Инсульт кезiнде көрсетiлетiн алғашқы жәрдем

Инсульт кезiнде көрсетiлетiн алғашқы жәрдем

    Бастың миын қатты зақымдап, соңы өлім жағдайына дейін баруы мүмкін қауіпті аурудың бірі – инсульт. Әдетте, инсульт алған адамның аяқ-қолы ұйып, жансызданып, ағзасы әлсізденіп, адамның сөйлеу қабілеті мен көру қабілеті нашарлай бастайды. Бұл белгілер күтпеген жерден, яғни кенеттен басталады. Тіпті науқастың салдыққа ұшырауы да мүмкін. Инсульт — ми функцияларының кенеттен бұзылуымен сипатталады. Сондықтан инсульт бас миы тамырларының ең қауіпті ауруы. Инсульт — адам өмірі үшін аса қауіпті саналады. Инсульт геморрагиялық және ишемиялық деп аталатын екі түрге бөлінеді. Ишемиялық инсульт алған адамның қантамыры бітеліп қалады, ал геморрагиялық инсульт болған…

Толығырақ

Денсаулық – болашақ кепілі

Денсаулық – болашақ кепілі

  ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Рухани келісім» күніне орай Жаңақорған аудандық емханасында «Денсаулық – болашақ кепілі» атты жиын болып өтті. Жиынның басты мақсаты — екпе шараларынан бас тартқан азаматтарға екпе шараларының тиімділігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Екпе шараларынан бас тартқан балалардың ата-аналары шақырылған аталмыш шараға «Рухани келісім» облыстық ақпараттық түсіндіру тобының өкілдері мен аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, емдеу және алдын алу ұйымдарының басшылары, сондай-ақ сала мамандары қатысты. Шараны жүргізген бас дәрігер С.Ысқақов Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы негізгі басымдықтарға тоқталып…

Толығырақ

МӘМС-ТІҢ ҮШ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАCЫ ҚАНДАЙ?

МӘМС-ТІҢ ҮШ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАCЫ ҚАНДАЙ?

    Міндеттілік: Қазақстан Республикасының әрбір тұрғыны міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуға тиіс. Әлеуметтік әділдік: Әрбір сақтандырылған қатысушының төлеген жарна мөлшеріне қарамастан қызметтің толық пакетін алу құқығы. Ниеттестік: Денсаулық сақтау саласының ауыр жүгі мемлекет, жұмыс беруші және әр адамның өз мойнында   Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша толық ақпаратты төмендегі байланыс құралдары арқылы және аудандық емханадағы №19 бөлмеден жұмыс уақытында ала аласыздар. Бірыңғай байланыс орталығы – 8 7242 400001 Веб-сайт: http://fms.kz/index.php/ru/ Facebook: https://www.facebook.com/fondosms/

Толығырақ

КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

                       Қоғамда орын алып жатқан оң өзгерістер, жарқын жаңалықтар денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында да қызу талқыланып жатады. «Бір мақсат. Бір мүдде. Бір болашақ» деп Елбасымыз айтқандай, кез-келген мәселенің шешімін тек қана бірлесе отырып, қоғам боп атсалыса отырып шешуге болады. Қазіргі уақытта Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселесі күн тәртібінде тұрғанын жақсы білеміз. Жаңа жүйеге қатысты талай пікірлер де айтылып жатыр. Сондықтан болар, Медициналық сақтандыру жүйесін қолданысқа енгізу сәл кейінге қалдырылғаны да белгілі. Алайда, медициналық сақтандыру қорына жарна төлеу 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жүргізіліп жатыр. Осы…

Толығырақ

ҚАРТТАРЫМ АМАН САУ ЖҮРШІ…

ҚАРТТАРЫМ АМАН САУ ЖҮРШІ…

  «Дүниеге келер бір рет, Дария кеуде тау мүсін. Құрыштан құйған құдірет, Қарттарым аман саумысың» — деп ақиық ақын М.Мақатаев жырлағандай, қария-қарттарымыз біздің ең қымбат асыл қазынамыз, жол бастаушыларымыз. Өмірде көргенін, көкейіне түйгенін өмірлік тәжірибе ретінде өзінен кейінгілерге үлгі-өнеге етіп жүрген ардақты ардагерлеріміздің орны қашанда бөлек. Өйткені, біз қашанда соларға қарап бой түзейміз, олардың еселі еңбек жолынан тәлім-тәрбие аламыз. Аудандық аурухана әкімшілігі мен салалық кәсіподақ ұйымы бірлесіп жылдағы дәстүр бойынша биыл тағы да мерекелік дастархан басында денсаулық сақтау саласы ардагерлерінің басын қосты. Сала ардагерлерін төл мерекесімен құттықтаған аудандық орталық аурухана…

Толығырақ

ЕГУ ШАРАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

ЕГУ ШАРАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

  Халық денсаулығын нығайту мақсатында еліміздің денсаулық сақтау саласы бойынша түрлі шаралар қолға алынды және ұлт саулығы жолында маңызды іс-шаралар іске асырылуда. Әсіресе, денсаулық саласында аурудың алдын алу мәселелеріне айрықша мән берілуде.  Осы бағытта скринингтік тексерулермен қатар тұмау және ЖРВИ ауруларының алдын алу үшін 2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде халықты тұмауға қарсы егу шаралары жүргізілуде. Өйткені, егу шараларының дер кезінде жүргізілуі аурудың алдын алудың басты шарты болып табылады. Ғылыми зерттеулерге сүйенетін болсақ, Қазақстан халқының 20 пайызы тұмауға қарсы иммунитеті әлсіз немесе жоқ болып есептеледі екен. ҚР ДСМ-і…

Толығырақ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛДЫ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛДЫ

  Қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан латын әліпбиіне көшу мәселесі Қазақстан халқының жарқын болашағының қалыптасуына, оның әлем халқына таныла түсуіне   септігін тигізер үлкен қадам екені баршамызға белгілі. Сондықтан мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылғандай, Қазақстанның 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшетіні қоғамның барлық салаларында, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдарда, түрлі орталарда, әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқылануда және көпшілік тарапынан қолдау табуда.  ҚР Үкіметі латын әліпбиіне көшу жобасын даярлауда. Осылайша, қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі қағи­да­лары қалыптаспақ және қазақ тілі біртіндеп латын әліпбиіне көшірілетін болады….

Толығырақ

Тұмауға қарсы егу шаралары

Тұмауға қарсы егу шаралары

Тұмау — өте ауыр вирустық жұқпалы ауру және тұмау асқынған жағдайда ринит, отит, бронхит, пневмония, миокардит, перикардит, миозит, пиелонефрит, менингит ауруларына алып келуімен қауіпті. Аудан бойынша 2017 жылдың 9 айында жедел респираторлы вирусты инфекциямен 1483 науқас емдеу орындарына қаралып, есепке алынды, оның 84,5 пайызы немесе 1254 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген, оның ішінде 82,0 пайызы немесе 1028 жағдай 5 жасқа дейінгі балалар арасында есепке алынды, 48,6 пайызы немесе 500 жағдай 1 жасқа дейінгі балалар арасында тіркеліп отыр. Аудан бойынша 9 айда 98 жүкті әйел ЖРВИ-на шалдығып емдеу орындарына…

Толығырақ

Денсаулық — зор байлық

Денсаулық — зор байлық

   «Дені сау адам — табиғаттың ең қымбат жемісі» деп бекерден-бекер айтпаса керек. Сондықтан, әрбір адам ең әуелі өз денінің саулығы үшін, баласының және басқа да отбасы мүшелерінің денсаулығы үшін  алаңдауы тиіс. Себебі дені сау адамның ғұмыры да ұзақ, қоғамға да пайдалы іс жасай алады. Денсаулығымыз мықты болуы үшін өмірімізге қауіп төндіретін зиянды әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстанып, дене жаттығуларымен шұғылданған абзал. Денсаулық туралы айтылған мақал-мәтелдердің өзінен көп нәрсені аңғаруға болады. Мұның бәрі де ата-бабаларымыздың өмірлік ұстанымынан, өмір сүру тәжірибелерінен алынған қарапайым қағидалар. Мысалы, «еңбектен асқан ем…

Толығырақ

«Кете руынан шыққан Текей батыр» атты оқырман конференциясы өтті

«Кете руынан шыққан Текей батыр» атты оқырман конференциясы өтті

Туған жермен елдің дархан даламызды жаудан қорғап, ұланғайыр мекенді ұрпағына аманат еткен бабалар есімі ұрпақтар жадында мәңгі сақталады. Қай кезде де алты Алашқа белгілі, сын сәттерде – ортақ мүдде үшін жанқиярлық танытқан бабаларымыздың өр рухы дараланып тұрары анық. Биыл сол ел басына күн туғанда атқа қонып, намысын найза ұшына жанған халық батыры, Әз Тәукенің қолбасшысы Текей Қарпықұлының туғанына 350 жыл толып отыр. Осыған орай, Қожакент ауылдық кітапханасының оқу залында №168 орта мектептің кітапхана меңгерушісі Тілепова Әлия мен Алмагүл Рустемованың ұйымдастыруымен «Кете руынан шыққан Текей батыр» атты оқырман конференциясы өтті. Конференцияға…

Толығырақ