БИЛЛ ГЕЙТС БҮЙ ДЕЙДІ….

(FILES) Microsoft founder Bill Gates, co-founder and co-chair of the Bill and Melinda Gates Foundation, addresses on January 28, 2011 the World Economic Forum (WEF) annual meeting in Davos. Gates urged developed nations to help him wipe out polio "once and for all" at an event to release his third annual letter January 31, 2011. "Eradication will take amazing work, and I truly believe we can succeed," he told a packed room at the house in New York where Franklin D. Roosevelt recovered after being stricken with polio at age 39, before he ran for and won his first term as US president. AFP PHOTO /JOHANNES EISELE /FILES (Photo credit should read JOHANNES EISELE/AFP/Getty Images)

       

Билл Гейтс америкалық жоғары сынып оқушыларымен кездескенде айтқан 11 қағидасы әлеуметтік желілерде әртүрлі тілдерде өріп жүр. Қазақшасы да жүрсін, жастар қауымы да біле жүрсін.

1) Өмір әділетсіз — бұны мойындауға тиіссің!
2) Әлем сенің сезімдерің мен өзіңе деген құрметтеріңе пысқырмайды. Ол сенен қандай да бір жетістік күтеді. Тек жетістікке жетсең ғана мойындайды.
3) Мектеп бітірген бойдан сені ешкім айына 324 мың теңге төлейтін жұмысқа шақырмайды. Мықты бір мұнай компаниясының вице-президенті болып, сүліктей сұлу Мерстің артқы есігінен түсіп жату үшін тынымсыз еңбектенуің керек!
4) Мұғаліміңді қатал, қазымыр деп балағаттауды доғара тұр, сен әлі бастығыңмен танысқан жоқсың. Есіңде болсын, мұғалімнен бастықтың үлкен айырмашылығы мынада: Бастығыңның өз орнында нық отыруы саған берген тапсырмаларының орындалу деңгейіне қатысты. Демек, жауапкершілік…
5) Көшедегі дүңгіршекте самса пісіріп, сусын сатушының деңгейі — сенің деңгейіңнен бір мысқал да кем емес! Кез-келген жұмыс саған берілген үлкен мүмкіндік!
6) Сенің сәтсіздіктеріңе ата-анаң кінәлі емес және әр сәтсіздіктен сабақ ал!
7) Ата-анаңды көңілсіз, қызықсыз адамдар деп ойлайсың… Қателесесің! Сенің балалығың алаңсыз өтсін деп, сенің кір көйлегіңді жуам деп, сенің толып жатқан мыжың әңгімелеріңді тыңдаймын деп олар осындай болды. Сондықтан, Амазонка орманындағы өртті сөндіруге аттанбас бұрын, бөлмеңдегі шашылған киімдеріңді жина, сабағыңды жөндеп оқы!
8) Мектепте сендерді жақсы мен жаман деп бөлмейді, ал Өмір олай емес. Бірқатар мектептерде оқушыға нашар баға қоймайды, сынақты неше рет тапсырсаң да өзі білесің. Өмірде мүмкіндіктер тек бір реттен беріледі!
9) Өмір тоқсанға бөлінбейді, үш ай жазғы каникул деген атымен болмайды! Жаңбыр жаңбырдың арасымен өзіңе қажетті нәрселерге уақыт табуға мүдделісің! Өзің ғана!
10) Өмірді теледидардан көрсеткендей екен деп ойлап қалма. Шынайы тіршілікте адамдар көп уақытын кафелерде емес, жұмысында өткізеді.
11) «Очкарик-ботаниктермен» арақатынасың дұрыс болсын, солардың бірі сенің бастығың болады!

 

Көрудің саны: 182  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру