Әділеттікті ту еткен Әдемі

Әділеттікті ту еткен Әдемі

Анасы Әліп Арал өңіріне белгілі, жомарттығымен мұқым жоқ – жұқанаға пана болған, өзіне ерекше қасиет қонған Палуан Жарықбастың қызы еді. Ерінен жастай жесір қалған анасына алаңдаған Әдемі ерте есейіп, ерте ержетті. Тағдыр оған өмір бойы өзінің бақытынан бұрын өзгенің бақыты үшін барын салып, не қиындыққа да қасқая қарсы тұра білуді үйретіпті. Кішкентайынан жағаға ұрып жататын Арал теңізінің тулаған толқынынан қуат алып, жігерін жанып өскен қайсар қыз ақиқаттың алып кемесінде өз жағалауына қарай адаспай жүзіп келеді. Әдемі Дәрібайқызы 1949 жылы 1 мамырда Арал ауданы, «Қамыстыбас» елді мекенінде дүниеге келді. №28 «Қамбаш»…

Толығырақ

БҰРЫМДЫНЫҢ БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕСІ

БҰРЫМДЫНЫҢ  БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕСІ

 Жуырда Қапшағай қаласында өткен Қазақстан Республикасының Кубогінде жерлесіміз Мереке Құдайбергенова бірінші орны алып, араға апта салмай Талдықорғанда өткен ІХ жазғы универсиадада дзюдодан бірінші орын, самбодан екінші орынға табан тіреп, мерейімізді үстем еткен еді. Жеңіске жеткен жасқа арнайы қоңырау шалғанымызда, барлық жаңақорғандықтарға жалынды сәлемін жолдап, Қарағанды қаласында Әлем чемпионатына дайындық жүргізіп жатқанын айтты. Түгіскеннің кең жазығында көсіле өскен қыздың қайсарлығы қанында тулап тұр. Сырдың ағынындай талабы, Қаратаудың қатпарындай көп жетістігі бар. Талантты жас жиырма бестің белесін енді ғана бағындырса да, жеткен жетістігі аз емес. Әлқисса. 2012 жыл. Ең алғаш самбо күресінен…

Толығырақ

Кені мен емі келіскен шипажай

Кені мен емі келіскен шипажай

ЕМДІК ҚАСИЕТІМЕН ТАНЫМАЛ «ЖАҢАҚОРҒАН» ШИПАЖАЙЫНДА КЕЛУШІЛЕР САНЫ БІР СӘТКЕ ДЕ ДАМЫЛДАҒАН ЕМЕС. ЕМ-ДОМ АЛУҒА КЕЛГЕН ӘР ТЫНЫҒУШЫҒА САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШИПАЖАЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БАСТЫ МІНДЕТІ. БҰЛ ТҰРҒЫДА ТЕК РЕСПУБЛИКА ЕМЕС, АЛЫС-ЖАҚЫН ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРден келушілерді қабылдап жататын «ЖАҢАҚОРҒАН» ШИПАЖАЙЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ АЙРЫҚША. МҰНДАҒЫ ЕМ-ДОМНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ – САПА СТАНДАРТЫНА САЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ. ОСЫ ТҰСТА, АТАЛМЫШ МЕКЕМЕНІҢ ГИНЕКОЛОГ – ДӘРІГЕРІ ЖАНАР ӨМІРБЕКОВАНЫҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСЫП ҚАЙТТЫҚ. Жанар Тұрғанәліқызы жастайынан білімді өмірлік серігіне айналдырған қарапайым қазақ қызы. Арман қуып, Елордада Астана медициналық университетіне оқуға түсіп, дәрігер гинеколог мамандығын қызыл дипломмен қорғап шығады. Туған жердің топырағын…

Толығырақ

Диқанның жары

Диқанның жары

Қырық жылға жуық келешек тәрбиесі жолында тынбай тер төккен, ауылдағы ағайынның көзге басар көкөрімдерін маңдайынан жел тигізбей мәпелеп, білімді азамат етіп шығаруда бойдағы бар қажыр қайратын арнаған ұстаз-ананың талайына тағдыр бір таңғажайып қадір-қасиетті тарту етті. Ол – диқаншылық еді. Шынар көп балалы отбасында тәрбиеленді. Мінезі өзгешелеу, үйдің күйбеңінен гөрі түздің тірлігіне бейім қайсар қыз кішкентайынан шаруа баққан әкеге қолқанат болып өсті. Мектепте де үздік оқып, қоғамдық жұмыстардың басы-қасында белсенді жүретін. Осыны ескерген аудандық комсомол ұйымы жолдамамен Шынарды Қыркеңсе ауылындағы №213 орта мектебіне пионервожатый етіп жіберді. Өмірлік серігін де ол өз…

Толығырақ

Әділет лейтенанты

Әділет лейтенанты

КазГУ-дың заң факультетін бітіріп, жолдамамен Қызылорда облыстық прокуратурасына қызметке келген жас маман осында бір жыл сынақ мерзімінен өтуіне тура келді. Содан соң Жаңақорған ауданына прокурордың көмекшісі болып тағайындалған Ғалияға сол кездегі облыс прокуроры Боранбаевтың айтқан жанашырлық кеңесі төмендегідей еді: «Шынашақтай ғана қыз екенсің, айналайын. Сақ жүр. Үстіңнен формаңды тастама». Бұрын көрмеген шалғайдағы ауылға аттанғалы тұрған аруға шынында да арқа сүйеп, бел тұтар мұнда ешкімі жоқ болатын. Сондықтан да прокурор ағасының кеңесін бұлжытпай орындады. Құмырада өскен нәзік гүл сынды, жолы жіңішке қыз баланы қорғансыз санап, көзден таса етпей бағатын заман келмеске…

Толығырақ

Сыршыл жырдың иесі

Сыршыл  жырдың иесі

 Адам бойының тереңіне үңілер болсақ, сырт көзге байқала бермейтін талай құпиялардың барлығына шүбә келтіре алмайсың. Қаншалықты бірге жүріп аралас болдық десек те, сыры мен шынына қаныға алмайтын көрінесің. Баз біреулердей кеудем керіп «менен өзге кім болушы еді» деп елпілдеп ел кезіп, табан тоздырып талабыммен талантыма табыныңдар дейтіндей мінез көрсететіндерге ол мүлдем ұқсамайды.Бойына біткен салмақтылық, сұлулық,өлең мен өнерге деген махаббаты – қатар жүрсе де асып-тасуды білмейді. Бар білетіні жанын; жүрегін толқытатын,тербететін көңіл-күйдің пернесін дәл табатын ой-санадағы шумақтарды ақ қағазға оңашада кестелеу. Ақынмын деп жүрген осы ауылдағы бірқатар талап иелерінен бұның шабысы,…

Толығырақ

ТӨРЕШІ БОЛУ – абырой

ТӨРЕШІ БОЛУ – абырой

Ата заңның абыройын асқақтатып, Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын, Тәукенің «Жеті жарғысын» жандандырып, Әйтеке, Қазыбек пен Төле бидің төрелігін ту еткен аудандағы алғашқы әйел төреші Кенжегүл Көпесованы төл мерекесімен құттықтап, шаңырағына барған едік. Кең қақпадан енген сәтте, гүлзарға айналған әсем ауланы көріп тамсандым. Мен іздеп келген Кенжегүл апай жапырақтың күлтесіне су бүркіп, гүлдерді суғарып жүр екен. Амандық-саулық сұрасқаннан соң, гүлдері, оның ішінде «Огонёк» гүлі туралы айрықша тоқталды. Бұрынырақта бұл гүлді анасы екеуі отырғызыпты. Сол кезде Кенжегүл 5-сыныпта оқитын, тұлымы желбіреген қыз екен. Балғын шақтың куәгеріне айналған гүлдің…

Толығырақ

Халқының қалаулысы

Халқының қалаулысы

   Жасы жиырмадан жаңа асқанда аты ауызға ілініп, атақты иеленді. Оған осындай биік мәртебені дала берген секілді, өзі де таңғажайып, тазалық пен тамаша қасиетті табиғаттан ала берген секілді. Алып қана қоймай, оны қиялының қанатына тұмар етіп тағып, бүкіл саналы ғұмырының сән-салтанатына айналдырды. Баян ҮСЕЙІНОВА. Алып – анадан Әзияның бала жастан көзімен көріп, сәби көңіліне тоқығаны – күндіз колхоздың қара жұмысына жегіліп, түнімен диірмен тартып, қолы бейнеттен бір босамайтын анасының тауқыметін азайтсам деген арман еді. Әкесі Әбдіхалық Ұлы Отан соғысына қатысқан. Сталинград үшін болған шайқасқа қатысқан жауынгер. Әпкелері Рахима мен Роза…

Толығырақ

Жаны басқа, жүрек бір

Жаны басқа, жүрек бір

Таланттың жары болу да – үлкен жауапкершілік. Бөлекше болмыс иесі, тума талант, өмірге бір келіп кеткен Бексұлтан сынды саңлақпен бас қосып, талант атаулыға тән тауқыметті ғұмырын бірге бөліскен асыл жанды ару, аяулы ана Шәрбану Байкенжееваның көкірегінде таудай сыр тұнып тұр. Тағдырына шүкіршілігі жоқ емес. Әкесінің қара баянын қолына алып, Әбсұлтаны сахнаға жарқ етіп шыққанда көзіне жас алмайтын адам жоқ. Халық барда талант өлмейді екен. Дегенмен, әркім тар маңдайына жазылғанды теріп жеп, жаһанданудың қатал талабымен тынбағай зырлаған алмағайып заманда асылдарды ардақтап, ұлт мұрасын ұлықтауда ақсап жатқан тұстар көп. Бірақ, өткеннің өнегесі,…

Толығырақ