ASTANA MEDIA WEEK: ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ АЛАҢЫ

ASTANA MEDIA WEEK:  ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ АЛАҢЫ

«Astana Media Week» апталықта ақпарат нарығындағы соңғы өзгерістер мен цифрлық технологияларды дамыту тақырыбы, жаңа медианың орны, медиа-нарықтың бүгінгі жай-күйі және т.б. тақырыптарды еркін пікір алмасулар өрбіді. Оған 15 отандық және 7 шетелдiк телеарна және өңірлік ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, өзара тәжірибе алмасуда.   Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен Астанадағы «Қазмедиа орталығында» «Astana Media Week» аясында қазақстандық медиа апталықта отандық ақпарат құралдары өздерінің тәжірибелерімен алмасты. Диалог алаңында ұлттық телеарналардан бастап, шағын жекеменшік телеарналарға дейін арнайы ұйымдастырылатын көрмеге қатысып, продакшн компаниялар мен телеарналардың арасында тікелей сұхбат алаңы ұйымдастырылады. Отандық телеарналардың мэтрлері телеөндіріс,…

Толығырақ

Өнерпаздардың телеэкранға шығуына кім себепкер?

Өнерпаздардың телеэкранға шығуына кім себепкер?

Бүгін «Astana Media Week» апталығы аясында «MediaTalks» пікір-сайыс алаңында белгілі тележүргізушілер мен продюсерлер Серік Ақышев, Ләйлә Сұлтанқызы, Айнұр Көпбасарова және Барани Андраш өз тәжірибелерімен бөлісті, деп хабарлайды «Жаңақорған тынысының» тілшісі.   «Миллион кімге бұйырады?»бағдарламасымен танымал тележургізуші, продюсер Серік Ақышев жаңа медиа мен дәстүрлі медиа арасындағы ерекшеліктерге тоқталып, медианарықтағы бәсекелестікті саралады. Ал, Венгрияның Қазақстандағы елшісі Барани Андраш журналистика мен дипломатия саласының сабақтастығын айтып, өзінің журналистік тәжірибесімен бөлісті. Әрі әлеуметтік желілерді ұтымды пайдалануға кеңес берді. «А+1» компаниясының бас директоры Айнұр Көпбасарова  әншілердің телеэкранда бағдарлама жүргізуіне жол бергендердің бірі болғанын мойындады. Айта кететіні, Л.Гумелев атындағы…

Толығырақ

АҚПАРАТ НАРЫҒЫНДА БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ӨЛШЕМІ НЕДЕ?

АҚПАРАТ НАРЫҒЫНДА БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ӨЛШЕМІ НЕДЕ?

Елордадағы «Қазмедиа»орталығында басталған «Аstana Media Week» медиа апталығында ақпараттық-коммуникациялық платформа алаңында ақпарат нарығындағы соңғы өзгерістерді талқылап, ақпараттық бәсекелестікті арттыру, өзара байланысты дамыту, уақыт көшіне сай жұмысты үйлестіру жолдарын сөз етті. Шараның ашылуына Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысып, журналистерге сәттілік тіледі.   – Astana Media Week қазақстандық медиааптасы – бұл кең көлемдегі салалық іс-шаралар сериясы. Жыл сайын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысымен өткізілетін Орталық Азиядағы ең ірі медиа-оқиға. Astana Media Week 2017 негізгі мақсаты – отандық медиа сфераны дамыту және өңірлік деңгейде индустриядағы іскерлік қатынастарды…

Толығырақ

«Шәкірт жүрегіне жол тапқан РУХЫ мықты ұстаздар!»

«Шәкірт жүрегіне жол тапқан РУХЫ мықты  ұстаздар!»

   Рух деген – адам бойындағы күшті бір қуат. Адам бойындағы барлық  жақсы қасиеттер рухы мықты тұлғадан туындайтыны сөзсіз.  Рухтың мекені – адамның жүрегі. Болашақ ұл – қыздарымызға жүрек жылуын, оқушымызға махаббатымызды, ар – ұят, қайратты, мейірімділік пен жақсылықты, адамшылық қасиеттер осы жүректен туындайды. Біз өте бай, бақуатты елде өмір сүреміз. Менің айтпағым «Рухани бай адамдар еш уақытта кедей болмайды» Өмірден өткен Ұлы рухани бай адамдардың барлығын зерттеп көрсек, бәрі де бай болған, бірақ олар байлықтың артынан жүгірмеген екен. Керісінше, ақша, байлық олардың артынан жүгірген. Шын ұстаз – ұстаз болуды…

Толығырақ

«Біз құқық бұзушылыққа қарсымыз!»

«Біз құқық бұзушылыққа қарсымыз!»

№ 55 С. Қожанов орта мектебінде «Біз құқық бұзушылыққа қарсымыз!» тақырыбында өткен футболдан сыныпаралық жарыс өз жалғасын тапты. 5-7 сыныптар арасында болған жарыс өте тартысты өтті. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Б. Ыдырыстың төрелік еткен сайысы мынадай қорытындымен аяқталды: І орын — 6 «ә»- сынып ІІ орын — 5 «ә» — сынып ІІІ орын — 7 -сынып оқушылары болды. Сонымен бірге ойын барысында «Үздік қорғаушы» ретінде Н. Жақыпбек, «Үздік ойыншы» М. Ғалымжан көзге түсті.

Толығырақ

Өткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз (Сығанақ қалашығының қысқаша тарихы)

Өткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз (Сығанақ қалашығының қысқаша тарихы)

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы арқылы әрбір халықтың қасиетті жерлері болатынын, ол жерлерді сақтап, қастерлеу әрбір Қазақстандықтың бұлжытпас міндеті екендігін ашық айтты. Жаңақорған ауданында рухани байлық киелі жерлер баршылық. Соның бірі республикалық маңыздағы  Қазақстанның 100 киелі нысаны тізіміне енген, көне астана мәртебесі бар,  ЮНЕСКО-ға енгізуге ұсынылып, тиісті жұмыстар атқарылып жатқан орны бөлек  Сығанақ шаһары.Үкімет басшысы облысымызға сапары барысында Сығанақ қалашығында болды. Тарихшы Зардыхан Қиянатұлының пікірінше, «Сығанақ» атауы түрікшеден аударғанда «қамал, қорған» деген мағына береді. Ал, Сығанақтың атақты болуының себебі, ол өзінің 2 мың жылға жуық тарихында қаңлылардың, қыпшақ…

Толығырақ

Жаңақорған аудандық білім бөлімі бойынша

Жаңақорған аудандық білім бөлімі бойынша

Аудан бойынша 17 мыңнан астам оқушымен 42 жалпы білім беретін, 123 мектепке дейінгі ұйым, 4 мектептен тыс мекеме, 1 жалпы білім беретін кешкі мектеп, 1 жазғы тынығу лагері бар. Аудан экономикасының тұрақты дамуының нәтижесінде білім саласына қаржыландыру көлемі жылдан жылға ұлғаюда. Мысалы 2016 жылы білім саласына бөлінген қаржы 6490044,0 теңгені құраса, 2017 жылы 6702220,0 құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1 пайызға артып отыр. Қаржыландырудың ұлғаюына байланысты соңғы жылдары орта және мектепке дейінгі білімді дамыту аясында республикалық және жергілікті бюджет есебінен білім беру ұйымдарының құрылысын қайта салу, ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізу, олардың…

Толығырақ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛДЫ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛДЫ

Бүгін Жаңақорған аудандық емханасының мәжіліс залында латын әліпбиіне көшу мәселесіне арналған жиын болып өтті. Жиынға емдеу және алдын алу ұйымдарының басшылары, медицина қызметкерлері қатысты. Аудандық орталық аурухана бас дәрігері С.Ысқақов «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» тақырыбында баяндама оқыды. Онан кейін мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маман Ә.Сыздықов хабарлама жасап, латын әліпбиінің тиімділігіне тоқталып өтті. Хабарламаларда латын әліпбиінің маңыздылығы, қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан латын әліпбиіне көшу мәселесі — Қазақстан халқының жарқын болашағының қалыптасуына, оның әлем халқына таныла түсуіне зор септігін тигізер үлкен қадам екендігі айтылды. Шара барысында тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

Толығырақ

Ұлттық валюта бағамы долларына 343 теңгеге тең болды

Ұлттық валюта бағамы долларына 343 теңгеге тең болды

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 4 қазандағы таңғы саудасында 343,35 теңгеге тең болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  4 қазандағы таңғы сауданың бірінші келісімі 342,95 теңгемен өтті. Минималдық құны да осы болды. Ал максималдық құны 343,40 теңгеге жетті. Сауданың жалпы көлемі 36,600 миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 342,4-344,5 теңге аралығында саудаланып жатыр. Мұнай бағасы 4 қазанда Астана уақытымен сағат 10.53-те Brent маркалы мұнайдың барреліне 55,69 доллар болды. https://kaz.tengrinews.kz

Толығырақ

Лас-Вегастағы қанды қырғын

Лас-Вегастағы қанды қырғын

Полицейлер Лас-Вегастағы қанды қырғын ісіне қатысты жаңа деректерді анықтады, — деп хабарлайды CNN. Еске салайық, 1 қазанда Лас-Вегастағы музыка фестивалінде атыс шығып, 59 адам қаза тапқан, тағы 500-ден аса адам зардап шеккен. Фестивальде оқиға кезінде 22 мыңдай адам болыпты.  Қырғын жасағаннан кейін ер адам өзіне қол жұмсаған, ал полиейлер нөмір ішінде сегіз дана қару тапқан. KNTV телеарнасы атқыштың қаруды екі платформаған орнатқанын анықтапты. Сонымен қатар, ол полицейлердің қалай келіп жатқанын камера арқылы көріп отырған. Лас-Вегастағы қырғын АҚШ тарихында адам өлімі ең көп тіркелген оқиға болып отыр. Мұның алдында 2016 жылдың 12…

Толығырақ