Елбасына латын қарпіндегі әліпбидің жобасы таныстырылды

Елбасына латын қарпіндегі әліпбидің жобасы таныстырылды

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелерін қабылдады. Отырыс барысында Мемлекет басшысына латын әріптері түріндегі қазақ әліпбиінің қоғамдық талқылау кезіндегі ұсыныстарды ескере отырып әзірленген бірыңғай стандартты жобасы таныстырылды. Қазақстан Президенті мемлекеттік тілдің реформасы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасындағы маңызды сұрақтардың бірі екенін атап өтті. «Осы күндері қазақ тілінің жаңа алфавитіне қатысты сауал көптің талқысына түсіп жатыр. Көптеген адамдар осы жұмысқа араласты. Латын әліпбиіне көшу туралы идея сонау тәуелсіздік алған жылдары туған еді. Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы жұмыс менің ерекше бақылауымда болатын»,…

Толығырақ

Мессиді сатып алу үшін банк тонау қажет

Мессиді сатып алу үшін банк тонау қажет

Тель-Авив қаласының футбол клубы «Маккаби» бас бапкері Хорди Круифф израильдық клубтың «Барселона» және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессиді сатып алу мүмкіндігі жайлы әзілдеді, — деп хабарлайды «Чемпионат.com». «Мессиді «Барселонадан» басқа бір клубтың жейдесін киіп жүргені қызық болар еді. Мессиді сатып алу үшін банк тонау қажет», — деп жазады Marca Круиффтың сөзін. Осыған дейін «Манчестер Сити» басшылығы Месси үшін футбол тарихындағы рекордтық соманы ұсынғаны хабарланды. Олар Мессиді сатып алу үшін 400 миллион еуро беруге дайын. Осы маусымда аргентиналық футболшы Испания чемпионатында жеті ойынға қатысып, 11 гол салған. Еске салайық, «Маккаби» Еуропа…

Толығырақ

Оқушы қызды өлтірген такси жүргізушісі ұсталды

Оқушы қызды өлтірген такси жүргізушісі ұсталды

Алматыда 18 жастағы мектеп түлегі Назерке Әріпті өлтірді деген күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «8 қазанда күдікті ұсталды — Алматы облысы, Талғар ауданының 1984 жылғы тұрғыны. Криминалдық полиция Медеу аудандық ІІБ әріптестерімен біріге отырып, қылмыскерді анықтауға бағытталған кешенді шараларды жүргізді. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабына сәйкес күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адам кінәсін мойындады», — деп хабарлады Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин. «Ол жеке меншік жүргізуіші, сол күні қызды алып кетіп, қорлап, қылғындырған. Қылмысын жасыру мақсатында қыздың денесін зираттың маңына қалдырып кеткен. Адам өлтіру дерегі…

Толығырақ

Киелі білім ордасында өткен шара

Киелі білім ордасында өткен шара

№51 М.Қаратаев атындағы орта мектебінде 7б-сынып оқушыларының мектеп кітапханасымен жəне аудандық кітапханамен біріге отырып жүргізген «Ұстаз аты биік, əрі мəңгілік» атты тəрбие сағаты өтті. Сынып жетекшісі Бағдат Омарованың ұйымдастыруымен оқушылар ұстаздар жайлы толғанып, ақын өлеңдерінен үзінділер оқып, əн-биден шашу шашты. Аудандық кітапхана қызметкері Бибасарова Мира мен мектеп кітапханашылары біріге отырып » Ұстаз- үлгі, өнеге, ұлағатым» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.

Толығырақ