Әлемде ең көп сатылатын смартфондар анықталды

Әлемде ең көп сатылатын смартфондар анықталды

Әлем бойынша 2017 жылдың бірінші жартысында ең көп сатылатын смартфон iPhone 7 болды. Бұл туралы IHS Markit зерттеу компаниясының сарапшылары жазды. Сұранысы көп, әрі танымалдылығы бойынша екінші орында — iPhone 7 Plus. Ал Samsung Galaxy Grand Prime Plus үштікке кіріп отыр. Сондай-ақ, кейінгі тізімдерде iPhone 6s және Samsung Galaxy S8 бар. 2017 жылы iPhone 7 сатылымы 2016 жылдағы iPhone 6 сатылымы нәтижелерінен төмендеген. Сарапшылар жыл сайын Apple-дің нарықтағы үлесі азайып жатқандығын айтады. 2015, 2016 және 2017 жылдың бірінші жартыжылдықтарында, смарфондар нарығындағы  Apple-дің үлесі 10 пайыздан 5 пайызға дейін төмендеген. Жалпы…

Толығырақ

Mercedes өз тарихында алғаш рет пикап шығарды

Mercedes өз тарихында алғаш рет пикап шығарды

Mercedes-Benz жаңа X-Class моделін ұсынды. Бұл — автокомпанияның өз тарихындағы алғашқы сериялы пикап. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. Компанияның мәліметінше, еуропалық нарықта модель 2017 жылдың соңында шығады. Келесі 2 жылда Mercedes-Benz X-Class Аргентина, Оңтүстік Африка, Бразилия және Австралияда сатылатын болады. Автомобильді 2016 жылдың қазанында шығарылған аттас концепт-кардық стилистикасында орындап шықты. X-Class моделі Renault-пен бірге жасалынды. Жаңа көліктің базалық модификациясы төртцилиндрлік 2,3 литр турбодизельмен жабдықталады. Mercedes X-Class-тың барлық түрлерінде танналық жүк көтергіш болады. Ал сүйретілгіш тізбек массасы 3,5 тонна деңгейінде болатындығы мәлімделді. Mercedes жеңіл модельдерінің қауіпсіздік жүйесі пикапқа да енгізілді: автоматты тежелгіш, айналмалы…

Толығырақ

«Jordan» Геннадий Головкиннің құрметіне арнап киім шығарды

«Jordan» Геннадий Головкиннің құрметіне арнап киім шығарды

Танымал америкалық бренд «Джордон» орта салмақта WBA (Super), WBC, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің құрметіне жаңа спорттық киімдерін сатылымға шығарды. Бұл туралы Головкиннің промоутері Том Леффлер өзінің твиттердегі парақшасында жариялады. GGG атымен жазылған киімде қазақтың ою-өрнегі де белгіленген. Киімнің жақын арада онлайн сатылымға шығатыны белгілі болды. Еске салсақ, Головкин бұл компаниямен 2016 жылдың сәуірінде келісімшартқа отырған. Отандасымыз «Jordan» брендін жарнамалайтын кіші Рой Джонс пен Андре Уордтан кейінгі үшінші боксшы болып саналады. Дереккөзі: 7kun.kz.

Толығырақ

Жаңақорған аудандық соты 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді

Жаңақорған аудандық соты 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Нұрлыбек Қосанов өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Әлібек Жарықбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді. Аталған іс-шара барысында төраға Н.Қосанов тілшіге 2017 жылдың 9 айында сотта атқарылған жұмыс жөнінде айтты. Есепті кезеңде аудандық сотта 106 тұлғаға қатысты 83 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 47 тұлғаға қатысты 39 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылған. 42 тұлғаға қатысты 29 қылмыстық іс сот өндірісінен қаулымен қасқартылған, оның ішінде 20 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталған. 2017 жылдың 9 айында барлығы 683 азаматтық істер қаралып, оның ішінде 367 азаматтық іс бойынша шешім қабылданған, 79 азаматтық…

Толығырақ

Жаңақорған аудандық сотында азаматтық істер бойынша брифинг өтті

Жаңақорған аудандық сотында азаматтық істер бойынша брифинг өтті

Жаңақорған аудандық сотында «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі С.Әбдіштің қатысумен «Оңайлатылған іс жүргізу тәртібі» тақырыбында брифинг өткізілді. Судья Б.Елшібеков оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған талап қоюшы «Қазақтелеком» АҚ-ның борышкерлерден берешекті өндіру туралы азаматтық істеріне тоқталып өтті. Сонымен бірге, судья Б.Елшібеков істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралуының ерекшеліктерінің бірі, ол тараптарды сотқа шақырмай бір айдың ішінде қаралатындығын атап өтті. Соттың шешімдерімен 13 қыркүйек 2017 жылы талап қою арыздары қанағаттандырылып, 14 жауапкерлердің коммуникация қызметтерін пайдаланғандары үшін берешектері  «Қазақтелеком» АҚ-ның пайдасына өндірілді. Сот шешімдері заңды күшіне енген жоқ. Н.Тұрғанбекұлы, Жаңақорған аудандық сотының сот жасауылы.

Толығырақ

Жаңақорған аудандық соты, аудандық әкімдік, прокуратура және аудандық пробация қызметі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Жаңақорған аудандық соты, аудандық әкімдік, прокуратура және аудандық пробация қызметі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен «Қылмыстық істер бойынша қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жазаны тағайындау және оның орындалуы» тақырыбында «дөңгелек үстел»  өткізілді. «Дөңгелек үстелге» Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.О.Қосанов, Жаңақорған ауданының әкімінің орынбасары Б.Е.Айтбембет, аудан прокуроры Н.С.Дүйсенбаев, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азамматтық хал актілерін тіркеу бөлім басшысының орынбасары С.Ә.Өмірбеков, аудандық пробация қызметі басшысының міндетін атқарушы А.У.Момбеков, аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері, кент әкімінің қызметкерлері және «Жаңақорған тынысы» аудандық газетінің тілшісі А.Жарықбаев қатысты. Аудандық сот төрағасы Н.О.Қосанов Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазасының ұғымдары, қоғамдық жұмысқа тарту…

Толығырақ

Партисипативтік тәртіппен азаматтық іс қаралды

Партисипативтік тәртіппен азаматтық іс қаралды

Жаңақорған аудандық сотында талап қоюшы М-ның жауапкер Ж-дан 350 000 теңге берешегін, мемлекеттік бажға төленген 3 500 теңгені, барлығы 353 500 теңге өндіруді немесе кепілге қойылған МТЗ-80 тракторын алып беруді сұраған талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі қаралды. Істі қарау барысында тараптар 2017 жылғы 27 қыркүйектегі тараптардың адвокаттарының жәрдемдесуімен өткізілген дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасағандарын көрсетіп, соттан аталған келісімді бекітуді сұраған. Қазақстан Республикасы АПК-нің 277-бабының 6) тармағының талабына сәйкес тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және сот оны бекітсе сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады. Жаңақорған…

Толығырақ

Өзбекстан Республикасының 3 азаматы қөші-қон заңын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Өзбекстан Республикасының 3 азаматы қөші-қон заңын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Жанақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 2 және 5-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасаған Өзбекстан Республикасының 3 азаматына қатысты әкімшілік істер қаралды. Құжаттарын тексеру кезінде анықталғандай, Өзбекстан Республикасының азаматтары жеке мақсатпен келдім деп, келу мақсатына сай болмай, ауызша мәміле жасап, құрылыс алаңында рұқсатсыз жұмыс істеген, сондай-ақ тіркелген мекен-жайларында болмаған. Сотта Өзбекстан Республикасының азаматтары өз кінәларын мойындап, шын жүректен өкініп, тіркелген мекен-жайларында болмағанын, сондай-ақ рұқсатсыз жұмыс істегенін көрсетті. Аудандық соттың қаулыларымен шетел азаматтары Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517 бабының 2 және 5-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, осы…

Толығырақ

Жаңақорған аудандық сотында тараптар татуласуына байланысты әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Жаңақорған аудандық сотында тараптар татуласуына байланысты әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Жаңақорған аудандық сотында азамат А-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Іс құжаттарына сәйкес сотта, құқық бұзушы А-ның  бұған дейін 2017 жылы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылып, ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылған, бір жыл ішінде екі рет қайталап өз үйінде, масаң күйде әйеліне былапыт сөйлеп, сыйламаушылық көрсетіп, жанұясының тыныштығын бұзғаны анықталды. Сотта қарау барысында құқық бұзушы А. кінәсін мойындап, зайыбы С.-дан кешірім сұрап, онымен татуласуына байланысты, әкімшілік істі қысқартуды және әкімшілік жауаптылықтан босатуды сұрады. Сот отырысында жәбірленуші С. аталған оқиға бойынша…

Толығырақ

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл салынды

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл салынды

Жаңақорған аудандық сотында азамат Ж-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Іс құжаттарына сәйкес, азамат Ж. Жаңақорған кенті М.Көкенов көшесінің бойында орналасқан орталық базарда кент тұрғыны азаматша Н-ға былапыт сөйлеп, балағаттап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған. Сот отырысында азамат Ж-ның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындау жауабымен қатар, іс бойынша жинақталған құжаттармен өз дәлелін тапты. Аудандық соттың қаулысымен азамат Ж. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 22 690 теңге әкімшілік айыппұл салу жазасы тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енбеген. Данияр…

Толығырақ