Қарияларды ешқашан назардан тыс қалдырмау

22384352_606828876399962_1051577508692901559_o

«Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы қашанда ардагерлерін назарда ұстап,  оларға көңіл бөлуді  естен шығарған емес. Бүгінде ауданымызда санаулы қалған жалғыз басты, аз қамтылаған қарт ардагерлерінің үйлеріне барып, амандық-саулықтарын сұрасып, оларға керек  қажеттіліктерімен қоса проблемалық мәселелерін анықтауды «Нұр Отан» партия аудандық филиалы әдетке айналдырған. Дәстүрге айналған  игі шара өз жалғасын тағы бір мәрте  тауып отыр. Кездесу басқа кездесуден  өзгеше  болғалы тұр.  Олай дейтінім осы кезге дейін «Қызылқұм» ЖШС аз қамтылған отбасы балаларына, ҰОС және Тыл ардагерлеріне көмек беретін болса бұл жолы жалғыз баты аз қамтылған қарияларға көмек қолын созды. Партияның кездесуді ұйымдастырғандарының негізгі басты мақсаты қариялардың қал жағдайларымен танысып, көкейлерінде жүрген проблемалық мәселелерді тыңдап, шешу жолдарына ықпал жасау. Компания атынан  қарияларға көрсетілген көмекті теңізге тамған тамшыдай болсада ең бастысы ол егде тартқан өмірдің барлық қиыншылықтарына төтеп беріп келе жатқан кісілерді ұмытпау біздің ең басты құдылықтарымыздың бірі дейді «Қызылқұм» ЖШС «Хорасан 1» кеніш директорының орынбасары Джаксылыков Еркінбек Альмуратович.

Тілі басқа – тілегі бір, жүзі басқа – жүрегі бір болып отырған, өзге ұлт өкілі болсада қазақ жерін өзінің туып өскен жеріндей дәріптейтін жылғыз басты әжеміз Кашеева Лилия өмірдің тауқыметін көп тарқан. Лилия апамыз «Қызылқұм» БПҰ және партия филиалына алғысын жаудырды. «Партия филиалы ай сайын сайын мереке қарсаңында және қыс шыға үйіме келіп қол ұшын беруден жалыққан емес. Осы  кісілердің себепкерлігімен дәрігерлердің көмегіне де қол жеткізіп жатамын деп дән риза екенін жеткізді». Сөз соңында әжей партияның ешқашан назарынан тыс қалдырмайтынын әрқашанда елеп ескеріп жүретінін көзіне жас алып есіне түсіріп, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Байқожаұлына алғысын білдірді.

Игі бастама барысында «біз  бүгін  бүтіндей бір ғасырға жуық  мақсатты, мағыналы, ұлағатты өмір сүрген қариялардың кішкене болсада көңіл-күйін көтеріп оларды ешқашан назардан тыс қалдырмау үшін қолымыздан келгенінше көңілдерін аулауға тырыстық. «Нұр Отан» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында көптеген ардегерлерге қайрымдылық танытып, олардың ерліктерін кейінгі ұрпаққа  насихаттауда. Соныдықтан бұл игі дәстүр үнемі жалғастын болады» деп  аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Байқожаұлы дайындалған азық-түлік пакеттер  мен өзге де сый-сияпаттарды  қарияларға табыс етті.

Айта кетейік, аудан бойынша 82 жалғызілікті қарт арнайы тіркеуге алынған. Оның ішінде 6-уының мүмкіндігі шектеулі. Оларға  әлеуметтік 17 қызметкер күтім көрсетеді. Мемлекет тарапынан 2017 жылдың қазан айында 80 жастан асқан  жалғызілікті карттарға аудан бюджетінен қосымша қарттар күніне 400 мың  теңгеден аса қаржылай көмек көрсеткен.

«Нұр Отан» партиясы

Жаңақорған аудандық филиалының

 кеңесшісі Нариман Үсенұлы Жахудаев

Көрудің саны: 71  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру