Басты мәселе – қоғамның рухани жаңғыруы

Басты мәселе – қоғамның рухани жаңғыруы

Жуырда аудан әкімдігінің мәжілісі залында аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Әйтпенбетовтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымастық жөніндегі кеңес отырысы өтті. Жиында Шалқия кенті, Сунақата, Сүттіқұдық, М.Нәлібаев, Қосүйенкі, Қыраш округі әкімдері мен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің есебі тыңдалды. Бірінші болып трибунаға көтерілген Шалқия кентінің әкімі Молдахмет Ауанов өзі басшылық етіп отырған кенттегі Үкіметтік емес Ұйымдардың тыныс тіршілігін сөз етті. Ол: «Шалқия кенттінде бастауыш ардагерлер ұйымының 129 мүшесі, әйелдер ұйымында 145 мүше, жастар ұйымында 792 мүше бар. Олардың жетекшісі Махан…

Толығырақ

Туған жер бала жүрегінде

Туған жер бала жүрегінде

Елбасы «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласында мемлекеттік идеология ретінде «Туған жер» бағдарламасын түзді. Осы тұста туған өлкеміз Аққорғанның 50 жылдық мерекесіне орай, жастарды отансүгіштікке, туған жер туралы түсінігін кеңейтуге бағытталған шаралар өткізілді. Жарты ғасырлық мерей тойын өткізгелі тұрған Аққорғандық ағайынның қуанышында шек жоқ. Осынау айтулы күннің құрметіне орай мекемелерде іс-шаралар ұйымдастырылып, елу жылдық мерекені бастап жіберді. Аққорғанның елу жылдық мерекесі  «Айдана 1999» балабақшасында «Ауылым алтын бесігім» ертеңгілігімен басталды. Осы шарада «Балапан» тобының бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетіп, туған жер тақырыбында ән шырқады. «Атамекен» әнімен шыққан Абзал Талғатұлының қоңыр дауысы елдің есінде…

Толығырақ

АҚЫЛДЫ САҒАТ

АҚЫЛДЫ САҒАТ

Күн көзінен қуат алатын «ақылды» сағат  әзірленді, деп хабарлайды hi-news.ru ақпараттық порталы. Kickstarter компаниясы ұсынған жаңа жобаның батареясы күн сәулесінен қуат алады. Әзірлеушілердің айтуынша, аталмыш сағат жұмыс жасауы үшін күн сәулесінде тәулігіне бір сағат қалса жеткілікті. Тағы да айта кетерлігі, ақылды сағат адам қолында жүріп-ақ күннен қуат ала береді екен.             Сондай-ақ, сағатта дисплей жоқ, бірақ ол смартфонға хабарландырулар шығаруға қабілетті.

Толығырақ

ШИЕЛІДЕ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ШИЕЛІДЕ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Шиелі тампонажды цемент зауытының құрылысы басталды.  Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Қазіргі таңда Қызылорда облысында индустрияландыру бағдарламасы бойынша 10-ға жуық жоба қолға алынған. Солардың бірі де бірегейі Қытай тарапы мен Қазақстан бірлесіп қолға алған Шиелі кенті маңындағы «Гежуба Шиелі цемент зауыты». Өткен жылы сметалық жобасы дайындалған нысанның іргетасын қалауға облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким мен қос тараптың инвесторлары да қатысты. «Корпорация Данаке» ЖШС және «Gezhouba Group Cement Co. Ltd» мекемелерінің өкілдері аталған жобаның жалпы құны 64 млрд теңгені құрайтындығын жеткізді. «Жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент өндіретін зауыттың құрылысын…

Толығырақ

ІЗГІЛІККЕ ҮНДЕГЕН ШАРА

ІЗГІЛІККЕ ҮНДЕГЕН ШАРА

Бүгін «М.Нәлібаев» ауылдық клуб үйінде «Сүйіспеншілік — асыл қасиет» атты тақырыптық кеш болып өтті. Шара барысында ауылдық округтегі өнерпаж жасөспірімдер өз өнерлерін ортаға салып, тақырыптық кешке белсенділік танытты. Әрбір кезеңде алғырлықпен атсалысқан озат оқушылар елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттырды. Тек алғырлық танытып қана қоймай, өз ойларын еркін жеткізді.

Толығырақ

Дубайда күннен қуат алатын «ақылды» сәкілер пайда болды

Дубайда күннен қуат алатын «ақылды» сәкілер пайда болды

Дубай полициясы жергілікті алты полиция бөлімшесінде «ақылды» сәкілерді орнатты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.  Wi-Fi және USB портпен жабдықталған «ақылды» сәкілердің әрбірінде екі зарядтау станциясы мен 4G бағдарлауышы бар. Барлығының батареялары күн энергиясынан қуат алады. «Күннің аптап ыстығында сәкілер суиды. Ал қараңғыда жарық шығарып, өздігінен жаңарып отырады. Сондай-ақ, бұл сәкілер полиция мәліметтерін жеткізіп, ауа райы туралы да хабарлайды», — дейді Сапа жөніндегі басшылықтың бас директоры , полковник Шейх Мұхаммед Әл-Муалла. Дубайдың «Ақылды қала» бастамасы аясында барлық әмірлікте тағы да осындай «ақылды» сәкілер пайда болмақ. ДЕРЕККӨЗІ: baq.kz.

Толығырақ

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

  №247 орта  мектебінде қазан айында  «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ!» тақырыбында кең – ауқымда шара ұйымдастырылды. Бұл шараға ауыл емханасының бас дәрігері Набат Маханбетова мен емхана психологы Сандуғаш Нәлібаевалар және ата – аналар, мектеп мұғалімдері, 9,10,11 – сынып оқушылары қатысты. Бесарық емханасының бас дәрігері Набат Маханбетова және психолог Сандуғаш Нәлібаевалар өздерінің арнайы дайындаған баяндамаларын оқып, оқушыларға жан – жақты түсіндіріп өтті. Әрі қарай  сұрақ – жауап арқылы оқушылардың толықтай түсінуіне «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында баяндама оқылды. Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз…

Толығырақ

ӨЗІ ЖҮРЕТІН АВТОБУС

ӨЗІ ЖҮРЕТІН АВТОБУС

Ресейде өтетін 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатында қонақтар өзі жүретін  автобустармен тасымалданады. Бұл жөнінде Жапонияның Киото қаласында өткен Халықаралық ғылым және технология форумында Ресейдің вице-премьері Аркадий Дворкович «футболдан Әлем кубогында қонақтарды жүргізушісіз көліктер тасмалдайды», деп айтты деп хабарлайды hi-news.ru ақпараттық порталы. НАМИ мен «КамАЗ» ЖАҚ әзірлеген ұшқышсыз автокөліктердің ықтимал қатысуы бұрын айтылған, бірақ бұл мәлімдемелердің ресми растамасы болған жоқ. Электрмен жабдықталмаған автобустар сағатына 60 шақырым жылдамдықпен қозғалуға қабілетті. КАМАЗ автобустары автокөлік белгілері бар жолдар бойымен автоматты түрде қозғалады, сондықтан болашақта оларды барлық жерде қолдануға болады.

Толығырақ

САУАПТЫ ІСКЕ ҰЙЫТҚЫ БОЛДЫ

САУАПТЫ ІСКЕ  ҰЙЫТҚЫ БОЛДЫ

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы қашанда ардагерлерін назарда ұстап, оларға көңіл бөлуді естен шығарған емес. Яғни, жалғыз басты, аз қамтылған қариялардың үйіне барып, амандық-саулығын сұрауды қашанда алғашқы орынға қояды. Дәстүрге айналған игі шара өз жалғасын тағы бір мәрте тауып, қарттар қауымына қуаныш сыйлады. Жетекші партияның ұйытқы болуымен «Қызылқұм» жауапкершілігі шектеулі серіктестік аз қамтылған отбасы балаларына, Ұлы отан соғысы және Тыл ардагерлеріне көмек қолын созды. Өз кезегінде «Қызылқұм» ЖШС-гі «Хорасан 1» кеніш директорының орынбасары Жаксылықов Еркінбек қарттар қауымына өндіріс орнынан жасалынып жатқан қамқорлық алдағы уақытта тағы да жалғасын табатынын жеткізді. Қамқорлыққа…

Толығырақ