КӨЛІК АЙДАУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

скачанные файлы (1)

Жаңақорған аудандық сотында азамат А-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

 Әкімшілік іс бойынша кінәлі «ЗиЛ»» маркалы автокөлігін Жаңақорған кенті, Түгіскен-Жаңарық аралық тас жолының бойында алкагольді масаң күйде басқарған, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Аудандық соттың қаулысымен азамат кінәлі деп танылып, оған 3 жылға көлiк құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айқыз НЫСАНБАЕВА,

 Аудандық соттың бас маманы.

Көрудің саны: 447  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру