Жаңа басшы тағайындалды

Кент орталығындағы №5 «Балғын» балабақшасында келелі шара болып өтті. Балабақшаны ширек ғасырдай басшылық жасаған Айсара Нәлібаеваны ұжым құрметті зейнет демалысына шығарып салды. Осы шара барысында осы балабақшаның әдіскері Гүлмира Сейілова Серікқызы басшы болып тағайындалды.

Толығырақ

Сырдың азаматы – өнердің қазанаты

Сырдың азаматы – өнердің қазанаты

Алтын күздің жарқыраған таңында ақын болып туып, туған жерге асыл сөзден тәж кидірген ардақты тұлға Адырбек Сопыбековтың рухына құрмет көрсетуді парыз санаған парасат иелері аудан орталығындағы Мәдениет сарайына ағылды. Аудан руханият өкілдері атаулы күнге айрықша дайындықпен келіпті. Мәдениет үйінің фойесінде «Адырбек Сопыбековке – 80 жыл» атты фотокөрме және қаламгердің жарық көрген 25 кітабының мұқабасы үлкейтіліп, қаз-қатар орналасып, аудандық мұражай қызметкерлері жазушының бүкіл марапаттары мен құжаттарын, жазу ісінде пайдаланған құралдарын тірі күніндегідей көз алдымызға жайып салды. Шара барысында ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының облыстық өкілдігінің төрағасы Қаршыға Есімсейітованың құрастыруымен шыққан «Мәңгілікке…

Толығырақ

МЕРЕКЕГЕ ӘН ШАШУ

МЕРЕКЕГЕ ӘН ШАШУ

«Мұғалімдер күні» мерекесі қарсаңында кент орталығындағы балабақша қызметкерлері арасында «Ән салды мамандар» атты өнер байқауында 9 балабақша ұжымы бақ сынасты. «Арман» мәдениет үйінің сахнасында әр балабақша өнерпаздары еркін тақырыпта дуэт, трио, вокалдық топ болып асқақтата ән салды. Балабақша тәрбиешілері мен тәлімгерлерінің ізденімпаздығы, өнерге деген құштарлығы орындау шеберліктері көрермендерді тәнті етті. «Болашақ», «Меруерт», «Нұр-Дәулет» балабақшасының өнерпаздары іріктеу сайысында финалға жолдама жеңіп алса, қалған қатысушы топтар түрлі номинациялар бойынша марапаттарға ие болды. Балабақша қызметкерлерінің тек бала тәрбиесімен шектелмей, кәсіби төл мерекелерін осындай ән шашумен қарсы алғандары көңіл қуантады. Фатима Тұртанова қазылар алқасы…

Толығырақ

РЕЖИССЕР – РОЛЛАН

РЕЖИССЕР –  РОЛЛАН

АУДАНЫМЫЗДА АЛҒАШ ХАЛЫҚ ТЕАТРЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАП, ЕЛ ІШІНДЕГІ ТАЛАНТТАРДЫ ТАУЫП, КИЕЛІ САХНАНЫҢ КЕЛБЕТІН ОРНЫҚТЫРЫП КЕТКЕН МӘРИЯШ РАЙШЕВА, ӘМІР МАЖИТОВ СЫНДЫ САҢЛАҚТАРДЫҢ ЕСІМІ ЕЛ ЖҮРЕГІНДЕ. ӘСІРЕСЕ ӘМІР АҒАМЫЗДЫҢ КЕШЕГІ КЕҢЕСТІК САЯСАТЫНАН ТУЫНДАҒАН ГЕНОЦИДТІҢ КЕСІРІНЕН ҚАНШАМА ТАҒДЫРДЫҢ ТОЗ-ТОЗЫ ШЫҚҚАНЫН ШЫНАЙЫ АШЫП КӨРСЕТЕТІН «БІР ҮЗІМ НАН» ПЬЕСАСЫ АЛҒАШ ТОТАЛИТАРЛЫҚТЫҢ ҚҰРСАУЫН ЖАРЫП ШЫҚҚАН ЖАНАРТАУ СЫНДЫ СИПАТЫМЕН ТАРИХТА ҚАЛДЫ. АЛ РЕЖИССЕР – РОЛЛАН Бақтыбаев ЕЛ ЖАДЫНДА НЕСІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНУІ МҮМКІН? Ролланды ең бірінші елге танытқан-оның әншілігі. Қыран қабақ, отты жанарлы жас жігіт сахнаға жарқ етіп шығып, дала ұлына тән еркіндіктің рухын шарықтатқан шыбытына мінгенде көрермен көңілін…

Толығырақ

Кәсіп пен ғылымды ұштастырған

Кәсіп пен ғылымды ұштастырған

Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына серпін беретін тапсырма берді. Яғни, аграрлы сектор жаңа экономиканың драйверіне айналуы керектігін айрықша атап өтті. Оған Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің мүмкіндігі мол. Өйткені, көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз. Бұл өз кезегінде ауылдағы ағайын үшін де үлкен жаңалық. Себебі, атакәсіпті арқау еткен шаруа үшін мемлекет тарапынан жасалынатын қолдаудың маңызы зор. Осы тұста, келінтөбелік Керімхан Егізбаевтың есімі ауыл шаруашылығы саласымен тығыз байланысты. Шаруаға бейім шаруашылық төрағасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жеке кәсібін ашқан. Ғылыми өндірістік «Агротехнология» шаруа қожалығы…

Толығырақ

Қалжа жеген қазақпыз

Қалжа жеген қазақпыз

Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа ұласып келе жатқан ырымдары мен тыйымдары, өзіндік мән-мағынасы, терең салт-дәстүрлері бар. Бүгінге дейін желісі үзілмеген ырымдардың бірі – ҚАЛЖА дер едім. Ата-бабамыздан осы күнге жеткен бұл ырымды халық тұрмыс-тіршілігінің бүгінгі көрінісінен де көруге болады. Қалжа дегеніміз жаңа босанған ана мен өмірге келген нәресте үшін сойылатын қой. Жалпы, қазақ халқы босанған әйелге қатты мән берген. Оның денсаулығы, нәрестенің жағдайы әркез есте тұрды. Соған сәйкес ұлтымыздың керемет ырымы қалжаны да қолданыстан осы күнге дейін шығарған емес. Шаңыраққа шырылдап нәресте келген кезде сол үйдің тума-туыстары, таныстары жиналып, кішігірім той…

Толығырақ

Кені мен емі келіскен шипажай

Кені мен емі келіскен шипажай

ЕМДІК ҚАСИЕТІМЕН ТАНЫМАЛ «ЖАҢАҚОРҒАН» ШИПАЖАЙЫНДА КЕЛУШІЛЕР САНЫ БІР СӘТКЕ ДЕ ДАМЫЛДАҒАН ЕМЕС. ЕМ-ДОМ АЛУҒА КЕЛГЕН ӘР ТЫНЫҒУШЫҒА САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШИПАЖАЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БАСТЫ МІНДЕТІ. БҰЛ ТҰРҒЫДА ТЕК РЕСПУБЛИКА ЕМЕС, АЛЫС-ЖАҚЫН ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРден келушілерді қабылдап жататын «ЖАҢАҚОРҒАН» ШИПАЖАЙЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ АЙРЫҚША. МҰНДАҒЫ ЕМ-ДОМНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ – САПА СТАНДАРТЫНА САЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ. ОСЫ ТҰСТА, АТАЛМЫШ МЕКЕМЕНІҢ ГИНЕКОЛОГ – ДӘРІГЕРІ ЖАНАР ӨМІРБЕКОВАНЫҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСЫП ҚАЙТТЫҚ. Жанар Тұрғанәліқызы жастайынан білімді өмірлік серігіне айналдырған қарапайым қазақ қызы. Арман қуып, Елордада Астана медициналық университетіне оқуға түсіп, дәрігер гинеколог мамандығын қызыл дипломмен қорғап шығады. Туған жердің топырағын…

Толығырақ

Шарана шайқау дегеніміз не?

Шарана шайқау дегеніміз не?

Жаңа түскен жас келін туыс ауылдарды қыдырып жүргенде, көпті көрген даңсалы бәйбішелер, жас келінге «шілде суына сал» деп күміс теңге, моншақ-маржан, жүзік, сырға сияқты бұйым береді. Жас келіншек босанғанда, баланы шаранасынан шайқап жуып тазартады. Шарана суды қазақтар шілде суы деп атайды. Бағанағы берген нәрселерді суға салады, оны баланы шомылдырған әйелдер таласа-тармаса шарана суын шайқап алады. Оны қазақ кадесінде «шарана шайқау» деп атайды.

Толығырақ