Жан жүйеңді нәзік үнмен тербейді. Ой тербейді, сені жырға жетелеп, Отырасың бітпей оқи берсе деп. Қоңыр дауыс Левитанның сарыны, Тыңдамасқа мұршаң…

Толығырақ

Қарттарды сыйла

Қарттарды сыйла

Хал қалай деп сұрасам қарттарымнан, Өмір жайлы сыр шертер артта тұнған. Кешегі қиын-қыста күндерімен, Кәрілігін айтады баста тұрған. Шешіле тарихтан сыр шертеді, Зейін қойып тыңдасаң мұңлы ертегі. Өткен өмір сағыныш қай жанғада, Кешегі өткен өмір, күндер легі. Айтпайды қайбір ісін бастан өткен, Күндерінде, жыр қылмас, аш боп жеткен. Айтып өтер өткеннің насихатын, Өздеріне білсін деп тастап кеткен. Шүкір мен тоба шығар, ауызынан, Ащы өмірін сезесің дауысынан. – Ой Жәкетай! «дилысың жігіттердей», Десең үміт ашылар қауызынан. Қарт адамға жылы сөз жылы қабақ, Болса егер отырарма жылын санап. Қай тұста болмашы бір…

Толығырақ

Мезгіл ой

Мезгіл ой

Көктем ғұмыр өттің-ау басымыздан, Еңбекке бейім еттің жасымыздан. Бақыт атты бақ құсы, ұшып жатты, Бір тамшыда су сеппей қасымыздан. Жігерлендік көтердік, мойымадық, Бүгінде таң қаламын ойыма алып. Тағдырға тура қарап қарғадай боп, Жүруші ек, бұйырғанға тойып алып. Көтердік қой, амал не, көтермеске, Бет алған соң уақыт өтелмеске. Жылдарда өтті, заманмен арпалысып, Нар қартайды, амал жоқ шөгермеске. Арса-арса, сары атан, кімге керек, Тобырға қосыла алмай, жүрген бөлек. Күші барда, көркі еді керуеннің, Бүгінде тұрғызамын күнде демеп.

Толығырақ

АҚПАРАТ НАРЫҒЫНДА БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ӨЛШЕМІ НЕДЕ?

АҚПАРАТ НАРЫҒЫНДА БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ӨЛШЕМІ НЕДЕ?

Елордадағы «Қазмедиа»орталығында басталған «Аstana Media Week» медиа апталығында ақпараттық-коммуникациялық платформа алаңында ақпарат нарығындағы соңғы өзгерістерді талқылап, ақпараттық бәсекелестікті арттыру, өзара байланысты дамыту, уақыт көшіне сай жұмысты үйлестіру жолдарын сөз етті. Шараның ашылуына Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысып, журналистерге сәттілік тіледі.   – Astana Media Week қазақстандық медиааптасы – бұл кең көлемдегі салалық іс-шаралар сериясы. Жыл сайын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысымен өткізілетін Орталық Азиядағы ең ірі медиа-оқиға. Astana Media Week 2017 негізгі мақсаты – отандық медиа сфераны дамыту және өңірлік деңгейде индустриядағы іскерлік қатынастарды…

Толығырақ

БІР КЕМ ДҮНИЕ

БІР КЕМ ДҮНИЕ

Қадірлі Айдеке, сіздің аудан үнжариясының №69 (8090) нөмірінде қоғам дамуындағы бірқатар мәселелерді қозғаған хатыңызды қуана қабыл алдым. Аудандық ақпарат құралының қадірлі қариясы ретінде сөз мәйегін тереңінен тербеп, кешегіні саралап, бүгінгіні бағалап ой қозғапсыз. Маңызы ерек хатыңызды қайта-қайта оқып, әрбір сөзін талдап Шерағаңша (Шерхан Мұртаза) «Бір кем дүниеге» салдым. «…кешегі-бүгінгі тіршілігіміз, әсіресе жетістік-кемшіліктеріміз жайлы пікір алмасу. Шындығына келгенде, мұның өзі ағалар салған жолды қайта жаңғырту ғой» деп бастаған екенсіз. Біздің сол жолды жаңғыртуда оқырман көкірегіне орынды ой салып, тұщымды пікір білдіру міндетіміз. «Жаңақорған тынысы» газеті тарихын қозғап, онда еңбек еткен қаламы…

Толығырақ

АУДАНДА АГРАРЛЫ САЛАНЫҢ ДАМУЫ ҚАРҚЫНДЫ

АУДАНДА АГРАРЛЫ САЛАНЫҢ ДАМУЫ ҚАРҚЫНДЫ

Сегіз айдың қорытындысы бойынша Жаңақорған ауданы облыс бойынша ауылшаруашылығы саласының басым бағыты мал шаруашылығынан көш бастап тұр. Ауданда төрт түліктің жайылымына жазғы аптап ыстықта паналайтын Қаратауы, қыста қоныс етер Қызылқұмы бар. Расында, Жаңақорғанның жері құт, әрі ырысты. Оның айқын дәлелі, ауданда мал шаруашылығы дамуының екпіні қарқынды. Аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің мәліметіне сүйенсек, ауылшаруашылығының жалпы өнімдері 2017 жылдың 8 айында 5085,8 млн. теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 104,6 пайызды құраған. Бұл Қызылорда облысы бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Бізден кейін, Шиелі екінші, Қазалы ауданы үштікті түйіндеп тұр. Негізінен 2017 жылғы қаңтар-тамызда…

Толығырақ