Берекелі ауылға бақ қонады

Берекелі ауылға  бақ қонады

Қазақы тәрбиеде үлкенді сыйлау, ағаны ардақ тұту дейтін құрмет інінің санасын сілкіп, қанға сіңген қасиетіне қозғау салады. Әсілінде, алдыңда ардақтар алты ағаң болсын, артыңда ізетті жеті інің болсын дегеннің өзі осындайдан шықса керек. Осы тұста, аққорғандық Жармұхамбет Төреқожаев ағамыз туралы айтпас бұрын арыдан сөз саптауға тура келеді. Ол Түгіскен тыңының игерілуіне сүбелі үлес қосқан арда азамат. Су шаруашылығының майталман маманы. Түгіскен ауылының 50 жылдық мерейтойына орай қадірменді қариямен біз қарашаңырағында қауыштық. «Елу жылда ел жаңа» демекші, әуелі әңгіменің әлқиссасын әріден бастауды жөн көрдік. Өткенге көз жүгіртіп, өзі де ауылдың іргетасы…

Толығырақ

САРТАЕВТЫҢ САРА ЖОЛЫ

САРТАЕВТЫҢ  САРА ЖОЛЫ

Ол Ұлттық ғылым академиясының «Алтын» медалімен марапатталған жалғыз ғалым ретінде ардақты. Ол Қазақстанның жоғарғы мемлекеттік марапаты «Парасат» орденімен марапатталған қайраткер ретінде құрметті. Ол Жаңақорған ауданының «ХХ ғасыр адамы» ретінде сыйлы. Бәрінен бұрын, ол өзінің азаматтық болмыс-бітімі, қайраткерлік тұлғасымен, адамдық қарапайымдылығымен қадірлі. Әрине, мұндай тұлғалық анықтама биыл тоқсанның төріне шыққан Сұлтан Сартаевқа арналған. – Жаңақорған қонысында 1927 жылдың 15 қазанында дүниеге келіппін. Әкем Сартай арбакеш, наубайхана меңгерушісі болып түрлі жұмыстар атқарды. Анам Әсел алты құрсақ көтеріп, ұл-қыздарына тәлімді тәрбие беруге мән берді, – деп бастады әңгімесін. – Қазіргі балалар «лакашты» ойнай…

Толығырақ

Мәңгілік елдің өрісі – мәңгі өнерінде

Мәңгілік елдің өрісі – мәңгі өнерінде

Өнер – өміршеңдігімен құнды. Ал талант талассыз тарихи тұлға. Ол – заманалар шежірешісі, уақыт төрешісі. Біз мұны қазан айы басталғалы Манап Көкенов атындағы қарашаңыраққа қазақ өнерінің қалқып бетіне шығар қаймақтарын қайта-қайта бас бұрғызып, қалың елдің көзайымы еткен қос бірдей өнер тарланын еске алуға арналған өнегелі шарада терең мойындадық. Кеше ғана ақиық ақын, періште пейіл, табан басқан жерінен кең жүрегінің шуағы тарап жататын, адамның барлығына дос, барлығына бірдей тілектес тау тұлға Адырбек Сопыбековтың 80 жылдығы атап өтілсе, сейсенбіден бастап Жаңақорған жұртшылығы әділеттің бір алдаспаны, мәдениет майталманы, ұлт өнерінің сайыпқыраны Әмір Мәжитовтің…

Толығырақ

10001,0 мың теңге мәдениет нысандарын жылытуға қаралған

10001,0 мың теңге мәдениет нысандарын жылытуға қаралған

Сондай-ақ, аудандағы мәдениет саласына қарасты кітапхана, мәдениет үйлері мен клубтардың да қысқа әзірлігіне назар аударғанды жөн көрдік. Алдағы қыс маусымынан қиналмай шығу мақсатында жергілікті бюджеттен 10001,0 мың теңге бөлініп, осы қаржыға ЖК «Баешов», ЖК «Тұрғанбаев», «Жаңақорған Техсервис» ЖШС, «Жыршы-Әуел» ЖШС және «Нышан-ер» ЖШС өткен мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаз деп табылып, жұмыс жасауда екен. Қазіргі таңға дейін аталған қаржының 3721,0 мың теңгесі игеріліп, оған 338 тонна көмір алып келінген. Аудандық мәдениет үйін газға қосу үшін құжаттар жасалынып, мемлекеттік сараптамадан өткізіліп те қойыпты. Аудандық кітапхана мен аудандық тарихи-өлкетану музейі толығымен газға…

Толығырақ

Кейбір балабақшалар әлі қысқа дайын емес

Кейбір балабақшалар әлі қысқа дайын емес

Ауданда 26 мемлекеттік және 76 жеке балабақша бар. Осы тәрбие ошақтарының қыс маусымына дайындығы қалай? Бұл сұрақтың жауабын ауылдық округ әкімдігі мен балабақша меңгерушілерінен білдік. Тоғыз балабақша сұйық отынмен, 42 балабақша газбен, қалғаны қатты отынмен жылытылады екен. Дегенмен Қожакент ауылдық округіндегі «Рахман», Келінтөбе ауылдық округіндегі «Жанерке», Қаратөбе ауылдық округіндегі «Аққайын» жеке балабақшасының қысқа дайындық деңгейі төмен екен. Бұл мекемелерде қысқа қажетті қатты отын түсірілмеген. Сондықтан, аталған ауылдық округтің басшылары тиісті орындардың қимылын ширатуға атсалысуы керек секілді.

Толығырақ

Емханалар мен ауруханалар қысқа дайын ба?

Емханалар мен ауруханалар қысқа дайын ба?

Әлеуметтік нысандардың ішінде маңыздысының бірі емханалар мен ауруханалар екені белгілі. Сондықтан ауданның бас дәрігері Сәулебек Ысқақовтың сөзіне құлақ салдық. – Аудан орталығында бір орталық аурухана, емхана және емхана бөлімшесі жұмыс жасайды. Ал, елді мекендерде алты ауылдық аурухана, он үш дәрігерлік амбулатория, сегіз ФАП және медициналық бекеттер бар. 2017-2018 жылдарға қыс мезгілдеріне қатты және сұйық отынмен қамтамасыз ету жөнінде тендер өткізіліпті. Тендер қорытындысы бойынша жеке кәсіпкер «Баешов И» қатты отынмен, «Жаңақорған ОЙЛ» ЖШС сұйық отынмен қамтамасыз ететін болып келісім шарт жасалды, – деді Сәулебек Есқожаұлы.

Толығырақ

ҚЫС ҚЫР АСТЫНДА оған дайындық қалай?

ҚЫС ҚЫР АСТЫНДА оған дайындық қалай?

Синоптиктер, қыстың жылдағыдан қатты болатынын болжап отыр. Қар қалың түспесе де, үскірік аяз көктемге дейін жалғасуы мүмкін. Ал, қардың негізгі мөлшері ақпан айында түседі дейді ауа-райын болжаушылар. Осыған байланысты Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысында жылыту маусымына дайындық барысын пысықтап, көмірдің тапшылығына байланысты тиісті ведомство басшысының жұмысын сынға алғанын білеміз. Ендеше, биылғы қысқа қамсыз отыруға әсте болмайды. Осы орайда, аудан мекемелерінің қысқа әзірлігін таразылап көрген едік. Ауданда 42 орта білім беретін, үш өнер, екі спорт, бір кешкі мектеп пен тәрбие орталығы бар. Білім ордаларының қысқы әзірлігін ауданның бас ұстазы Болат Ибрагимовтен…

Толығырақ

ӘКІМДЕР ХАЛҚЫНА ЖАҚЫН БА?

ӘКІМДЕР ХАЛҚЫНА  ЖАҚЫН БА?

Ата Заңға сәйкес қоғамды демократияландырып, халыққа елде жүргізіліп жатқан реформаларды жеткізіп, әлеуметтік-экономикалық дамудың бағдарын айқындап, атқарушы биліктің халық алдындағы ашықтығын, жауаптылығын, есептілігін арттыру мақсатында Мемлекет басшысы 2016 жылы 5-ақпанында «Орталық атқарушы орган басшылары мен әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Стратегиялық құжатқа «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» атты бесінші институционалдық реформасына серпін берді. Алғашында мемлекеттік басқару процесін кеңінен таратудың жолы саналған есепті кездесуге елді мекен тұрғындары белсенді қатысып, пікір-пайымдарын ортаға салып, әкімдердің жұмысына баға берді. Алайда, айтылған мәселелердің түйіні тарқатыла бермегендіктен жұрттың…

Толығырақ

Мемлекеттік қызмет көрсетудің жандануы

Мемлекеттік қызмет көрсетудің жандануы

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік органдардың алдына қойған маңызды міндеттерінің бірі сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге халықтың бірдей және теңдей қол жеткізуін атап көрсеткен. Жайылма ауылдық округі әкімінің аппараты «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» бойынша 2017 жылдың қаңтар айынан бастап 10 азаматтан өтініш түссе, олардың барлығы да мерзімінде қанағаттандырылды. Келесі, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі сапалы және уақытылы орындалатын құжаттардың бірі болып табылады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (халыққа қызмет көрсету орталығы) немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб порталы арқылы жүзеге…

Толығырақ

«Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы»

«Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы»

Азаматтардың білікті заң көмегін алуы үшін конституциялық құқығын, сондай-ақ әлеуметтік қорғалмаған халық тобының оған қолжетімділігін іске асыру бөлігінде заңнаманы жетілдіру идеясын Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 жарғысымен бекітілген, Осыған байланысты, құқықтық саясат тұжырымдамасында келесілер аталған: – қалалық және ауылдық мекендерде адвокаттық қызметтермен қамтамасыз етудің әркелкілігі мәселесін өз кезегімен шешу; – тегін заң көмегін көрсететін адвокаттардың еңбегіне ақы төлеуді әкімшілік ету жүйесін түзету. Осы жүйені шоғырландыру және айқын ету көзделген, бұл бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану құқығын береді; – шетелдік тәжірибені ескере отырып, адвокаттардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру институтын…

Толығырақ