ЕЖЕЛГІ СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫНЫҢ 10 ҚҰПИЯСЫ

ЕЖЕЛГІ СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫНЫҢ 10 ҚҰПИЯСЫ

Жуырда өңірдегі киелі жерлер туралы ақпарат іздегенімде мына бір он деректі көзім шалды. Рас, тарихта құпиясымен көпшіліктің қызығушылығын тудырған қасиетті қала сығанақ жайында біле отырыңыз.  Сығанақ қаласы орта ғасырдағы Орта Азиядағы ықпалды  мемлекеттердің астанасы болған. Атап айтқанда, Қыпшақ хандығы, Ақ Орда, Қазақ хандығы тәрізді мемлекеттерге мұрагерлік жолмен астана болып келді. желгі түрікше атауы «қамал, қорған» деген мағынаны береді. Сығанақ қаласы XI ғасырда Қыпшақ мемлекетінің саяси әрі мәдени орталығына айналған. Сығанақ қаласы ХІ ғасырдың екінші жартысында қыпшақтардың Сыр бойына келуіне байланысты олардың орталық қаласына айналды. Егер осы кезбен есептесек, қаланың қазақ…

Толығырақ

Ардагердің ғұмырын құрмет ұзартады

Ардагердің ғұмырын құрмет ұзартады

Бүгін Ақпалас мейрамханасында аудан әкімі Ғалым Әміреев аудан ардагерлерімен бірге басқосып, кең дастархан басында жүздесті. Жиынға»Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, және хал актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Әбдіхалит Ахметов ақ тілектерін жеткізді.Шарада «Өркениетті Қазақстан» ҚҚ-ның ұйымдастыруымен ҰОС-ның,Тыл және жалғыз басты аз қамтылаған ардагерлеріне сый-сияпат жасап, құрмет білдірді. Айта өтуіміз керек, мерейлі басқосуға ауыл-аймақтан 100-ге жуық еңбегі ескерілмей келген еңбек ардагерлері мен жалғыз басты қарттар келіп, ерекше кештің куәсі болды.

Толығырақ

СОТТА АЛҚАЛЫ БАСҚОСУ ӨТТІ

СОТТА АЛҚАЛЫ БАСҚОСУ ӨТТІ

2017 жылдың 29 қыркүйек күні аудандық Сот ғимаратында кәсіби емес медиаторлармен кездесу өтті. Кездесуге Қызылорда облыстық соттың төрағасы Нұрышев Қамбар Жұмабайұлы мен Жаңақорған аудандық соттың төрағасы Қосанов Нұрлыбек Оразбайұлы қатысып, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру мақсатында пікір алмасты.

Толығырақ

«ЗАҢҒАР-2» САУДА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ (фото)

«ЗАҢҒАР-2» САУДА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ (фото)

Қазақта «қолы қимылдағанның, аузы қимылдайды» деген бар. Яғни, өз қолыңмен тірлік істесең, тамағың тоқ болатынын меңзесе керек. Ол рас. Кент орталығында да кәсіптің көзін тауып, тындырымды тірлік етіп отырған отбасылар жетерлік. Соның бірі — ағайынды Ерлан, Нұржан Палмановтар. Өздеріңізге белгілі, Елбасы Жолдауынан туындаған басым бағыттың бірі – шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Осы тұста, кәсібін кеңейткен Палмановтар отбасы кенттегі «Қорғантоғай» мөлтекауданынан көтерме бағадағы «Заңғар-2» сауда орталығын ашты. Азық-түлік өнімінен бастап, тұрмыстық заттардың бәріне табуға болады мұнда. Бұл сауда орталығы ауданға Сыр беткейден келетін ауыл тұрғындары үшін де қуанышты жаңалық. Себебі,…

Толығырақ

АР-ҰЖДАН – АДАМДЫҚ ӨЛШЕМІ

АР-ҰЖДАН –  АДАМДЫҚ ӨЛШЕМІ

Елдің бірлігін арттырып, ынтымағын жарастырып жүрген жандар арамызда баршылық. Сондай азаматтың бірі – Серік Мұсабай. Ол «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының саяси кеңес мүшесі ретінде игілікті істердің ұйытқысы болып жүр. Ел ағасын қос бірдей мереке– Халықаралық қарттар және мұғалімдер күні қарсаңында «Сенбілік сұхбаттың» алаңына шақырған едік. – Адамның ұстанымы жастық шағынан қалыптасады десек, сол кездердегі өмірге деген көзқарасыңыз қандай еді? – Ең бірінші, сапалы білім алуға тырыстым. Сондай-ақ, спортты серік еттім. Әсіресе, бокс және жеңіл атлетикамен шұғылдандым. Кеңес әскері қатарында азаматтық борышты өтеген кезімде «писарь» болдым. Әрине, бұған білімділік пен…

Толығырақ

ҚАРАТАУДЫҢ ҚАСИЕТІ

ҚАРАТАУДЫҢ ҚАСИЕТІ

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында руханиятқа мән берудің маңызы жан-жақты айтылды. Жастарды туған жердің тарихын бағдарлап, кіндік қаны тамған жердің әрбір тасының қасиетін білуге үндеді. Атақоныстың қадір-қасиетін таныған жас өспірімдердің елдік, отаншылдық сезімі оянатыны айтылды. Мемлекеттіліктің негізі қаланған Сыр даласының әрбір сай-саласы мен өзен-көлінде, тас-төбесінде тарих тұңған. Бұл далада Қазақ хандығының алғашқы астанасы орналасқан. Ұлы Жібек жолы бойындағы сандаған өркениет орталықтары кешегі күннен хабар береді. Талай тарихи кезеңнің куәсі болған қарт Қаратаумен мақтанамыз. Сырдың бойында қаншама әулие-әнбиелер мәңгілік қонысын тапты. Міне, Қаратау мен сырлы Сырды осылай әспеттей…

Толығырақ

САЯСИ БЮРОДА ҮШ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

САЯСИ  БЮРОДА ҮШ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси Кеңесінің бюро отырысында жұмыссыздықты азайту бағытындағы бастамалар, жергілікті полиция қызметінің атқарған жұмыстары сараланды және кадрлық резервті жасақтаудың маңызы сөз болды. Жиынға бас партияның аудандық филиалының төрағасы Ғалым Әміреев, төрағаның бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев және Саяси бюро мүшесі Әзия Қыстаубаева, Зағипа Әбжалелова және Нұрхан Айдаров қатысты. Күн тәртібінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Жақыпбек Данияров жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытындағы жұмыстарды талдады. Халықты жұмыспен қамту орталығына 1843 адам жұмыссыз ретінде тіркелсе, соның 1042-і әлеуметтік қорғау…

Толығырақ

БІР КЕМ ДҮНИЕ

БІР КЕМ ДҮНИЕ

Қадірлі Айдеке, сіздің аудан үнжариясының №69 (8090) нөмірінде қоғам дамуындағы бірқатар мәселелерді қозғаған хатыңызды қуана қабыл алдым. Аудандық ақпарат құралының қадірлі қариясы ретінде сөз мәйегін тереңінен тербеп, кешегіні саралап, бүгінгіні бағалап ой қозғапсыз. Маңызы ерек хатыңызды қайта-қайта оқып, әрбір сөзін талдап Шерағаңша (Шерхан Мұртаза) «Бір кем дүниеге» салдым. «…кешегі-бүгінгі тіршілігіміз, әсіресе жетістік-кемшіліктеріміз жайлы пікір алмасу. Шындығына келгенде, мұның өзі ағалар салған жолды қайта жаңғырту ғой» деп бастаған екенсіз. Біздің сол жолды жаңғыртуда оқырман көкірегіне орынды ой салып, тұщымды пікір білдіру міндетіміз. «Жаңақорған тынысы» газеті тарихын қозғап, онда еңбек еткен қаламы…

Толығырақ