ЕЛБАСЫ ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ШЫНЫ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ЕЛБАСЫ ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ШЫНЫ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Мемлекет басшысы Қызылорда облысына жасаған сапарында Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы арқылы салынып жатқан шыны зауытының құрылысын көрді. Сондай-ақ, Елбасы облыста іске асырылып жатқан инновациялық жобалар көрмесіне барды. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев зауыт жұмысшыларымен, жергілікті тауар өндірушілермен және өңірде жұмыс істеп жатқан шетелдік компаниялардың өкілдерімен кездесті. – Елімізде инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдай жасалды. Бұл жұмысты жалғастыратын боламыз, – деді Қазақстан Президенті. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 197 мың тонна жалпақ шыны өндіруге жетеді. Бұл өнім ішкі нарыққа, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан және Түркияға жеткізілетін болады. Зауыт 2018 жылы іске қосылады деп жоспарланған.

Толығырақ

Мемлекет басшысы «Қорқыт Ата» мемориалды кешенін аралап көрді

Мемлекет басшысы «Қорқыт Ата» мемориалды кешенін аралап көрді

    Қазақстан Президенті Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында әйгілі ойшыл, ұлы қобызшы Қорқыт Атаға арналған сәулет кешенін аралап көрді. Мемлекет басшысына мемориалды кешенде жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесі жөнінде баяндалды. Мұнда салтанатты іс-шаралар өткізетін алаң жасалып, орталық аллеяда жаяу жүргіншілерге арналған қосымша жол салынған, сондай-ақ монумент маңы абаттандырылған. Нұрсұлтан Назарбаев жаңа әкімшілік ғимаратты және «Қасиетті арқар» атты мүсінді көрді. Бұдан бөлек, Елбасы кешендегі музейде Қорқыт Атаның өмірі мен мұрасына арналған сирек экспонаттармен танысты.

Толығырақ

Тілім барда тірімін мен мәңгімін

Тілім барда тірімін мен мәңгімін

   Қазақ елі үшін, ондағы мекендеген сан ұлттар үшін де  қазақ тілінің мәртебесі биік .   Тіл халықтың тарихы  ,  тіл –ұлттық қазына ,тіл біздің намысымыз ,арымыз ,байлығымыз. Тіл халықтың жаны , тұтас кескін келбеті,болмысы. 1989 жылы 22-қыркүйекте Қазақстан  Республикасының  Тіл туралы заңы қабылданды. Қазақ тілі Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік тілі болып жарияланды. Осыған орай № 247 орта мектебінде 18 —  28 қыркүйек аралығында « Мұғалімнің кәсіби өсу үдерісін жетілдіру» атты семинар  болып өтті. Семинардың мақсаты : Оқыту мен оқуда мұғалімнің кәсіби өсуін және желілік қауымдастықты жетілдіру ,бірлескен жұмыс  ортасын құрып өзара…

Толығырақ

Нұрсұлтан Назарбаев «Байқоңыр» кешенін дамыту жоспарымен танысты

Нұрсұлтан Назарбаев «Байқоңыр» кешенін дамыту жоспарымен танысты

Мемлекет басшысы жұмыс сапары кезінде Қазақстан мен Ресей арасында қабылданған «Байқоңыр» кешеніндегі одан әрі ынтымақтастық тұжырымдамасының іске асырылу барысымен, сондай-ақ «Бәйтерек» бірлескен жобасына қатысты атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. – Ресеймен жасалған уағдаластықтар аясында кешенді дамытудың стратегиялық бағыттары айқындалды. Арнайы құрылған үкіметаралық комиссия мен үкіметтеріміз тиісті жұмысты үйлестіруде. Нақты шаралар қабылданып жатыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осы орайда Қазақстан Президенті өңірдің экологиялық қауіпсіздігін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына Байқоңыр қаласын дамыту перспективалары мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған іс-шаралар жөнінде баяндалды. – Қаланың болашағы зор. Қажетті инфрақұрылым дамып келеді….

Толығырақ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда қаласына келді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда қаласына келді.

  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда қаласына келді. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысының жұмыс сапары барысында «Байқоңыр» ғарыш айлағын, «Қорқыт ата» мемориалды кешенін, сондай-ақ өңірдегі бірқатар әлеуметтік нысандар мен өндірістік кәсіпорындарды аралап көруі жоспарланған.

Толығырақ

Міне, менің атам осындай тұлға болған

Міне, менің атам осындай тұлға болған

Мен осыдан қырық жылдан астам бұрын осы ауылға келін болып түскен едім. Алғаш әсерім, киіз үйдің төрінде қасқиып отырған жазық маңдайлы, ұзын сақалы бар, жанары ойлы атаны көргенде Абай тіріліп келгендей қаттым да қалдым. Қиыр шетте орысша тәрбие алып, мүлде басқа ортада бұлаңдап өскен маған айналамдағының бәрі таңсық көрінді. Мен ол кездері сол аймаққа атағы жайылған, ел ішінде беделі биік дәулетті кісінің үйіне келін болып түскенімді білмеген екенмін. Ол кезеңдер атамның алпыстың о жақ, бұ жағындағы кезі болса керек. Ол кісінің «Балам, келін қалқам, қарағым» деген бірауыз сөзінен зор демеу,…

Толығырақ

Тұрғындар қауіпсіздігіне алаңдаған

Тұрғындар қауіпсіздігіне алаңдаған

«Азаматына қарап елін таны» демекші, бүгінде «Ақүйік» ауылдық округінде тұратын Ысқақ Маликов есімді қарияны танымайтын жан жоқ шығар, сірә. Қаратаудың етегінде орналасқан ауылда қыстағы қардың еруі мен мол жауын-шашынның әсеріненен Көлтоған тасып, халықты әбігерге салған болатын. Осындай сындарлы сәтте тоған судың бас қасында жүріп, немересі екеуі күн-түн демей тоғанға қоршау жасап тыным таппады. Тұрғындар қауіпсіздігіне алаңдаған ел ағасы сол маңнан баспана тұрғызып, сонда көшуге әзір. Иә, секеннің сеңгіре таяған ақсақалдың еткен еселі еңбегіне қарап, нағыз ауыл азаматының бет-бейнесін көруге болады.

Толығырақ

Ұстаның ақылдылығы арқасында екі ел қайта жарасты

Ұстаның ақылдылығы арқасында екі ел қайта жарасты

«Ағайынды екі жігіт қатты жүз шайысып ренжісіп қалады. Екеуінің үйлерінің ортасын шағын көл бөліп тұрады екен. Ағасы ұстаны шақыртып: Көлдің ана басында тұрған үйді көріп тұрсың ба? Мен соны көргім келмейді. Інімнің жүзін де, өзін де көрмейін, ортамызға бір қорған салып бер, таң атқанша дайын болсын, ақысын төлеймін, – дейді. Ұста түнімен еңбектенеді. Таңертең сыртқа шығып қараса ұста ұзыннан-ұзақ көл үстіне көпір салып қойыпты. Көпірдің арғы басында тұрған інісі, бұны көріп, айқайлап: – Мен бұрын кешірім сұрауым керек еді. Табыспай өліп кетем бе деп қорықсам да көкірегім жібермей, көзім байланып…

Толығырақ

Ұстаздар әулеті

Ұстаздар әулеті

Жаңа оқу жылы басталып, үлкенді-кішілі шәкірттер мен ұстаздар қауымының мәз-мейрам болып жатқан күндерінің бірінде зейнеткерлікке шыққанға дейінгі өмірінің қырық бес жылын жас-өскіндерді тәрбиелеумен өткізген, кезінде тәжірибесі аудан, облыс көлеміне таратылған, Республика халық ағарту ісінің озық қызметкері, белгілі ұстаз Мырзажан Қырашбайұлы Жақыповпен дидарласып қалдық. Жетпіске қарай қадам басса да жүрісі ширақ, сөзі тың екен, сәлемнен соң бүгінгі жай-күйі мен өмір жолы жайлы сыр шертіп кетті. Әкем Қырашбай бабам Жақыптың бес ұлының бірі екен, – деп бастады сөзін ол, – сауатсыздығына қарамай ағайындарын тегіс темір жол жұмысына орналастырыпты. Өзінше ізденіп хатта таныған….

Толығырақ