«Бизнес-кеңесші» курсында 129 адам оқыған

«Бизнес-кеңесші» курсында 129 адам оқыған

Жыл басынан бері кәсіпкерлікті қолдау орталығы мен  филиал директоры және кеңесшілермен 736 адамға мемлекеттік бағдарламар бойынша 1293 әр-түрлі кеңес берілген.  Шағын және орта кәсіпкерлерге  193 «Бизнес-жоспар» жасалып, 148 сервистік көмектер көрсетілген.  Сондай-ақ «Бизнес Кеңесші» жобасы аясында 3 рет екі күндік қысқа мерзімді оқу курс  ұйымдастырылып, 129 адам сертификат иелен. Бұл туралы аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры Марлен Нұртазаев хабарлады.

Толығырақ

Кәсіпкерлік палатасы: 134 жоба қаржыландырылған

Кәсіпкерлік палатасы: 134 жоба қаржыландырылған

Аудандық кәсіпкерлер палатасының сүйемелдеуімен жыл басынан бері  134  жоба қаржыландырылған. Оның ішінде: «Өңірлік инвестициялық орталығы» талабына сай 47 жоба несиелендіріліп және «КазАгроГарант» ұйымының кепілдендірілуі арқылы 2 жоба қолдау тапқан. Бұл туралы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандық филиал директоры Марлен Нұртазаев кәсіпкерлер алдындағы есепті кездесуді мәлімдеді.

Толығырақ

АТАУЛЫ МЕРЕКЕ АЯСЫНДАҒЫ ШАРА

АТАУЛЫ МЕРЕКЕ АЯСЫНДАҒЫ ШАРА

18-22  қыркүйек  аралығында  «Қазақстан халқы  тілдерінің  күніне»  байланысты апталық іс-шара мектебімізде өз дәрежесінде өтілді.  1-11 сыныптар аралығында  сынып сағаттары өтіліп,  ата-аналар кентімізде  тұратын  өзбек, қырғыз, орыс ұлт  өкілдерінен шақырылып, оқушыларға  елімізде тұратын 140-тай  ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында  тату-тәтті өмір сүріп жатқаны туралы айтылды. Келген  қонақтар  қазақ халқының қиын-қыстау кезеңдерінде  басқа ұлт өкілдерін бауырына басып,  өздері аш-жалаңаш отырса да  қамқорына алғанын атады. Тіл бірлестіктері  «Тамыры терең туған ел» атты апталық бағдарламасын жасап, аптаның әр күні  тартымды сабақтар, сайыстар өтілді.  8 сыныпқа орыс тілден сабақ беретін мектебімізге биылдан бастап келген жас…

Толығырақ

Таза ауылдың тынысы кең

Таза ауылдың тынысы кең

Біз тұратын Машбек ауылы мәдени келбеті жөнінен аймақта алдыңғы қатардан саналып келеді. Ауыл көркі жыл сайын жаңарып, қамқор алақанның аясында ажары да айшықты. Кіре беріс қақпадағы билбордтан бастап көше бойларындағы белгілер түгелдей ауыстырылып, жаңаланып жүр. Осындай ажарлы ауылымыздың сәнін кетірмей, салтанатын арттыруда алдымен тазалық мәселесіне қатты көңіл бөлініп келеді. Ауыл әкімдігі аппаратынан бастап, мектеп , бала-бақша, дәрігерлік нысан мен ауылдық клуб қызметкерлері болып, ауыл тұрғындарымен апта сайын сенбіліктер ұйымдастырып келеміз. Мәдениет саласы өкілдері болып трасса бойының тазалығын қадағалаймыз. Техника жағынан жеке шаруашылық иелері көмек қолын созып жүр. Басты мақсатымыз ауылымызды…

Толығырақ

Жасыл бақ – жанның саясы

Жасыл бақ –  жанның саясы

Аудан басшысының арнайы өкімімен қолға алынып жұртшылық тарапынан қызу қолдау тапқан таза ауыл, көрікті көшелер мәселесі бізді де бей-жай қалдырмады. Кент тазалығына қоныс тұрғындары түгелдей жаны ашып, жақсы бастамаларға жұмылатын болса оның нәтижиесі де болады екен. Мәселен, көше тазалығы тұрғындардың салауатты көзқарасы мен қоғамдық белсенділігіне байланысты. Ал мұны өз тәжірибемізден көріп жүрміз. Біздің арамызда көше тәртібін бұзып, қоқыс тастап, ластаушылар жоқ. Өзіміз тұратын Тотаев көшесін бастан-аяқ жасыл баққа көмкеруді мақсат тұтып, ағаш көшеттерін отырғызып, әрбір тұрғын өз үйі жанындағы тал-терекке жауаптылықпен қарауға дағдыланған. Таза көше, жасыл бақ жанның саясы. Көңілің…

Толығырақ

Дарынды Данияр

Дарынды Данияр

Жаңа оқу жылы жағымды жаңалықтармен басталды. Бір айдың ішінде бүлдіршіндер өзінің түрлі қырларымен облыс орталығында аудан мінберінде абыройы асқақтатуда. Соның бірі өңірлік ХІІІ «Ұлттық дельфийлік ойындарының жеңімпазы Данияр Сарманға аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Әкімбек Әлібек тілектестігін білдірді. Басқосуда Данияр Сарман жайында ақпараттарға қанықтық. Жас өнер иесі ән айтуды жаны сүйеді екен. Облыстың үлкен сахнасында халық әні «Дайдидау», патриоттық ән»Алға, Қазақстан» секілді күрделі шығарманы орындаған. Жүлдегер атанған бозбала Димаш Құдайбергенге еліктеп, оның репертуарындағы біршама әнді айтып жүргенін жасырмады. Дарынын таныған музыкалық жетекшісі Айгүл Өтегенова ән айтудағы шеберлігін шыңдауда. Жүлдемен оралған…

Толығырақ

ӨЛЕҢМЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР

ӨЛЕҢМЕН  ӨРІЛГЕН ӨМІР

Неткен құдірет десенші! Адекеңнің елдік пен ерлікті, адамдық пен адалдықты арқау еткен жырлары бірнеше буынға бағыт-бағдар берді. Тіптен, оның өміршең өлеңдері жылдар жылжыса да мәнін жоймайды. Адырбек Сопыбеков Қызылорда облысының Құрметті қайраткері, Жаңақорғанның Құрметті азаматы атанды. Пайымы бар кісіге осының өзі біраз нәрседен хабар берсе керек-ті. Тіптен, Сопыбековты ақын ғана деуге болмас. Оны педагог, ағартушы, тарихшы, ұстаз десек те болады. Неге десеңіз, оның қаламынан шыққан шумақтар ұрпақты білімге құштарландырып, өнегелі, тәрбиелі болуға үндейді. Адырбектің тарихи поэма мен дастанын оқып, оны өлеңмен сөйлеткен қазақтың соңғы өкілдерінің бірі екенін ұғасыз. Жаһандану дәуіріндегі…

Толығырақ

ТАҒЫЛЫМҒА ТОЛЫ ЖҮЗДЕСУ

ТАҒЫЛЫМҒА  ТОЛЫ ЖҮЗДЕСУ

«Қарты бардың-қазынасы бар». Бұл бағзыдан қалған баба сөзі. Қарияға құрмет көрсету қанға сіңген қасиет.  Бүгінде ортамызда жүрген қазыналы қауымның бір кездері елі һәм келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері – бізге ғибрат. Ел дамуының өсіп-өркендеуіне үлес қосқан қариялардың қазірде жұмысы қауырт. Қоғамдық істерге ұйытқы болып, өңірдің ынтымағы мен бірлігінің бекем болуына барын салуда. Көргені мен түйгенін, өмірі мен өнегесін өскелең ұрпаққа үлгі етуде. Осы орайда, аудандағы қариялардың басын біріктірген айрықша басқосу кенттегі «Ақ Палас» мейрамханасында өрбіді. Қарттардың мерейлі мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға ауыл-аймақтан 100-ге жуық еңбек ардагерлері мен жалғыз…

Толығырақ

Жаңашыл ұстаз – жарқын леп

Жаңашыл ұстаз – жарқын леп

Мамандығына адалдық танытып, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім беруге арнаған ұстаздардың қашанда еңбегі өлшеусіз. Ұрпақ тәрбиесі деген ұлы көштің басында тұрған ұзтаздың қадірлі де қажырлы тірлігі әрқашан құрметке лайық. Ауданның ағарту саласында талмай еңбек етіп, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздар қатарындағы Меруерт Мелденова «100 жаңа есім» жобасына ұсынылып отыр.  Меруерт Жұмаділләқызы Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтын «биология-география» пәні бойынша бітіргеннен бері 22 жылға жуық ұстаздық етіп келеді. Қазір №163 орта мектепте география пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі, География пәні бірлестігінің жетекшісі, облыстық оқу орталығы әдістемелік кабинеттің мүшесі, география…

Толығырақ

ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫ ЖОЛЫНДАҒЫ ұлы міндет

ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫ ЖОЛЫНДАҒЫ ұлы міндет

Алаштың анасы атанған Сыр бойындағы шежіреге толы көне өңірдің бірі –жазиралы Жаңақорған жері. Аудан аумағында діни-рухани, тарихи-мәдени және әулие-әмбиелердің кесенелері молынан кездеседі.  Осы тұста, Қазақ даласына Ислам дінінің насихатталуына айрықша үлес қосып, ел мен дін бірлігінің сақталуына ғұмырын арнаған әулие – Айқожа ишанның тарихи тұлғасы мен Ақтас мешітінің орны айрықша. Бесарық бекетінде орналасқан бұл қасиетті қос мекеннің жас ұрпаққа берер тәлімі мол. Ендігі кезекте бабалар мұрасының бізге жеткен қолда бар құнды жауһарларын тарқатсақ. Әуелі Айқожа ишанның өнегелі өмірін өрбітсек. Айқожан Темірұлының тұлғасына қатысты оның кеңістігі мен уақыты туралы мағлұматтар қазақ…

Толығырақ