Адамның жарты өмірі көлік кептелісінде өтетін елдер бар

1,

Дамыған елдердің басты мәселесінің бірі көлік кептелісі болғаны сөзсіз. Себебі, бір күннің көп уақыт көлік кептелесінде өткізіп, замыраған уақытты көліктің ішінде өткізуге тура келуде. Мұндай жағдайды Алматы шаһарының тұрғындары жақсы түсінеді.

Алматы қаласында кептелістің алдын алатын айнамалы көпірлер мен жолдарды кеңейті жұмыстары қарқынды жүргізгенімен «Алматылықтардың жарты өмірі көлікте өтеді» деген сөзді жиі естейміз.

2015 жылдың 21 қаңтарында Алматы қаласының Сайын көшесімен Шаляпин көшелерінің қиылысынан бастап Әл-Фараби мен Сейфуллин көшесіне дейін созылған жол кептелісі орын алып, сағаттар бойы көліктер тапжылмай бір орында тұрған.

Ал, көлік кептелісі жөнінен рекорд Қытайдың Шанхай қаласына тиісілі екен. Онда ұзындығы 99 шақырымға жеткен кептеліс болыпты. Ондағы көлік жүргізушілер  кептелістен құтылуы үшін 12 күн күткен.

Зерттеушердің сөзінше елемдегі ең қауіпті көлік кептелісі де Қытайдажиі-жиі  орын алады. Қытайдың Гуо Лян Сун тауынан өтетін»13 қаһарман» деп аталатын жолдың ұзындығы — 1250 метр, ені — 16 метрді құрайды.  Мұндағы көлік кептелісі кезінде төтенше жағдайлар қайталанып тұрады екен.

Жалпы, кейінгі кездері мұндай көлік кептелістері Жаңақорған кентінде орын ала бастады. (Жаңақорған ауданында 81249 халқы болса, оның 8557-де автокөлік бар. Аудан орталығында 4890 автокөлік тіркелген. Жалпы жеңіл автокөлік саны – 6673, жүк автокөлігі – 1640, автобус – 204). Әрине, бұған халықтың әлеуметтік жағдайы дұрысталуы оң әсер бергені ақиқат. Дегенмен, жергілікті билік көшелерді кеңейті, жаяу жүргіншілердің жолын жасауды қолға алмаса, жол кептелісі Жаңақорған кентіне де тән болатын түрі бар.

Көрудің саны: 215  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру