Елбасының мейірімді құшағы ашық

Елбасының мейірімді құшағы ашық

Сөз жоқ, атасының немересін елжірей жақсы көріп, мейірін төгуі жүрек тебірентерлік көрініс. Оның үстіне Елбасының Аралдан келген кіп-кішкентай аттасының басынан сипап, бата беруі жүрегі еттен жаралған әр адамға әсер етпей қоймайды. Президенттің Қызылорда облысына сапары барысындағы түсірілген суреттің ел арасына жылдам тарап, жұрттың ыстық ықыласына бөленіп жатуының себебі осы ғой дейміз. Кешегі Елбасының жастармен бейресми кездесуінде тағы бір әдемі көрініс болды. Әлқисса. 2015 жылы Қызылордаңызда «Жетімдер үйі» жабылды. Оның орнына «Атамекен» балалар ауылы ашылды. Бұл ауыл жетімдер үйінен тіпті бөлек еді. Мұнда балалар бір отбасының мүшелеріндей өмір сүреді. Тәрбиешілерін мама…

Толығырақ

Ауданда алғаш рет қашықтықтан білім алды

Ауданда алғаш рет қашықтықтан білім алды

Қашықтықтан оқыту – бұл оқу үдерісінің оқытушы мен студенттер арасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқу үдерісін жүргізу мен ұйымдастырудың заманауи тәсілі. Осы тәсілмен алғаш рет ауданда оқыту маусымы өтті. «Өрлеу» бағдарламасы аясында өрбіген семинарға мектеп басшысы, оқу ісі жөніндегі орынбасарлар қатысып, 46 тақырып бойынша өзіндік жұмыс тапсырып, сауалнама толтырып, сұраққа жауап қатты. Олардың жұмысын Алматы қаласында отырған тринарлер тексеріп, жұмысын бағалады. Семинар соңында 35 мұғалімге оқудан өткендігі жөнінде сертификат табыстады.

Толығырақ

Көп күткен көктем еді немесе Қоржынбай ақынды еске алу

Көп күткен көктем еді немесе Қоржынбай ақынды еске алу

Ой қуып, қиял жетегіндегі ақынның ой-арманы өзінің құлай сүйген,табиғаты сый еткен ерекше қасиетінен нәр алып,қазақтың қара өлеңіне өзінше үн қосып,сол жолды таңдай білуінде жатса керек.Ақындықтың азабын,тыншытпайтын ой-сезімнің ырқына алдырып,ақ қағазға тізбек-тізбек шумақ төгіп барып рахатқа бөленетін кездерінде сол ақындардың,тылсым қасиеті дер едім.Міне осындай арқалы ақын, сыры мен шынын өмірі қысқа болып айта алмай, оқушы біткенннің құрышын қандырып үлгермеген, 32 жасында бақилық болған жерлесіміз,ұстаз-ақын Қоржынбай Кемелбеков болатын. Ия ол кім еді? Қоржынбай Кемелбеков 1945 жылы осы ауданның «Сүттіқұдық» ауылында дүниеге келген еді.Орта мектептен соң 1964 жылы Қызылордадағы педагогикалық институтқа түсіп, оның…

Толығырақ

Рухани жаңғыруға бетбұрыс

Рухани жаңғыруға бетбұрыс

Аудандық ақпараттық топ мүшелері аудандық жарнама агенттігінің басшылары және «Қазақстан Халық Банк» АҚ- ның еңбек ұжымымен латын әліпбиіне көшу жөнінде кездесулер өткізді. Сондай – ақ жиынға қатысушылардан түскен сұрақтарға жауап беріп, пікірлер алмасылды.

Толығырақ

Диқанның жары

Диқанның жары

Қырық жылға жуық келешек тәрбиесі жолында тынбай тер төккен, ауылдағы ағайынның көзге басар көкөрімдерін маңдайынан жел тигізбей мәпелеп, білімді азамат етіп шығаруда бойдағы бар қажыр қайратын арнаған ұстаз-ананың талайына тағдыр бір таңғажайып қадір-қасиетті тарту етті. Ол – диқаншылық еді. Шынар көп балалы отбасында тәрбиеленді. Мінезі өзгешелеу, үйдің күйбеңінен гөрі түздің тірлігіне бейім қайсар қыз кішкентайынан шаруа баққан әкеге қолқанат болып өсті. Мектепте де үздік оқып, қоғамдық жұмыстардың басы-қасында белсенді жүретін. Осыны ескерген аудандық комсомол ұйымы жолдамамен Шынарды Қыркеңсе ауылындағы №213 орта мектебіне пионервожатый етіп жіберді. Өмірлік серігін де ол өз…

Толығырақ

АSTANA MEDIA WEEK: ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ АЛАҢЫ

АSTANA MEDIA WEEK: ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ АЛАҢЫ

Елордадағы «Қазмедиа» орталығында Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен «Аstana Media Week» медиа апталығында ақпарат нарығындағы соңғы өзгерістер мен цифрлық технологияларды дамыту тақырыбы, жаңа медианың орны, медиа нарықтың бүгінгі бағдары және т.б. тақырыпта еркін пікір алмасулар өрбіді. Оған 15 отандық және 7 шетелдiк телеарна және өңірлік ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Қазақстанда тұңғыш рет өткізілген апталықтың алғашқы күні Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев арнайы қатысып, журналистерге сәттілік тіледі. – Astana Media Week қазақстандық медиааптасы – бұл кең көлемдегі салалық іс-шаралар сериясы. Жыл сайын Қазақстан Республикасы Ақпарат…

Толығырақ

Кітап – көркем мінезділікке тәрбиелейді

Кітап – көркем мінезділікке тәрбиелейді

КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТІ КӨП ОҚЫҒАН ТҰЛҒАНЫҢ ТАБИҒАТЫ ТАЗА, КӨҢІЛІ КІРШІКСІЗ КЕЛЕДІ. ЖАНАРЫНАН ЖЫЛЫ ЛЕП, ЖҮЗІНЕН ЖҰМАҚТЫҢ НҰРЫ ТӨГІЛІП ТҰРАДЫ. ОСЫНДАЙ ЖАННЫҢ БІРІ №3 МЕКТЕП ИНТЕРНАТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ, ҚАЗАҚ ТІЛІ, ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ, ӘУЛЕТІНІҢ ИБАЛЫ КЕЛІНІ ГҮЛНАРА САБЫРХАНҚЫЗЫ ӘЛІБЕКОВАМЕН САЛИҚАЛЫ СҰХБАТ ӨРБІТУДІҢ СӘТІ ТҮСТІ. – Сіздің дәрісіңізді бойға сіңірген оқушылар үнемі үлкен жетістікке жетіп отырады. Мұның құпиясы неде? – Мәлік Ғабдуллиннің «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді» деген сөзі нағыз ұстазға айтылған мінездеме секілді. Ұстаз болу жауапкершілігі…

Толығырақ

ҚҰТ ҚОНҒАН ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ ШУАҚТЫ

ҚҰТ ҚОНҒАН ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ ШУАҚТЫ

Елбасының бағасы сырбойылықтардың сенімін сергітті Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жұмыс сапарымен Сыр өңіріне келді. Президентті облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Байқоңыр әуежайынан күтіп алды. Мемлекет басшысы алдымен «Байқоңыр» кешені мен жұлдызды қаланың даму жоспарымен танысты. Мемлекет басшысына Қазақстан мен Ресей арасында қабылданған «Байқоңыр» кешеніндегі одан әрі ынтымақтастық тұжырымдамасының іске асырылу барысы көрсетілді. Сондай-ақ, Президент «Бәйтерек» бірлескен жобасына қатысты атқарылып жатқан жұмыстармен де танысты. Қазіргі таңда қазақстандық кешенді өнеркәсіп пен жоғары технологияға бағытталған орталық ретінде дамыту көзделіп отыр. Ал осы бағыттағы басты шараның бірі – «Бәйтерек» жаңа зымыран кешенін…

Толығырақ

ТУҒАН ЖЕР ЕРГЕ ДЕ БАЙ, ЖЕРГЕ ДЕ БАЙ

ТУҒАН ЖЕР ЕРГЕ ДЕ БАЙ,  ЖЕРГЕ ДЕ БАЙ

Тіршілігіміздің тұтқасы – табиғат ананы аялау жөнінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Мемлекет басшысының Жолдауында баса айтылған Патриотизм кіндік қаның тамған жеріне, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу шынайы патриотизмнің көріністерінің бірі. Туған жердің қадір-қасиетін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» делінген Жолдауда. Осы мақсатта аудандық балалармен мәдени-тәрбие орталығында «Қазақстанның табиғаты» деген тақырыпта үздік фото және бейнемотериалдар конкурсы өтті. Конкурсқа кент мектептерінен бейнелеу пәнінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Қатысушылар еліміздің керемет табиғаты бейнеленген фотоларымен таныстырды. Қорытындысында №3 мектеп интернаты І-ші…

Толығырақ

ЖАҢА ӘЛІПБИ – ЖАНДҮНИЕМІЗДІҢ ЖАЛАУЫ

ЖАҢА ӘЛІПБИ – ЖАНДҮНИЕМІЗДІҢ ЖАЛАУЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында рухани жаңғырмай бәсекеге қабілеттілік шыңдалмайтынын айтты. Ал, стратегиялық құжатта жаңғырудың негізі әліпбиді реформалаудан басталатынына меңзеді. Содан кейін Мәжілісте латын әліпбиінің артықшылығы мен ерекшелігін талдаған тындау өтті. Халық қалаулылары мен тіл мамандарының басы қосылған алқалы жиында 100-ге тарта нұсқадан іріктелген екі нұсқаның жан-жақты талқылаудың, зерттеудің нәтижесінде бір тоқтамға келгенін білдік. Содан бері жер-жерде әліпбидің жаңа нұсқасын талқылаған жиындар өтуде. Сондай келелі басқосу аудандық мұрағатта өтті. Жиынға модераторлық еткен мұрағат басшысы, аудандық мәслихат депутаты Зағипа Абжалелова жаңа әліпби қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына…

Толығырақ